Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБАК ТАКЫРЫБЫ ФАРМАКОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
538.62 Кб
Скачать

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ

Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІІ курсы

Тақырып: «Қаңқаның қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуына әсер ететін

препараттар»

Құрастырушы:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы __________________Крулькевич Е.А.

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей – 2009

1.ТАҚЫРЫП: Қаңқаның қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуына әсер ететін препараттар.

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда

  • оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау.

  • оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу:

(паратиреоидин, кальцитонин, эргокальциферол, холекальциферол, кальций-Д3-никомед, миакальцик, кальций глюконаты)

  • дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау

  • оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу

  • жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру

  • ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру

  • алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану