Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эмтихан№11-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.42 Кб
Скачать

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Эмтихан сұрақтарына жауаптар

Орындаған: Сырым А.

Тексерген: Нұрқашева Н. Н.

Алматы 2014ж.

11. Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық түсінігі, жіктемесі және оларды талдауға жан-жақты сипаттама беріңіздер

Құндық өлшемі бар және шаруашылық процесіне бірнеше рет қатысатын мүліктерді, активтер деп атайды.

Шауашылықтың тиімділігі едәуір дәрежеде осы активтердің ұтымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Кәсіпорын қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Айналым капиталы өндіріс сферасында (өнімді шығару шығыстары) және айналым сферасында  болуы мүмкін. Айналым капиталы ақшалай да, заттай да қызмет ете алады. Сондықтан талдау процесінде бірінші кезекте, оның құрамы мен құрылымының өзгерістерін зерттеу қажет. Қаржылық есептің маңызды элементі болып табылатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Қысқа мерзімді активтер жалпы қаржылар сомасында анағұрлым үлкен үлес салмақ алады. Оларды тиімді пайдалану және өндіріс айналыс сферасында дұрыс енгізу кәсіпорынның крістілігіне өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның қабілеті мен қаржылық жағдайы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, лоар қандай кіріс әкелетіндігінен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.

Кесте – 7 «АЛАС LTD» ЖШС-гі компаниясының ұзақ мерзімді активтер құрамы мен құрылымын талдау

Көрсеткіштер

Есепті кезең басы

Есепті кезең аяғы

Өзгерісі (+: — )

Сомасы

Үлес, салмағы

%

Сомасы

Үлес, салмағы

%

Сомасы

Өсу қарқыны, %

1. Ұзақ мерзімді  активтер

355584,00

7,7

249355,00

5,7

-106229

-29,9

1.1 Материалдық емес активтер

-

-

-

-

-

-

1.2 Негізгі құралдар

355584,00

7,7

249355,00

5,7

-106229

-29,9

1.3 Аяқталмаған құрылыс

-

-

-

-

-

-

1.4 Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

-

-

-

-

-

-

1.5 Артқа қалдырылған салықтық активтер

-

-

-

-

-

-

Барлығы активтер

4571492

100

4370758

100

-200734

-4,4

Ескерту: «WASABI» ЖШС-нің қаржылық есептілік мәліметтері

          Кестеден көрініп отырғандай, ұзақ мерзімді активтер құрамы мен құрылымына талдау жасау «WASABI» -ында олардың сомасы 106229 теңге сомасына немесе 29,9%-ке төмендеген. Бұл активтер түрінің құрамынада тек негізгі құралдар орын алады. Ұзақ мерзімді активтер сомасының 106229 теңгеге төмендеуі сол негізгі құралдардың осы сомаға азайғандығынан болған. Олардың құнының азаюы, яғни есептен шығуы тозуы немесе сатылуы себебінен болуы мүмкін.

         Актив баптарын шартты түрде келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:

Өтімділігі бойынша: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер.

Пайдаланылуы  бойынша: ішкі  айналыстағы  және  сыртқы  айналыстағы

(дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша).

Инфляциялық  процестерге  шалдығуына  байланысты:  монетарлық және

монетарлық емес активтер ажыратылады. Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы актвитер – ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысуларындағы қаражаттар, т.б. ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырайтын, сол себепті қайта бағалауды қажет ететін активтер – негізгі құралдар, запастар, аяқталмаған өндіріс, т.б.

Өндіріс үрдісі бойынша: айналыс  капиталы (запастар,  аяқталмаған өнді-

ріс, болашақ кезең шығыстары).

5. Айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар, т.Б.)

Баланс мәліметтері бойынша ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.     Ал жалпы активтер сомасындағы олардың үлес салмағы есепті жыл басында  7,7%-ды құраса, жыл аяғында 5,7%-ды құрап, салыстырмалы түрде қарасақ 2%-ке төмендеген. Ұзақ мерзімді активтердің ішінде тек негізгі құралдар орын алғандықтан. Олардың пайдалану тиімділігі мен техникалық жағдайына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді атап өткеніміз дұрыс болар.

Негізгі құралдарды талдау «WASABI» — ында олардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер зерттеледі.Оларға жататындар:

Тозу коэффициенті (Ктозу).

Негізгі құралдардың тозу сомасы

Ктозу=   ;      (2)

Негізгі құралдардың бастапқы құны

Жарамдылық коэффициенті (Кжарамдылық).

Негізгі құралдардың қалдық құны

                    Кжарамдылық= ;    (3)

Негізгі құралдардың бастапқы құны

Амортизацияның жинақталу коэффициенті (Камор.жинақ).

Негізгі құралдардың  +  Материалдық емес активтердің

тозу сомасы          тозу сомасы

Камор.жинақ=   ;  (4)

Негізгі құралдардың  +  Материалдық емес активтердің

бастапқы құны                      бастапқы құны

Мүлікті нақты құн коэффициенті (Кнақты құн). Кәсіпкерлік қызметтің ауқымын сипаттайды. Егер бұл коэффициент теоретикалық мәнінен төмен болатын болса, онда компанияға ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тарту қажет.

Негізгі құралдардың қалдық құны

Кнақты құн=  ≥ 0,5 (4)

Мүлік құны (баланс валютасы)

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдағаннан кейін негізгі құралдардың қолдану көрсеткіштері оқылады. Кез келген акционерлік қоғамдағы негізгі құралдардың тиімділігі келесі көрсеткіштерімен сипатталады:

-            Қор қайтарымдылығы коэффициенті;

-            Қор сыйымдылық коэффициенті;

-            Интегралды көрсеткіш коэффициент.

12. Ағымдағы активтердің экономикалық түсінігіне, жіктемесіне және талдаудың міндеттеріне сипаттама беріңіздер.

Ағымдағы активтер (айналым құралдары) — құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік (босалқы қорлар, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат). Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы объектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз, ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, "адами капитал" дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық активтер мен бейматериалдық активтерге бөлінеді.

 Ағымдағы активтер өндірістік немесе өндірістік емес салаларда болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған өндірістің қосымша шикізаттары және дайын өнімдер қоры, есептегі активтер қосылады. Бұған жататындар: ағымдағы активтерді сатып алу үшін жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп жіберілген тауарлар үшін алынған есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған вексельдер және басқа да дебиторлық берешек. Коммерциялық салада ағымдағы активтер құрамына кіретіндер: коммерциялық сауда фирмалары мен көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларында өткізілу үшін жатқан қосалқы тауар –материалдар қорлары (тауарлар, дайын өнімдер  және т.б.); қолма– қол ақша; инвестиция бойынша дебиторлық берешек және т.б. Ағымдағы активтердің басты құрамдас бөлігі қосалқы тауар– материалдар қоры сату-сатып алу заттары болып табылады. Тауар қорына әдетте сауда фирмаларындағы қаржы ресурстарының неғұрлым үлкен бөлігі салынады. Тауарларға жұмсалған қаржы ресурстарының жалпы жиынтығы тауар қорының өзіндік құны аталынады. Ол қолдағы тауарлардың сатып алу құнының сомасына тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген пошлина (алым), делдалдық сыйақы, транспорт– даярлау шығындары және басқа да шығындар (кезең шығындарынан басқа).

13. Ұйымның балансының экономикалық мазмұны мен маңызы және балансты жедел талдауға жан-жақты тұжырымдама жаасаңыздар.

Ұйымның жұмысын оперативті басқарып отыру үшін осы ұйымның ресурстары, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы және олардың пайда болып, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер керек. Ол мәліметтерді белгілі бір тәртіппен жинақтап, қорытындылап және топтастырып уақытында ұсынып отыру  бухгалтерлік есептің негізгі де, басты міндеттерінің бірі. Осындай ақпараттық мәліметтерді бухгалтерлік баланс қана бере алады.

Баланс деген сөз француз тілінен аударғанда «тепе-тең» деген түсінік береді. Сонда бухгалтерлік баланс тең екі бөлімнен тұратын кесте. Оның сол жағындағысы «Актив» деп аталса оң жағындағы «Пассив» деп аталады. Актив бөлігінде ұйымның шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы көрсетіледі. Ұйым осыларды пайдаланып алдағы уақытта табыс таба алады, сондықтан ұйым оларды келешектегі табыстары ретінде қарайды. Пассив бөлігінде меншікті капитал және міндеттемелер, яғни қаражаттың пайда болу көздері мен мақсаты көрсетіледі. Ұйымның пайда болу көздері меншікті капитал және тартылған (привлеченный) капитал болып бөлінеді. Меншікті капиталды білеміз (жарғылық капитал, резервтік капитал, қосымша капиатал, табыс (шығын). Ал тартылған капитал дегеніміз ұйымның міндеттемелері, яғни ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға (кредиторларға) берешектері. Кредиторлар әрдайым өз алашағын қайтарып алуға тырысса, инвесторлар меншікті капиталдың иесі болып, яғни сол ұйымның қожайыны болып табылады. Сөйтіп ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екенін түсіндік. Сондықтан бухгалтерлік баланста міндетті түрде мына теңдіктің сақталуы тиіс:

Актив = меншікті капитал + міндеттеме

Бұл теңдік баланстық теңдеу деп аталады. Баланс 5 бөліктен тұрады.

Қысқа мерзімді активтер (1 жылдан кем)

Ұзақ мерзімді активтер

Қысқа мерзімді міндеттемелер (бір жылдан кем)

Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан артық)

Меншікті капитал

Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Ұйымның жаңадан құрылған уақытында жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құрған кезіндегі ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сонда кіріспе баланста ұйымның активтері мен меншікті капиталы тең болуы тиіс.

Ұйым өз қызметін тоқтатып, таратылар кезде жойылу балансы жасалады. Бухгалтерлік есеп және аудит мамандары жойылу балансын екі түрге бөледі, бірінші – ұйымның жабылуына байланысты, екінші – ұйымның жабылғанын қорытындылау.

Бухгалтерлік баланс белгілі бір уақытқа жасалып, қаражаттың жағдайын және олардың шығу көздерін көрсетеді. Ұйымдағы шаруашылық жасау барысында қаражаттың тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамында, орналасуында және пайда болу, қалыптасу көздерінде тынымсыз өзгерістер болып жатады. Олар баланста тиісті баптардың өсуі немесе кемуі түрінде көрсетіледі, кейде баланста жаңа баптар пайда болса, кейде жоқ боп кетеді, яғни жабылады.

Баланстағы өзгеру құрылымы бойынша шаруашылық операциялар 4 типке бөлінеді.

І-тип ұйымның қаражатында өзгерістер болады, бірақ ол баланстың активтегі баптарына ғана әсер етеді. Бұл кезде активтегі бір бап қандай сомаға көбейсе, екінші бап тура сол сомаға азайады.

ІІ-типке жататын операцияларда ұйымның бухгалтерлік балансының пассивтегі баптарыны ғана әсер етеді, активте өзгеріс болмайды.

ІІІ-тип операциялар барысында баланстың активі де, пассиві де бірдей сомаға артады, яғни баланстың активіндегі бап қандай сомаға көбейсе, пассивтегі бап та сол сомаға көбейеді.

ІV-тип кезінде де бухгалтерлік баланстың активіндегі де, пассивіндегі де баптар бірдей сомаға өзгереді, бірақ бұл жолғы операциялар әсерінен олар кемиді және баланстың жиынтық сомасы бірдей сомаға кемиді.

14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасына экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер.

  Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

      А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма — қол ақшаға тез айналады.

       А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез елген дебтор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борыштан да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.

А3 Баяу өткізілетін активтер – Баланс активтерінің екінші бөлімнің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” (жарғылық қорға кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайталған) бабы.

Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті. Немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алаида амирикан кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

       А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияар” бабы бойынша соманың бір ғана бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активтерінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның “өтімділігін” (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы –материалды қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылады. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың  алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктіңмақсатты қарыздарын  өз мақсаты бойынша пайдаланбаған дығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бірінші бөлімнің “Меншікті капитал”баптары. Активы пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1 > П1

А2  > П2                                               (1)

А3 > П3

А4 < П4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы нұсқаға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділігінің азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде актмвтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орын баса алады.

Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баланс мәліметі негізінде кәсіпорынның өтімділігін талдаймыз кесте (3.3)

Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, екінші бөлігі де осындай.

Актив пен пассив баптарының бірінші тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру  жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің  (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

                                                                                                              Кесте 3.3.

“Индустриальное снабжеие” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері негізінде баланс активтерінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

Актив

 

Сомасы тг

 

 

 

Пассив

 

Сомасы  тг

төлеу артықшылығы (+),жетіспеушілігі(-)

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

1 Ең өтімді активтер

 

 

 

15021,98

 

 

 

10654293

1 Тез арада теленуге тиісті міндет-лер

 

 

 

4769248,9

 

 

 

73051013

 

 

 

-4618927

 

 

 

-62396720

2 Тез өткізілетін активтер

 

 

7569543,4

 

 

63584739

2 Қысқа мерзімді міндет-лер

 

—-

 

—-

 

 

7569543,4

 

 

63584739

3 Баяу өткізілетін активтер

 

 

 

6965439,3

 

 

 

21277952

3 Ұзақ мерзімді міндет-лер

 

 

 

 

 

9930000

 

 

 

23408436

 

 

 

-2964506,7

 

 

 

-2126484

4 Қиын өткізілетін активтер

 

 

55344,2

 

 

1363986

4 Тұрақты міндет-лер

 

 

41399,98

 

 

433842,88

 

 

1394,22

 

 

930143,6

Жиынтығы

14740648

96880972

Жиынтығы

14740648

96880972

    —-

    —-

Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі бар деуге болады. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердін сомасы жыл басында 7719865,3 теңге (153021,98+7569543,41) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер –4769248,9 теңге, бұл – 2950616,4 теңге (4769248,9-7719865,3) немесе (4618927+7569543,4) төлем қаражатынан аз.Жыл соңындағы төлем қаражаты 1188019,15 теңгені (10654293,49+63584739,56)-(73051013,9+0) құрады.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер жыл басында оның мөлшері –296456,7 теңге болған болса, жыл аяғында –2130484 теңгені құрады, немесе есепті жылы 0,7 есеге өсті.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдыңдағы міндеттемелерін жаба алу мүкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс:  А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 13944,22 теңге және 930143,6 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағжайының нашарлағанын көрсетеді. Себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.

Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді:

Кжө = а1А1+а2А2+а3А3 / а1П1+а2П2+а3П3  (2)

Мұндағы :   Кжө — жалпы өтімділік коэффиценті.

а1,а2,а3 – салмақтық коэффиценттер.

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының   жиындары.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффиценттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффиценттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

а1 > а2 + а3;

а2  > а3;    (3)

а3 < 0.

Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.

Салмақтық коэффиценттердің жиыны сәйкес келеді:

а1 = 1;  а2 = 0,5;  а3 = 0,3.                                                                 (4)

Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі;

Кжө = А1+0,5А2+0,3А4 / П1+0,5П2+0,3П3   (6)

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көлемі жыл басында 0,7, ал жыл соңында 0,6 құрады, яғни 0,1 пунктке төмендеген, бұл көрсеткіш теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейді, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффиценті, жабудың аралық коэффиценті және жабудың жалпы коэффиценті.

16/17. Ұйымның ағымдағы және болашақтағы төлем қабілеттілігінің түсінігі және талдаудың мақсаты мен міндеттеріне толық түсініктемелер беріңіздер.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: “кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған”, - деп жазады. “Фирманың қызметін қаржылық талдау” кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды. “Төлем қабілеттілігін, – деп жазады олар, – компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды”. Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді.Осылай, “Шаруашылық қызметті талдау” оқулығының авторлары “Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н.Крейнина толығырақ баяндайды. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады, ол – бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы”. Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы. Профессор В.В Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның “қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін” түсінеді. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады ол, – кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы” (21). Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т.Балабановтың анықтамасы. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады ол, – бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдерінің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек” (7). Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет (2) басқаша ашып көрсетеді. Ол “кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер еңгізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп жазады. Төлем қабілеттігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше “төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі”. Бұл жағдайда міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтеуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары “несиелер” 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.  Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналу керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады. Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады. Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдарды құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті. Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерін көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек. Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады. Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек. Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқы мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болуы, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.  Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізіндегі ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3 – 5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептеу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы оперативтік анықтау үшін кәсіпорынның төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзімді міндеттемелері) туралы келесі ақпаратты қарастырайық (5-кестені қараңыз).  Осы ақпараттың негізінде төлем құралдары мен жедел міндеттемелерді анықтайық. Келтірілген ақпарат осы мерзімде кәсіпорын өз қарыздарының 86,3-ын ғана төлей алатынын көрсетеді  3655:4233 , қарыздарының 13,7  -ы төленбей қалады, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына әкелетін мерзімі өткендер қатарына жатқызылады.  Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа сапалық сипаттамаларын білу керек. Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.  Ақша қаражатын қарызға алу қабілетттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдайымен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.  Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие - потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығыннның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.  Ағымдағы қысқа мерзімді төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес. Кәсіпорынның перспективті ұзақ мерзімді – бір жылдан аса төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бәрі өнімді жұмыс, қызмет өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.  Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.Ақша қаражатының жетіспеушілік коэффициентіі   кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивидеттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.  Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.  Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: Каж=Өнімді өткізуден түскен табыс/Күрделі шығындар+Дивидент төлеу+Айналым қаржысының өсуі; 1-ге тең ақша қаражатынның жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент бірден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.   кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететін ескеру керек. Ақша қаражатын капталға айналдыру коэффициенті   кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі: Кск=Өткізуден түскен табыс-төленген дивиденттер/алғашқы құны бойынша негізгі құралдар+инвестициалар+басқа активтер+меншікті айналым капиталы; Ақша қаражатының капиталға айналдыру деңгейі 8-10 шегінде жеткілікті болып саналады.  Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатын айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.  Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

  1. абсолютті өтімділік коэффициенті;

  2. аралық өтеу жабу коэффициенті;

  3. жалпы өтеу жабу коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті жеделдік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынас ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінің көрсетеді. Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады: Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екндігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл коэффициенттің мәні 0,2 – 0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды. Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтем коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінің сипаттайды.  Айналым қаражатының өтімді бөлігінің яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр. Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі: В.Ф. Палий “бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7 – 0,8 аралығында жатыр” деп есептейді 20. Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымның орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.  Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс (25). Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді. Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:

  1. біріншіден, ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтертердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

  2. екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал (30) немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мән болып табылады: Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды. Осы көрсеткіштің нормативі маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі (6). Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс (4). Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды. Бұл нормативтік мән әлемдік есептік талдау тәжірибесінде салалар және салааралық бойынша бөлшектеліп қолданылады. Осылай, АҚШ-тың Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, салалар мен кәсіпорындар тобы бойынша жалпы өтеу коэффициенті 2004 жылы мынадай мәндерге ие болды. Өндірістік сала корпорациясы – 1,47, тамақ өнімдерінің өндірісі – 1,25, баспа қызметі – 1,67, химия өнеркәсібі – 1,30, мұнай және көмір өндіру өнеркәсібі – 1,0, машина жасау – 1,85, электр құралдары және электрондық техника өндірісі – 1,47, бөлшек сауда – 1,50 (21). Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.  Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол – әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

  • кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);

  • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);

  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);

  • кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;

  • жалпы экономикалық коньюктура.

Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де   мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады. Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты. Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығының жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициеті   қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне   көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті   бойынша бағалайды. Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек. Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяталмаған өндірістің айналымын есептеу керек. Кәсіпорында аралық өтімділік көэффициентінің төлеммен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы кәсіпорынның төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау үшін осындай төмендеу себептерін ақындау керек. Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек.

18/19. Ұйымның активтерінің құралу көздерінің түсінік беріп, оларды талдау әдістемлеріне сипаттама жасаңыздар.

Активдеп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады.

Ұйымдар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:

-   қысқа мерзімді активтер   (бір   жыл   уақыт   аралығында пайдаланатын).

-   ұзақ мерзімді активтер  (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);

Қысқа мерзімді активтер – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Қысқа мерзімді активтерінің мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Қысқа мерзімді активтерінің өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезенде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құның тікелей дайын өнімге апарады.Қысқа мерзімді активтерінің құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды.

Кәсіпорындарындағы қысқа мерзімді активтерінің  құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. [1]

Кәсіпорындарда қысқа мерзімді активтерінің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында қысқа мерзімді активтерінің  шамасы , олардың құрамы мен  құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Қысқа мерзімді активтер құрамына бухгалтерлік есепте:

  1. Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері;

  2. Қаржылық инвестициялар

  3. Дебиторлық берешек;

  4. Қорлар;

  5. Өзге де қысқа мерзімді активтер жатады.

Қысқа мерзімді активтер үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысаның өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды.

Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым капиталы айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі –дайын өнімге (тауар нысананы) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды, қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай -әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу бАЛАС LTDында «төлем құралы» ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:

-         Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;

-         Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен – күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.

Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, «ақша» ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн [2].

Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.

Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөніндегі өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.

Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және тағы басқа) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті.

Дебиторлық берешектер иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Дебиторлық берешек дегеніміз – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Негізінен дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерді қамтиды:

-         сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі

-         еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі

-         қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың дебиторлық берешегі

-         филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі

-         қызметкерлердің дебиторлық берешегі

-         жалдау бойынша дебиторлық берешек

-         алуға арналған сыйақылар

-         өзге дебиторлық берешек

тауарлы – материалдық қорлар – бұл:

  1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;

  2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;

  3. Ұйымдардың қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:

  1. Шикізаттар мен материалдар — өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)

  2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар — өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

  3. Отын — өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.

  4. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.

  5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.

  6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.

  7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.

  8. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар [3].

Ендігі кезекте ұзақ мерзімді активтер түрлеріне, олардың мазмұны мен сипатына тоқтала кеткен жөн.

Ұзақ мерзімді активтердін  қатарына «негізгі құралдар» мен «материалдық емес активтер», «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» және «ұзақ мерзімді инвестицияларды» жатқызуға болады. Осы ұзақ мерзімді активтерге қысқаша тоқталып келетін болсақ: өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың програмалық құралдар, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады. Негізгі құралдар ұйымының материалды- техникалық жарақтану базасын құрудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. . [4]

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.

Мүліктік көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.

Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және аткаратын кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді:

- жер;үйлер;ғимаратгар; өткізгіш тетіктер;

- машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматгы машиналар және кұрал-жабдық);

- күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар;                                                                                                                    өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар;    есептеу техникасы;

- басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;

- шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер: жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады; үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

-ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

- өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, кұбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық ыдыстар;

-машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдық риялык жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті коса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

- күш беретін машиналар және жабдықтар — жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары;түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).

- жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);

-өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);

-есептеу техникасы — процестерді жыддамдату және автоматгандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, баскарушы және басқа есептеу машиналары);

- басқадай машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);

- көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің козғалмалы кұрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

- құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің кұрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

- өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті корғауға көмектесетін жабдықтар; сұйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

- шаруашылық мүлік — кеңсежәне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер).  Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;

- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал — мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен кошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

- көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);

- басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар [3].

Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші ұйым мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.

Материалды емес активтер деп- табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып -өткізу операцияларына, әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға басқа ұйымға жалға беруге арналған, айқындауға болатын, ұйым бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ  пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады.

Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдер, бағдарламалық жабдықтар, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықты жатқызуға болады.

Материалды емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

- Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

- Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

- Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы

әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы

құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы

уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылы

субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау»

деген ұғымды келтіруге болады [4].

«Ноу-Хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы  субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

«Лицензиялық келісімдер».  Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

«Программамен жабдықтау»  деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.

«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» — деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік (алымдар) баж төлеуі керек.

«Ұйымдастыру шығындарына» — кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатқызылады.

«Гудвилл» деп аталатын түрі кейде «Фирма бағасы» — деп те атайды. «Гудвилл»  немесе «фирма бағасы» МЕА шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады [5].

Баланста «Ұзақ мерзімді активтерге» жатқызылған дебиторлық борыштар мынадай баптар бойынша көрсетіледі:

-       алынуға арналған есептеулер;

-       алынған вексельдер;

-       негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;

-       акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;

-       өзге де дебиторлық борыштар.

Инвестициялар- бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен ұйым ие болған обьектілер.

Ұзақ мерзімді активтердің манызды бөлімінің бірі-инвестициялар деп мемлекетіміздің ішіндегі және шетелдегі экономиканың салаларына күрделі қаржы түрінде табыс алу мақсатында салынып, жұмысалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Бухгалтерлік есептің №2 стандартына сәйкес бухгалтерлік есеп «WASABI»-ында қысқа мерзімді активтердің қатарына жататын инвестициалар бірнеше баптарға топталады:

- еншілес ұйымдарға инвестициялар;

- тәуелді ұйымдарға инвестициялар;

- басқа да инвестициялар;

20. Меншікті капиталдың түсінігі, құрамы және оны орналастыруын талдау тәсілдеріне сипаттама беріңіздер.

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.  Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.  Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.  Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері қарастырылды.