Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к КП по ПФ 5В070700 каз (восстановлен) Салта...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.46 Кб
Скачать

2 Аэротүсіріске тапсырманы есептеу

2.1 Аэротүсіріске тапсырманы есептеуді орындау.

Курстық жұмыста мыналарды есептеу қажет:

  • аэротүсіріс учаскесінің орта жазықтықтың биіктік белгісі Аорт және осы жазықтықтан жер бедерінің максималды ауытқуы hmax;

  • суретке түсіру абсолюттік биіктігі Hабс және орта жазықтықтың суретке түсіру биіктігі Hорт. ;

  • бойлық Px және көлденең Ру қайта беттесулері (%);

  • аэросурет масштабындағы суретке түсіру базистері вx , ву және жергілікті жердегі суретке түсіру базистері Bx пен Ву ;

  • бағытжолында (n) және түсірілетін учаскесінде суреттердің саны;

  • учаскедегі бағытжолдар саны N;

  • бір суретке түсірілетін территорияның ауданы S;

  • экспозицияның максималды шекті уақыты r;

  • экспозициялардың арасындағы уақыт аралығы t.

2.2 Т жобалау үшін бастапқы берілгендер

1:m масштабтағы топографиялық картаның бір бетінде бейнеленген ауданына аэротүсіріске тапсырманы есептеуін жүргізу.

Шартты белгілер:

l: m – аэротүсірістің масштабы;

fk – фокустық ара қашықтық;

V – ұшқыштың түсіру жылдамдығы;

1-кесте – Аэросуретті геометриялық талдау үшін бастапқы берілгендер

Вариант №

Сурет масштабы, 1:mс

Карта масштабы, 1:mк

fk, мм

V, км/ч

1

1: 25 000

1: 100 000

200

300

2

1: 12 000

1: 50 000

200

350

3

1: 8 000

1: 25 000

100

370

4

1: 25 000

1: 100 000

200

400

5

1: 12 000

1: 50 000

200

450

6

1: 8 000

1: 25 000

100

200

7

1: 25 000

1: 100 000

200

370

8

1: 12 000

1: 50 000

200

300

9

1: 8 000

1: 25 000

70

350

10

1: 25 000

1: 100 000

230

450

11

1: 25 000

1: 100 000

350

300

12

1: 12 000

1: 50 000

200

360

13

1: 8 000

1: 25 000

70

320

14

1: 25 000

1: 100 000

350

400

3 Жұмысты орындау тәртібі

Жер учаскесіне физика-географиялық сипаттама

Жер учаскесіне номенклатурасы У-34-37-В (снов) 1: 50 000 масштабтағы карта бар.

Жер бедері

Учаскенің жер бедері негізінен жазық болып келеді. Ал батысы таулы. Онда Зеленая, Лысая таулары бар.

Жер учаскесінің ең биік нүктесі картаның солтүстік-шығысында орналасқан нүкте – 293,4 м. Зеленая тауы. Ең төменгі нүктесі картаның оңтүстік-шығысында орналасқан нүкте – 107,8 м. Соть өзенінің оңтүстік- шығыс жағалауы.

Гидрография

Учаскенің батысынан оңтүстік-шығысына қарай Соть өзені ағып жатыр. Ені 285 м, тереңдігі 4,8 м, П- грунт сипаты - құмды. Ағу жылдамдығы батыстан оңтүстік-шығысқа қарай - 0,1 м/с. Соть өзенінің солтүстігінде Щучье, Камышевое көлдері бар.

Соть өзенінің солтүстік жағы салалары: Тихая, Нера, Трусовка және Соленая өзендері. Өзендердің жағасы өтімді саздар, саз тереңдіктері – 0,8 м; 0,5 м; 0,3м.

Соть өзенінің оңтүстігіндегі салалары: Андога, Голубая және тағы да басқа. Ені 50 м, тереңдігі 1,4 м, П- грунты сипаты- құмды.

Соть өзенінің шығысында және солтуүстік- шығысында- Ясное, Вольное көлдері орналасқан.

Өсімдік жамылғысы

Учаскенің солтүстік- шығысы мен оңтүстік- батысы орманды болып келеді. Шығысындағы орман аралас – қайың мен қылқанжапырақтылар. Ағаштардың орташа биіктігі – 20 м, діңгектерінің орташа жуандығы -0,25 м, ағаштардың бір- бірінен қашықтығы -5 м.

Солтүстік-шығысындағы орман – емен орманы. Ағаштардың орташа биіктігі – 15 м, діңгектердің орташа жуандығы – 0,20 м, ағаштардың бір- бірінен қашықтығы- 4 м.

Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының орманы да аралас қайың мен қылқанжапырақтылар. Ағаштардың орташа биіктігі – 15,16 м, діңгектерінің орташа жуандығы – 0,30; 0,25м, ағаштардың бір- бірінен орташа қашықтығы –4 м.

Жол торабы

Елді- мекендер арасында грунтты және дала жолдары бар.

Шоссе бағыттары: Лукино, Заречье, Комитино елді- мекендері арқылы өтеді.

Елді- мекендер

Учаскенің солтүстігінде - Лукино, Щербаково, Натальнко, Куноково, Ясное, Горки, Борисово, Заречье, Дворики елді- мекендері.

Ал учаскенің оңтүстігінде – Ивановка, Демидово, Быкова, Окунево, Дубровка, Новоселки, Дубасово, Волково, Михалино елді- мекендері.

Осы елді- мекендердің тұрғындарының орташа саны 200-500 адам.

Топографа-геодезиялық зерттелуі

Берілген жер учаскеде 9 триангуляция пунктері орналасқан. Олар:

  • 211,4 Долгая тауы;

  • 217,5;

  • 259,4 Зеленая тауы;

  • 167,7;

  • 164,7;

  • 194,9;

  • 233,5;

  • 212,8 Михалинская тауы;

  • 198,4.

Әр бір геодезиялық пункт 5,4 км2 ауданды камтиды.

3.1 Аэротүсіріс учаскесінің орта жазықтықтың биіктік белгісін Аорт анықтау

Топографиялық карта бойынша жер бетіндегі ең биік (Аmax) және ең төмен (Аmin) орналасқан нүктелердің биіктік белгілерін (1-сурет) анықтайды. Содан соң түсіру учаскесінің орта жазықтықтың биіктік белгісін мына формула арқылы есептейді:

м (1)

hmax

Аорт Amax

Аmin

Деңгейлік беті

(Балттық теңізі)

1- сурет - Жер бедерінің максималды ауытқуын анықтау

Учаскедегі жер бедерінің орта жазықтықтан максималды ауытқуын hmax төмендегі формула бойынша анықтайды:

Hmax = Amax – Аорт =293,4-107,8=185,6м (2)

3.2 Суретке түсіру биіктіктерін Норт және Набс есептеу

Учаскедегі орта жазықтықтың суретке түсіру биіктігі Hорт. (2-сурет) формула бойынша анықталады:

Норт = fк * mС =200мм*12000=2400м (3)

мұңдағы f к - аэрофототүсіру камераның фокустық қашықтығы;

1: mс – аэротүсіру масштабы.

S- суретке түсіру нүктесі

f к

аэросурет

Hорт Hабс (позитив)

Балттық теңізінің деңгейі

2 - сурет Суретке түсіру биіктігін анықтау

Теңізінің деңгейі суретке түсіру биіктігін Набс мына формула бойынша есептеледі:

Набс=Норт + Аорт =2400+200,6=2600,6м (4)

3.3 Аэросуреттердің қайта беттесулерін анықтау

Суреттердің бойлық Рx және көлденең Рy қайта беттесулерін (3-сурет) процентпен төмендегі формулалар арқылы есептейді:

Рx =62+50 hmaxорт =62+50*185,6/2400=65,9% (5)

Ру= 32+50 hmaxорт,=32+50*185,6/2400=35,9%

мұңдағы Рx – бойлық қайта беттесуі, %;

Ру – көлденең қайта беттесуі, %;

hmax - жер бедерінің орта жазықтықтан максималды ауытқуы;

Норт – суретке түсіру биіктігі.

Ру

Рх

3-сурет – Аэросуреттердің қайта беттесулері

3.4 Аэросуреттің масштабындағы суретке түсіру базистерін вx , ву және жергілікті жердегі суретке түсіру базистерін Bx пен Ву (4-сурет) есептеу.

S1 В S2

4-сурет

Бағытжолдың бойымен орналасқан суретке түсіру орталықтары арасындағы қашықтықты ВХ деп, ал бағытжолдары арасындағы қашықтықты Ву деп белгілейді.

Аэросурет масштабындағы суретке түсіру базистерінің есептеулерін мына формулалар бойынша жүргізеді:

(6)

мұңдағы l - аэросурет қабырғасының ұзындығы, 180 мм-ге тең;

вх

5-сурет - Аэросурет масштабындағы суретке түсіру базисі

Жергілікті жердегі суретке түсіру базистерінің шамаларын формулалар бойынша есептейді:

Вх=вх*mС,=61,4*12000=736800мм=736,8м (7)

Ву=ву*mС,=115,4*12000=1384800мм=1384,8м

мұңдағы mС - аэросурет масштабының бөлімі;

вх - аэросурет масштабындағы суретке түсірудің бойлық базисі (5-сурет);

ву - аэросурет масштабындағы суретке түсірудің көлденең базисі.

3.5 Аэротүсіріс бағатжолының жергілікті жердегі LM және масштабы 1:mK топографиялық картадағы LK ені:

жергілікті жердегі LM= y*mc =18/*12000=216000мм=2160м (8)

картадағы LК= ( y*mc)/mk =18*12000/50000=43,2мм

3.6 Учаскедегі бағытжолдардың саны:

(9)

мұңдағы Lу – меридиан бойынша учаскенің ұзындығы.

3.7 Бағытжолдағы суреттер саны:

, (10)

мұңдағы Lx – параллель бойынша учаскенің ұзындығы.

3.8 Аэротүсіріс учаскесіндегі суреттер саны:

К=N*n =144*24=336 (11)

3.9 Бір суретке түсірілетін территорияның ауданы:

С =(0,18) 2*(12000)2=0,0324*144000000=4665600м2 (12)

3.10 Экспозицияның максималды шекті уақыты:

(13)

мұңдағы δ - төзу уақытындағы майлау шамасы (δ =0,02 мм);

V – ұшқыш сапарының жылдамдығы.

3.11 Экспозициялар арасындағы уақыт аралығы:

(14)

Аэротүсірістің негізгі параметрлерін есептегеннен кейін калькаға барлық бағытжолдардың орналасуы, бірінші бағытжолындағы суреттердің орналасуы, олардың бас нүктелері, геодезиялық пункттер көрсетіледі.