Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБАК ТАКЫРЫБЫ ФАРМАКОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
539 Кб
Скачать
☆

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу:

атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты, папаверин гидрохлориді, но –шпа (дротаверин), эуфиллин, жусан тұнбасы, метоклопрамид, натрий гидрокарбонаты, магний оксиді, Ренни таблеткалары, фамотидин, омепразол, пентагастрин, тұз қышқылы мен пепсин, сукралфат, мизопростол, висмуттың негіз нитраты, мия препараттары – карбеноксолон, метронидазол, дезопимон, этаперазин

  • дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу

  • жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру

  • ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру

  • алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Дисфагия және асқазан диспепсиясында қолданылатын заттар, балаларда қолданылу ерекшеліктері. Жіктелуі.

  1. Тәбетке әсер ететін заттар (жусан тұнбасы, фенфуларамин). Ащылардың тәбетке және асқазан секрециясына ынталандырушы әсерінің механизмі.

  2. Басқа топтардан препараттардың (инсулин, анаболикалық стероидтар, карнитин хлориді және т.б.) тәбетке ынталандырушы әсері. Қолданылуы.

  3. Тәбетті төмендететін заттар. Анорексигенді заттар. Әсер ету механизмі . Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштер. Жанама әсерлері.

  4. Асқазан бездерінің қызметі бұзылғанда қолданылатын заттар (пентагастрин, тұз қышқылы мен пепсин, атропин сульфаты, пирензепин, фамотидин, омепразол). Асқазан бездерінің секрециясын күшейтетін заттар. Диагностикалық мақсатта қолданылуы. Асқазанның секрециялық белсенділігі төмендегенде қолданылатын алмастырушы терапия заттары. Асқазан сөлінің секрециясын жоғарылату үшін көмірқышқылды минералды сулардың қолданылуы.

  5. Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар:Н2- гистаминотежеушілер, М – холинотежеушілер, протондық насостың тежегіштері (омепразол), простагландиндердің синтетикалық туындылары (мизопростол). Әсер ету қағидалары, қолданылуы.

  6. Антацидті заттар (натрий гидрокарбонаты, магний оксиді, алюминий гидрототығы, Ренни таблеткалары). Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы, тағайындау ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

  7. Адсорбенттер – белсендендірілген көмір, смекта, хитозан, сукралфат. Гастропротекторлар (сукралфат, мизопростол, висмуттың негіз нитраты). Шырышты қабықты механикалық қорғайтын және оның қорғаныс қызметін жоғарылататын препараттар. Мия препараттарының (карбеноксолон) қолданылуы. Висмуттың коллоидты субнитратының цитопротекторлық қасиеттері мен антибактериялық әсері. Метронидазол және басқа антибактериялық заттардың асқазанның ойық жарасы ауруында қолданылуы.

  8. Асқазанның моторикасына әсер ететін заттар (прокинетиктер) (ацеклидин, неостигмин метилсульфаты (прозерин), атропин сульфаты, но-шпа). Асқазанның моторикасын күшейтетін заттар (тура және тура емес әсерлі холиномиметиктер). Қолданылуы.

  9. Асқазанның моторикасын тежейтін заттар. М – холинотежеушілердің және миотропты спазмолитиктердің (папаверин, но-шпа) қолданылуы.

  10. Құсу шақыратын және құсуға қарсы (апоморфин гидрохлориді, перфеназин (этаперазин), митоклопрамид, «Аэрон» таблеткалары) заттар. Жіктелуі. Құсу шақыратын заттардың әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы. Алкоголизмді емдеу үшін апоморфиннің қолданылу қағидасы.

  11. Құсуға қарсы заттар, әсер ету қағидасы. Дофамин рецепторларын таңдамалы тежейтін заттардың, нейролептиктердің, М – холинотежеушілердің, гистаминге қарсы заттардың құсуға қарсы әсері. Метоклопрамидтің әсерінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  12. Мезим форте. Ферменттер.

  13. В және К витаминдерінің парентеральды қолданылуы.

  14. Иммуностимуляторлар.