
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Хахулина н.Б., Рахымбердина м.Е. Қолданбалы фотограмметрия
Тау кен ісі мамандығында оқитын студенттерге
курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Өскемен
2012
УДК 528
Хахулина Н.Б., Рахымбердина М.Е. Қолданбалы фотограмметрия: 5В070700 «Тау кен ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттерге курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / ШҚМТУ.- Өскемен, 2012.- 14 б.
Курстық жұмыстың мақсаты студенттерді ұшу-түсіру жұмыстардың орындалуымен, аэротүсіріске тапсырманы есептеу жолымен таныстыру. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауларда курстық жұмысты орындау тәртібі келтірілен және аэротүсірістің негізгі көрсеткіштерін есептеу формулалары берілген.
Тау кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталды.
№ ____ хаттама _________
|
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 2012 |
МАЗМҰНЫ
Кіріспе |
4 |
1 Курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар |
5 |
2 Жобалау үшін бастапқы берілгендер |
6 |
3 Жұмысты орындау тәртібі |
7 |
Әдебиеттер тізімі |
13 |
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде фотограмметрияны ғылымның әр түрінде кеңінен қолданады. Оның негізінде фотопландар, топографиялық карталар мен пландар жасалынады.
Жер учаскесінің бейнесі топографикалық негізімен байланысты. Топографиялық негізін алу үшін аэротүсірісті жүргізеді.
Ұшқыштарда орналасқан аэрофотоаппараттар арқылы жергілікті жердің суреттерін алады. Аэросуреттерде жергілікті жердің объектілері толық көрсетіледі. Сондықтан аэросуреттерді әрі қарай өндеусіз де инженерлік-техникалық есептеулерді шешу үшін өте жақсы материал болып саналады.
Алынған суреттерде өлшеулерді жүргізу нәтижесінде аэросуреттерде бейнеленген әртүрлі объектілердің пішіні, көлемі, кеңістік жағдайы анықталады. Сонымен, фотограмметриялық әдісте жер бетінде өлшеулерді жүргізбей ақ, оның бейнесімен жұмыс істейді.
Фотограмметриялық әдіс 4 кезеңнен тұрады:
ұшу-түсіру;
фотографиялық;
фотограмметриялық;
геодезиялық.
Ұшу-түсіру жұмыстардың нәтижесінде жер беті бейнеленген бірнеше өзара байланысқан аэросуреттер алынады. Фотографиялық кезеңде ұшу-түсіру жұмыстың нәтижелерін өңдейді, яғни негативтер мен позитивтерді алады. Фотограмметриялық кезеңде аэросуреттерді өлшеп жергілікті жердің планын алады. Геодезиялық жұмыстардың мақсатында геодезиялық негіз құрастырылады және оған аэросуреттерді байланыстырады.
Курстық жұмыстың мақсаты студенттерді ұшу-түсіру жұмыстардың орындалуымен, аэротүсіріске тапсырманы есептеу және аэросуреттерді байланыстыру үшін тану белгілерінің пландық-биіктік жиілету жобасын құрастыруымен таныстыру, сондай-ақ аэросуреттің геометриясын және фотосуреттерде жер бетінің бейнесін құру ерекшеліктерін (топографиялық планда жер бетінің құруымен салыстырғанда) зерттеу.