Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс Финансы- ШОБ несиелендірудегі коммерциялық...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
932.92 Кб
Скачать

1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.

Банктердiң тәжiрiбесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң өзiндiк алғышарттары болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын несиелеу механизмiнiң элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. Несиелеу алғышарттары келесiдей:

-несиеге деген өтiнiштi қарау;

-несиелiк қабiлетiн талдау;

-несиелiк келiсiм шарт жасау;

-несие беру;

-несиелiк мәмiленiң орындалуына бақылау жасау.

Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 30.03.1995 ж. және «Қазақстан Республикасындағы банктер жёне банктiк қызметтер туралы» 30.08.1995 ж. ҚР Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын басшалылыққа алады. Несиелер төлем қабiлетi бар қарыз алушыларға несиенi қайтарудың нақты көздерiнiң және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай берiледi.

Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi қарау. Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi, түрi, мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң қоятын талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына байланысты құжаттар берiледi. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi құжаттар пакетiнiң құрамына жататындар:

1)

Құрылтайшылық құжаттардың жарғының жалға алу шарттарының тiркелген куәлiктерiнiң немесе патенттерiнiң, нотариалды куәландырылған жердi пайдалануға құқығын куәландыратын құжаттар, азаматтардың тілқұжаттары және клиенттiң несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерi;

2)

Қарыз алушының соңғы екi жылдағы балансы және оған қосымша мәлiметтер;

3)

Несиеленетiн жобаның рентабельдiлiк деңгейiн және несиенiң қайтарылу мерзiмiн сипаттайтын техникалық - экономикалық негiздеме;

4)

Несиеленетiн мәмiлелердi растайтын келiсiм шарттар көшiрмелерi (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы материалды құндылықтар шотының көшiрмелерi);

5)

Басқа банктерден алған несиелер туралы мәлiметтер (шоттар бойынша көшiрме);

6)

Қамтамасыз ету мақсатында кепiлге берiлген мүлiкке қарыз алуышының меншiк құқығын растайтын құжаттар;

7)

Несиенi қайтаруға байланысты мiндеттеменi куәландыратын құжаттар;

8)

Қызметiн жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсiпорынның және барлық басқа да кәсiпорындардың бизнес-жоспары.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиенi қайтаруын қамтамасыз ететiн басқа да құжаттар мен мәлiметтердi талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелiк қатынаста болатын қарыз алушылар үшiн кейбiр құжаттар тiзiмi қысқаруы мүмкiн. Қарыз алушы банкке несие алуға өтiнiш жасаған уақытта, банк несиелеудегi оның мүмкiндiгiн алдын-ала бағалау үшiн есеп карточкасын толтыруы мүмкiн. Онда - фирманың жетекшiсi мен қарыз алушы өкiлiнiң аты-жөнi; Қызмет және меншiк түрi; клиенттiң заңды мекен жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктiң аты және реквизиттерi; негiзгi құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенiң мақсаты, сомасы және мерзiмi; соңғы есептiк күнге берiлген баланс құрылымы және басқа да көрсеткiштер жазылады. Тапсырылған құжаттарды оқып, талдау барасында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабiлетiн бағалау кезiнде, шешiм қабылдау үшiн аса маңызы бар. Бағалау техника-экономикалық есеп негiзiнде жасалады.

Екiншi алғышарт. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау. Яғни, оның ссуда бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабiлетiн бағалауды бiлдiредi. Несиенi қайтара алмау тәуекелi әртүрлi факторлардың әсерiнен болуы мүмкiн, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешiм қабылдамас бұрын оның несиелiк қабiлетiн талдайды. Бұл көрсеткiш банктң өтiмдiлiгiне ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiне талдау жасау барысында келесiдей факторлар есепке алынады:

-ссудаға қатысты қабiлеттiлiгi. Қазыр алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық құжатын анықтайтын жарғысы және нұсқаумен танысуға тиiс;

-қарыз алушының iскерлiк репутациясы. Несиелiк мәмiлеге тиiстi репутация деп, қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай ақ келiсiм шартқа байланысты барлық мiндеттемелердi орындауы түсiндiрледi;

-табыс алу қабiлетi. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткiлiктi қаражатты табу қабiлетiне баға беруi қажет;

Қарыз алушының табыс алу қабiлетiн анықтау барысында сату көлемiне, баға шағындарына, шығыстарға әсер ететiн факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсiпорынның орналасқан жерi, оның тауарлары мен қызметтерiнiң сапасы, шикiзат құны қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi жатады. Несиелеудегi шетелдiк тәжiрибедегi бұл факторларға қоса жарнамалау тиiмдiлiгi, бәсеке сияқты факторлар ескерiледi. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн бағалаудағы басты фактор оның қаржылық жағдайы болып табылады. Ол қарыз алушының қызметiн көрсететiн көрсеткiш ретiнде қызмет ете отырып, меншiктi және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиiмдi пайдаланумен сипатталады. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның төлем қабiлетiнен көрiнедi:

-шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

-несиенi қайтару;

-жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

-бюджетке төлемдер мен салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық мiндеттемелер бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктiк талдау шектеулi және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау үшiн оның тиiмдiлiгiн, төлем қабiлеттiлiгiн, шаруашылық-қаржылық қызметiн жан жақты бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер жүйесiн ұсынатын көптеген әдiстемелер қолданылады. Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық банкiнде перспективалық зерттеулер орталығында дайындалып, ҚР Ұлттық Банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж. Мәжiлiсiнде №26 қаулы бойынша бекiтiлген «Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктердi» талдауына байланысты әдiстемелiк нұсқауың жекелеген банктердiң дайындаған «Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау әдiстемесi» сияқты ёдiстемелiк нұсқаулар қолданылады.

Қарыз алушылар негзгi коэффициенттер көрсеткiшiне байланысты несие қаблеттiлiгiнiң үш классымен анықталады. Қарыз алушыларды класс бойынша бөлiп қарастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынып отырған коэффициенттер негiзiнде жүзеге асырылады.

Үшiншi алғышарт. Несиелiк келiсiм шарт жасау. Қазiргi несиелеудiң басты ерекшелiгi бойынша банк қарыз алушының несiелiк қабiлетiн тексерiп болғаннан кейiн несиелiк келiсiм шарт жасау үшiн несиелеу субъектiсiмен қатынасқа түседi. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарды банк пен қарыз алушы келiсiм шарт негiзiнде шешедi. Несиелiк келiсiм шарт екi жақтың өзара мiндеттемелерiн және жауапкершiлiктерiн анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектiсi, несиенiң мөлшерi, ссуданы беру мерзiмi және қайтару шарттары несиенi қамтамасыз ету формасы, несие үшiн төленетiн сыйақы мөлшерi, несиенiң қозғалысын және клиенттiң қаржылық жағдайын бақылау үшiн қарыз алушының тiзiмi, олардың берiлу мерзiмдерi, сондай-ақ несиелеу процесiндегi банктiң бақылау қызметi көрсетiледi. Несиелiк келiсiм шарттың мазмұнын келiсушi жақтардың өздерi анықтайды. Бұл жерде екiншi деңгейдегi банктер оның типтiк формаларын пайдаланады. Несиелiк келiсiм шарттың мазмұнында несиелеу механизмi, оның негiзi элементтерi (несие түрлерi және объектiлерi, сомасы, несиенiң бағасы, несиелеу әдiстерi және ссудалық шот формалары, ссуданың қамтамасыз етiлу және қайтару тәсiлдерi, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады.

Төртiншi алғышарт. Несие беру процесi. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы берудi құжаттау тәртiбiн (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкiн), ссуданы беру тәсiлiн анықтайтын, несиелеудi ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несие берудi құжаттау тәртiбi ссудалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жәй судалық шот ашылған қарыз алушы запастарының жинақталуына байланысты несиеге деген өзiнiң қажеттiлiгiн бiлдiредi. Осы мақсатта ол банкке несиеленетiн тауарлы материалды құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығының қозғалысы туралы мәлiметтер бередi, банк соның негiзiнде ссудаға деген қажеттiлiктi мерзiмдi мiндеттемелер арқылы құжаттайды. Арнайы ссудалық шот бойынша берiлген несие әр алған сайын құжатталмайды, себебi ол шот ашу барысындағы өтiнiш мiндеттемесi негiзiнде жүргiзiледi.

Несиенiң көлемiне байланысты әртүрлi берiлу тәсiлдерi болады. Бiрiншiсi - несие клиенттiң шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайда жұмсалынады. Екiншiсi - несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттiлiктiң туындауына байланысты берiледi. Үшiншiсi - белгiлi бiр соманы алуға клиенттiң құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады. Мысалы артық сыйақы төлегiсi келмейдi. Несиенiң мөлшерi оны беру барысында несиелеу ережелерiне сәйкес анықталады.

Бесiншi алғышарт. Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау жасау. Бұл несиелiк операциялардың маңызды кезеңi. Ссудалар бойынша қазырғы қайтару тәсiлi ссудалық шот формасында, банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты. Ссуданы қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен құжатталады: егерде ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi мiндеттеме толтырылады, ал ссуда бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр төлемге әр түрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тiкелей осы шотқа келiп түсетiн түсiмдер есебiнен қайтарылады.

Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшiн банкте ссудалар бойынша мерзiмдi мiндеттемелердiң картотекасын жүргiзедi. Банк қызметкелерi күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егерде қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындақтарға кезiгуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. сыйақы мөлшерi оны төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм шартта анықталады. сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн. Банктiк тәжiрибеде ссуда бойынша жай және күрделi сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай проценттер бiрiншiден қысқа мерзiмдi несиелеу үшiн қолданылады. Олар бойынша проценттердi есептеу және төлеу келiсiм шартта көрсетiледi:

S=P(1+n*i),

мұнда: S - несие бойынша барлық соманың көлемi

P - бастапқы қарыз

i - пайыздық мөлшерлеме

n - мерзiмi

Банк тәжiрибесiнде күрделi проценттер ұзақ мерзiмдi несиелеу кезiнде қолданылуы мүмкiн. Мұнда мәмiле аяқталғанға дейін немесе алушыға есептелген сома төленбейдi, ал негiзгi қарыз сомасы өсiп отырады. Оны мына формуламен көрсетуге болады:

S=P(1+i)n

Банк несиелiк келiсiм шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиенi пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметiне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлiк жазуларын, есептiк материалдарын тексередi. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлерi мен басқадай ақпараттар, сондай ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбiр банктiң өзiнiң клиентiнiң несиелiк iсiн (несиелiк досье) жүргiзу жүйесi болады. несиелiк келiсiм шартқа байланысты өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға әрi қарай несиелеудi тоқтау туралы ескерту жасауға; несиелiк шартта қарастырылғандай несиенi берудi тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелiк келiсiмнiң шарттарын жүйелi түрде орындамаған жағдайда банк несиенi мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесiне жасалатын бақылау банктiң несиелiк портфелiн мерзiмдi түрде тексерiп отырумен де толықтырылады. Өйткенi, банктiң несиелiк портфелi оның табыс көзi және несиелiк операцияларды жүргiзу барысындағы тәуекел көзi болып табылады. Банктiң тұрақтылығы, өтiмдiлiгi және репутациясы көбiне оның несиелiк портфелiнiң құрылымы мен сапасына байланысты болып келедi. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау негiзiнде банктер рейтингi бойынша ссудаларды жiктейдi, ол өз кезегiнде оларға несиелiк портфелдiң құрамын бақылауға және қажет кезде оны қайта қарап отыруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер ссудалар бойынша мүмкiн болар зияндарға арнайы резервтер (провизиялар) құрады. Резерв мөлшерi есептiк күнге берiлген несиелердiң жалпы сомасына байланысты. Елдегi экономикалық жағдайларға байланысты жалпы тәуекелге есептелетiн ең төменгi резерв мөлшерi 5 %-тi құрайды.

Банк ұсынатын несиелер сапасы бойынша несиенi қайтару мерзiмiне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз алушы мен банк арасындағы байланысқа, несиелiк тарихына, несиенi қамтамасыз етуiне және оның өтiмдiлiгiне байланысты келесi топтарға бөлiнедi:

  • стандартты

  • күмәндi (субстандартты, қанағаттанарлықсыз, тәуекелi жоғары күмёндi несие)

  • үмiтсiз

Стандартты несие - бұл несиенiң сапасы күмён тудырмайды және оны қайтару мерзiмi әлi басталмаған несие, яғни:

-қарыз алушының қаржылық-шаруашылық жағдайы тұрақты субъект болып табылады, сонымен қатар меншiктi капитал толығымен қамтылған;

-сенiмдi және өтiмдi қамтамасыз етiлген несие. Осы категориядағы несиелер қайтарылмай қалуы мүмкiн емес.

Субстандартты несие келесi жағдайларда белгiленедi:

-30 күнге дейін негiзгi қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдердi кiдiрту;

-пролонгация;

Бұл топқа сонымен қатар қаржылық жағдайы тұрақты, бiрақ кейбiр қанағаттанарлықсыз көрсеткiштерi анықталған клиенттерге берiлген несиелер жатады.

Қанағаттанарлықсыз несиелер келесi жағдайлар анықталған кезде белгiленедi:

-30 күннен 90 күнге дейін негiзгi қарызды және сыйақыны қайтару бойынша төлемдердi кiдiрту;

-бiр реттен артық пролонгация;

-нарық конъюктурасының өзгеруiмен байланысты өндiрiстiң төмендеуi нәтижесiнде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;

-қарыз алушының сәйкес несиелiк досьесiнiң болмауы.

Тәуекелi жоғары күмәндi несиеге келесi жағдайлардың бiреуi анықталған кезде жатқызылады:

-60 күннен 90 күнге дейін негiзгi қарыз немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдердi кiдiрту;

-форс-мажорлық жағдайлар;

-басқа банктен алынған несие бойынша қарыздардың болуы.

Үмiтсiз несие келесi жағдайлардың бiреуi анықталған кезде пайда болады:

-90 күннен жоғары уақыттан берi негiзгi қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдердi кiдiртсе;

-банкрот деп танылса;

-өз қызметiн одан әрi жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiн факторлар немесе қарыз алушының қызметiне әсер ететiн басқада жағдайлар.

Банктiң активтерi мен шартты мiндеттемелерi бойынша провизияның қажеттi көлемi төмендегiдей есептеледi:

Субстандартты несие бойынша - 5% сыйақыны уақытылы өтеген кезде.

Қанағаттанарлықсыз несие бойынша - 20% - 25%, егер тек сыйақыны төлеудi кiдiрткен кезде 10%.

Жоғары тәуекелдi күмәндi несие бойынша - 50%.

Үмiтсiз несиелер бойынша барлық жағдайларда да - 100%.