Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБАК ТАКЫРЫБЫ ФАРМАКОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
538.62 Кб
Скачать

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда

  • оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау.

  • оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу:

атропин сульфаты, папаверин гидрохлориді, ацеклидин, неостиглин метилсульфаты (прозерин), магний сульфаты, майсана майы, рауағаш таблеткалары, итшомырт экстракты, сана экстракты, фенолфталеин, бисакодил, левомицетин, тетрациклиндер.

  • дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу

  • жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру

  • ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру

  • алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ішек спазмында М-холинолитиктердің әсер ету механизмі.

2.Ішек атониясында М-холиномиметиктердің әсер ету механизмі.

3.Тұзды іш жүргізетін заттардың әсер ету механизмі.

4.Құрамында антрагликозидтер бар препараттардың әсер ету механизмі.

5.Контрикалдың антиферменттік әсерінің механизмі.

Жіктелуі:

Қолданылуы:

М-холинолитиктер

Атропин сульфаты

Платифиллин гидротартраты

Метацин

Миотропты спазмолитиктер:

Но – шпа

Папаверин гидрохлориді

Эуфиллин- таблеткалар, ерітінді

Тәбетті жоғарылататын заттар-жусан тұнбасы, аз мөлшерде инсулин

Тәбетті төмендететін заттар-анорексигенді заттар

Фепранон (амфепрамон)

Хлорфентерамин гидрохлориді (дезопимон)

Асқазан сөлінің қышқылдығын жоғарылататын заттар- тұз қышқылы, пепсин

Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін заттар.

Клиникалық белгілері мен қоздырғыштың түріне байланысты химиятерапиялық

препараттарды таңдау.

5.Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • ішек диспепсиясы синдромын, ұйқы безінің сыртқы секрециялық

жетіспеушілігін емдеуде қолданылатын препараттарға рецептер жазу

  • ішек диспепсиясы синдромын, ұйқы безінің сыртқы секрециялық жетіспеушілігін тиімді емдеу жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу

  • дискуссия ־ ауызша талдау

  • тест тапсырмаларын орындау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау – 217-225 беттер, өздік жұмысқа тапсырма, есептер IV.5.1- IV.5.7

  • Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:

М- холинолитиктердің спазмдарда әсер ету механизмі

Кесте 1

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Улануларда іш жүргізетін заттардың әсер ету механизмі

Кесте 2

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

М- холиномиметиктердің атонияларда әсер ету механизмі

Кесте 3

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Жіті панкреатитте контрикалдың әсер ету механизмі

Кесте 4

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік