Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБАК ТАКЫРЫБЫ ФАРМАКОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
538.62 Кб
Скачать

G-041.07.01.13-2007

Ред. 2.

Бет 49 тен 49

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ

Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІІ курсы

Модуль: «Асқорыту жүйесі»

«Тірек-қимыл жүйесі»

«Эндокринді жүйе»

«Зәр-жыныс жүйесі»

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей – 2009 ж.

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ

Кафедра: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ

ІІІ курсы

Тақырып: «Дисфагия және асқазан диспепсиясында қолданылатын дәрілік

заттар»

Құрастырушы:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

профессоры, м.ғ.к., __________________Павлова Л. И.

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

Семей – 2009 ж.

1. ТАҚЫРЫП: «Дисфагия және асқазан диспепсиясында қолданылатын дәрілік заттар»

2. Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда

  • оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау.

  • оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру