
- •1 Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
- •Шағын және орта бизнесті несиелендірудің маңыздылықтары.
- •1.2.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
- •1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.
- •2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
- •2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
- •2.2.Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің дамуына өз үлесін қосуы
- •2.3.Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы кездесетін мәселелер.
- •3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін реттеу.
- •3.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының кепілдігі.
- •3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары.
- •3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекеттің бақылауы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2.2.Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің дамуына өз үлесін қосуы
Бүгінгі таңда көптеген адамдар жеке өмірін жақсарту мақсатында нарықта өз орнын табуда бірнеше қадамдар жасауда. Ол жеке ісін ашуды, бизнеспен айналысуда, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда көрінеді. Біз білетініміздей, кәсіпкерлік қызметпен айналысу және тұрақты жұмыс істеу үшін бастапқы және айналым капиталдары керек.
Соңғы жылдары кәсіпкерлерді қолдауда республикада бірнеше нормативтік құжаттар қабылдануда, бұл құжаттар микрокредит ұйымының қызметін ынталандыруға бағытталды. «Микрокредит ұйымдары туралы заңның» қабылдануы ең алдымен Қазақстандағы шағын несие беру процесін қалаптастыруды және дамытуды көздейді. 2003 жылдың 6 наурызында заңның қабылдануына қарамастан микрокредит ұйымының қызметі лицензиялауға жатпайды, соныман қатар ҰБ тарапынан қадағалау және реттеу жүргізілмейді. Бұның себебі қаржы нарығында осы секторда жұмыс істейтін компаниялардың пассивті қызмет етуі салдарынан болуы мүмкін. Екіншіден, коммерциялық банктерге, зейнетақы және сақтандыру қорларына бәсекелестік жағдайда төтеп бере алмауы немесе қажетті заңдылықтардың жетілдірілмеуі.
Қазақстанда микрокредит беру көп уақыт жұмыс істейді. Бірақ, халықты және өндірісті несиемен қамтамасыз ету екінші деңгейлі банкттердің құзырында болды. «Микрокредит ұйымдары туралы заңның» қабылдануына сәйкес, егер белсенді кәсіпкерлер бұл заңды дұрыс пайдалана алса, онда банктерді несие нарығында екінші орынға ығыстыруы мүмкін және клиенттерге несиені төмен ставкамен алуға мүмкіндік туады. Бәріміз білетініміздей, банкттердің ең негізгі проблемасы бұл жеке шығындарының өсуі, мамандар жалақысының жоғары болуы. Бұдан зардап шегетіндер несиені жоғары пайыздық ставкамен төлейтін несие алушылар.
Микрокредит ұйымдарының банктерден артықшылығы, бұнда менеджментке жұмсалатын шығындардың төмен болуы. Жаңа заңдардың қабылдануы микрокредит ұйымдарының құрылуына, жарғылық капиталының минималдық көлемін төлеу арқылы біршама мүмкіндік береді. (Бұл көрсеткіш 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек).
Микрокредит ұйымдары туралы заңға сәйкес бір клиентке микрокредиттің берілуі 1000 айлық есептік көрсеткішке немесе жеке капиталдың 25%-нан аспауы керек. Бұл жағдай несие нарығында микрокредит ұйымдарының тұтыну несиесін және т.б. кешенді ұсынуда банкіге бәсекелестік тудыра алады, яғни бірігуде банктерді қызықтырмай отырған қоғам – жас мамандар, жағдай төмен отбасылар т.б., шағын несие алуда сұранысқа ие болады.
Заң бойынша микрокредит ұйымына бағалы қағаздар шығаруға рұқсат етілмейді, бірақ олардың қызмет түрі айтарлықтай ауқымды: олар гранттар және займдар тарта алады, сонымен қатар резидент емес, еркін активтерін мемлекеттік және корпоротивтік бағалы қағаздарға, банктік депозиттерге орналастыра алады, кепіл мүлкімен келісім шарт жасасуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталының құрылуына қатыса алады т.с.с.
Микрокредитті кепілсіз алуға мүмкіндік туады, бірақ клиенттер үшін несиелік құжат толтыру міндетті. Жеке тұлғаларға займ алуда келесідей құжаттар талап етіледі: несие алушыны займды пайдалану мақсаты және жүзеге асыру туралы арыз тапсыру; жеке мүлкін кепілмен қаматамасыз ету; жеке куәлігінің көшірмесі; микрокредит берілгені туралы келісім шарт; жұмыс орнынан жалақысы туралы мәлімет; т.б. Бұл мәліметтер тапсырылғаннан кейін құпия түрінде сақталады.
Бүгінде екінші деңгейлі банктерден несие алу біршама қиындықтар тудырады. Несие бойынша пайыз жоғары ставкамен берілуде және банктердің тәуекелді клиентерімен қарым-қатынас орнатпауы, тапсырылатын құжаттардың көптігі т.б.
Шарты |
ҚКБ |
Туран-Әлем банкі |
Темір банк |
Нұр банк |
Центр кредит банк |
АТФ банк |
Альянс банк |
Мерзімі |
3-жылға дейін |
1-жылға дейін |
1-жылға дейін |
6-айдан, 1-жылға дейін |
1-жылға дейін |
1-жылға дейін |
1-жылға дейін |
Несие мөлшері |
1000$-5000$ дейін |
75000$-20000$ дейін |
500$-5000$ дейін |
200$-1000$ дейін |
300$-2000$ дейін |
200$- жоғары |
100000$-200000$ дейін |
Кепілдік |
Өндіріс процесін-дегі тауарлар, құрал-жабдық, жеке мүліктері |
Кепілдік талап етілмейді |
Айналым-дағы тауарлар, құрал-жабдық-тар. |
Кепілдік талап етілмей-ді |
Айналым-дағы тауарлар, құрал-жабдықтар, бизнес жоспар талап етілмейді |
Айналымдағы тауарлар, құрал-жабдықтар, бірақ тауарлар айналымнан шығарыл-майды |
Айналым-дағы тауарлар, құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлік |
Пайыз-дық ставка |
2,025 % (айына), 27 % жылына |
27 % жылына |
1,36 % (айына), $-30 %, теңгемен- 33 % |
Жылына 23 % |
$-30 %, теңгемен 37 % |
$-32 %, теңгемен 33 % |
$-17 %, теңгемен 20 % |
Қосым-ша шарттар |
|
Қаладағы тұрғылықты жері, зейн-қы аудар-ры тұрақты табыс адам басына 100$ |
|
Екі адамның кепілде-месі болу керек. |
|
|
Аталған банкте 3 ай ішінде шотттың болуы; |
Несиені беру күні |
3 банкттік күн. |
3 банкттік күн. |
2-3 банкттік күн. |
7-10 банкттік күн. |
3 банкттік күн. |
2 банкттік күн. |
2 банкттік күн. |
Кесте. Екінші деңгейлі банкттердің микрокредит беру шарты.
Бұл кестеге қарап келесі тұжырым жасауға болады. Кез – келген кәсіпкер ақшаға деген сұраныс туған жағдайда банкттерге бармайды. Микрокредит ұйымдары және несиелік серіктестік – бұл ШОБ несиелеуде үшінші деңгейді көрсетеді. Несиелік серіктестік тәжирибе жағынан дамыған бірақ керекті дәрежеде емес. Несиелік серіктестіктің жиынтық активтері – 3,5 млрд. теңге. 37 несие серіктестігінің, төртеуі ШҚО-да, 11-і СҚО-да орналасқан.
Шарты
|
МКҰ «Валют транзит» |
МКҰ «Қазмикрокредит» |
МКҰ «Валют транзит микрокреди»т |
Мерзімі |
3 айға |
3 айға |
3 айға |
Несие мөлшері |
10000-872000тг.дейін |
10000-872000тг. дейін |
10000-872000тг. дейін |
Кепілдік |
Жылжитын және жылжымайтын мүлік |
Жылжитын және жылжымайтын мүлік |
Жылжитын және жылжымайтын мүлік |
Пайыздық ставка |
Бір тоқсанға 10% |
Бір тоқсанға 12% немесе айына 4,5% |
Бір тоқсанға 15% немесе 5% |
Қосымша шарттар |
Керкті несие соммасына 10 % алынады. |
|
|
Несие беру күні |
1-2 күн |
1-2 күн |
1-2 күн |
Кесте. микрокаредит ұйымдарының микрокредит беру шарты.
МКҰ шағын кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығын дамытуда, кәсіпкерлерге тез микрокредит ұсыну қызметін жүзеге асырады. Сонымен қатар, бұл займда шағын бизнес субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалар да тұтына алады.
ҚР ШОБ дамытуда ішкі және сыртқы қаржылық институттар, банктер донор бола алады. Халықаралық донорларға дүниежүзлік банк, БҰҰ, Еуразия қоры, Сорос қоры т.б. жатады.
Жалпы, микрокредит беруде МКҰ қызметін қорытындылай келе, мемлкеттік қолдау көрсету арқылы ШОБ одан әрі жетілдіру керек, қабылданған заңдылықтарда мемлкет және кәсіпкерлер тарапынан іске асыру арқылы біртұтас жүйені бекіту оң үрдістерге әкеледі.