Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБАК ТАКЫРЫБЫ ФАРМАКОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
538.62 Кб
Скачать

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Тәбетті жоғарылататын зат.

2.Тәбетті төмендететін зат (анорексигенді зат).

3.Асқазан бездерінің секрециясы төмендегенде қолданылатын зат.

4.Дисфагияда қолданылатын зат.

5.Н2- гистамин рецепторларының тежеушісі.

6.Протондық насостың тежеушісі.

7.Секрецияны төмендететін простагландиндердің синтетикалық туындысы.

8.Антацидті зат.

9.Адсорбент.

10.Асқазан диспепсиясында қолданылатын фермент препараты.

11.Асқазанның секрециясы мен моторикасын жоғарылататын зат.

12.Антибактериялық зат.

13.Асқазан ауруында қолданылатын витамин препараты.

14.Асқазанның моторикасын төмендететін зат.

15.Рефлюксті ауруда қолданылатын құсуға қарсы зат.

16.Құсуға қарсы зат, фенотиазин туындысы.

II. СИПАТТАУ:

1.Асқазанның гиперсекрециясында М-холинолитиктердің әсер ету механизмі.

2.Тәбет төмендегенде ащылардың әсер ету механизмі. Препараттарды атаңыз.

3.Н2- гистамин рецепторларының тежеушілерінің әсер ету механизмі.

4.Омепразолдың әсер ету механизмі.

5.Гастропротекторларды атаңыз.

6.Антацидтердің әсер ету механизмі. Препараттарды атаңыз.

7.Анорексигенді заттардың әсер ету механизмі. Препараттарды атаңыз.

8.Дисфагия мен асқазанның пилорикалық бөлімінің спазмында қолданылатын заттарды атаңыз.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ

Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІІ курсы

Тақырып: «Ішек диспепсиясы синдромында, ұйқы безінің сыртқы секрециялық

жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар».

Құрастырушы:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

профессоры, м.ғ.к., __________________Павлова Л. И.

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей – 2009 ж.

1.ТАҚЫРЫП: «Ішек диспепсиясы синдромында, ұйқы безінің сыртқы секрециялық

жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар».