
- •Реферат Тақырыбы «Мердігерлік шарты»
- •Мамандық 050301 - Құқықтану
- •Ι мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер
- •1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері
- •1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер
- •1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері және мердігердің үнемі
- •II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
- •2.1 Тұрмыстық мердігерлік
- •2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері
- •2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері
- •III тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсыноа атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
Реферат Тақырыбы «Мердігерлік шарты»
Пән Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
Мамандық 050301 - Құқықтану
Орындаған: Байсалбаева К., күндізгі оқу нысанының
2 курс студенті, 21 топ
Жетекші: Ахмединова Қ.К., аға оқытушы
Қостанай, 2011
ЖОСПАР
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер..........................................4
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері.............................................-
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер...........................................................5
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі................................6
II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері...........................................11
2.1 Тұрмыстық мердігерлік....................................................................................-
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері......................................................14
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.....16
III Тараптардың құқықтары мен міндеттері...............................................19
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері..........................................................-
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................21
КІРІСПЕ
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді.
Мердігерлік шартының туындайтық құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен белгілі бір тұлғаның жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша жасалу кезеңі және оның орындалу кезі сәйкес, келмеуі мүмкін.
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға.
Мердігерлік шартыгың жекелеген түрлеріне мынаны жатқызуға болады:
Тұрмыстық мердігерлігі;
Құрылыс мердігерлігі;
Жобалау және іздестіру мердігерлігі;
Ғылыми-зерттеу мердігерлігі;
Технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң актілерімен де реттеледі.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген мердігерлік шартының тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол мердігерлік шарты ұғымына тоқталу, және осы мердігерлік шарты құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе мердігерлік шарты оның маңыздылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны екі тараудан тұратын, яғни кіріспеден, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен құралады.