Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс Финансы- ШОБ несиелендірудегі коммерциялық...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
932.92 Кб
Скачать

3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары.

Кеңес одағының шекпенінен шыққан елдердің ішінде басқаларына қарағанда, экономикасы көп ілгері Қазақстан – аймақ мемлекеттердің нарығына инвестиция салатын деңгейге жетті. Оның бәрі – мемлекетіміздің аяғына тік тұрып, дамуының бір көрінісі.

Сындарлы саясатпен жүргізілген реформалар еліміздің барлық өңірлерінде өз нәтижесін беріп жүр. Атап айтсақ, аймақтарда шағын және орта кәсіпкерлік, жаңа өндіріс ошақтары мен шағын кәсіпорындар өркендеп қана қоймай, біртіндеп қана жая бастады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түсінуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген сияқты батыл үндеулер Елбасының Халыққа Жолдауында айтылған болатын.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекет үлкен көңіл бөле бастады. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңының қабылдануы, шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы бағдарламалар, аймақтарда шағын кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдардың ашылуы, коммерциялық ұйымдардың, осының барлығы елде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосты.

Ендігі өзіміздің аймақ, яғни Шығыс Қазақстан облысы шағын және орта бизнесінің дамуына келетін болсақ, 2013 жылдың 1 маусым облыстағы шағын және орта бизнестің белсендi субъектілерінің саны 72148 бірлікке немесе 2012 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112,3% (орташа республикалық көрсеткіште 114,0%) құрады.Шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылатын өнімдер (тауарлар, қызметтер) 2012 жылға 177,2 млрд. теңге немесе 107,1% құрады. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 266707 адам немесе 2012 жылмен салыстырғанда 102,5% (орташа республикалық көрсеткіште -103,6%) құрады. 2013 жылдың қаңтар-мамыр аралығында шағын және орта бизнес субъектілерінен салық түсімдерінің көлемі 28,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдан 16,9% немесе 4,1 млрд. теңгеге артық, соның ішінде жергілікті бюджетке осы санаттағы салық төлеушілерден 10,7 млрд. теңге аударылған, 2012 жылға    120,3% құрады немесе 1,8 млрд. теңгеге арттық.

2013 жылда қаржылай қолдау мақсатында  шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларына екінші деңгейдегі банктер арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаржатын шартты орналастыру бағдарламасы бойынша 8,7 млрд. теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді. 2013 жылы ауылдағы шағын және орта бизнесті кредиттеу бағдарламасы бойынша облыстық бюджет қаражатынан 100 млн. теңге бөлінді. 49 қарыз алушылар қаржылдырылды, қосымша 182 жұмыс орындары құрылатын болады. «Продкорпорация» АҚ өкілдігі арқылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарына АӨК субъектілеріне 198,3 млн. теңге бөлінді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы арқылы ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға, инвестициалық жобаларды қаржыландыруға және қайта өңдеу құрал-жабдықтарын алуға  4100,94 млн. теңге, соның ішінде қаржылық лизинг бойынша 1237,96 млн. теңге, құрал-жабдық лизингі бойынша 36,0 млн. теңге, инвестициялық жобалар бойынша 2826,98 млн. теңге.бөлді. Екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік үшін қаражат ұсыну көлемі бойынша негізгі кредит көзі болып табылады. Ағымдағы жылы шағын бизнес субъектілеріне 32,9 млрд. теңге бөлді. «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарламасын іске асыру аясында екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлердің 21,7 млрд. теңге сомасындағы кредит бойынша 55 өтінімін қарауға алды, соның ішінде 1-бағыт бойынша –382,4 млн. теңге сомасындағы кредитке 12 өтінім, 2-бағыт бойынша –9,2 млрд. теңге сомасындағы кредитке 36 өтінім (9 өтінім АФК кредиттеу комитетіне жолданылды), 3-бағыт бойынша –12,1 млрд. теңге  сомасындағы кредитке 7 өтінім. Барлық үш бағыт бойынша субсидиялауға кредиттердің жалпы сомасы 18,9 млрд.теңгеге  17 өтінімдері мақұлданды. 2010 жылы 162,6 млн. теңге сомасында субсидиялау шарттары жасалды, 2011 жылғы болжанған субсидиялық қажеттілігі - 1255,2 млн. теңге.

*http://www.oskemen.kz/ сайтының ақпараты.

Өңірлік жерлерде белсенді кəсіпорындар санының көп бөлігі Өскемен қаласы (53,5%) мен Семей қаласына (21,0%) тиді.

2013 жылғы 1 мамырге Өскемен қаласында 66 шаруа (фермерлік) қожалықтары тіркелген, соның ішінде 66 іс-əрекеттегілер.

1- диаграмма. 2013ж тіркелген ШҚО шағын кәсіпкерлік саны.

*http://www.akimvko.gov.kz/