
- •1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •1.1. Инновация түсінігі, мәні және оның түрлері
- •1.2 Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың қажеттілігі
- •2 «High tech logistic» жшс инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау
- •Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •2.2 Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік дамуын бағалау
- •3 Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жолдары
- •3.1. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану
- •3.2 «High Tech Logistic» жшс-де инновациялық кәсіпкерлікті арттыру бойынша ұсыныстар
2 «High tech logistic» жшс инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Мен өзімнің тақырыбымды талқылауда «High tech logistic» атты компаниялар тобын және құрамына кіретін «ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырғым келеді.
«High tech logistic» компаниясын қарастырайық. Компанияның қызмет көрсету деңгейі сапасының жоғарылылығы оны Қазақстан Республикасының логистика сферасында лидер екенін көрсетеді. Тауарларды сақтау, транспорттау, өңдеу және кедендік тіркеудің барлық мәселелерінің шешілуіне толық әсер етеді.
Компанияның үлкен, кең көлемді ғылым базасы мен бай тәжірибесі бар және де ол логистика сферасындағы ең жаңа, ең күшті жетістіктерін пайдалануда.
«High tech logistic» - бұл Ресей мен Қазақстанның ең білімді де, бәсекеге қабілетті мамандарын құрамына кіргізген берік команда. Компанияның көрсететін қызметі барлық бизнес түрлерін дамытуға әсерін тигізеді. Компания тұтынушыларының тауарларын сақтау жүйелері, оларды тасымалдау және көптеген кеден операцияларын іске асырады. Тауарлардың запаста тұрып қалу тәуекелділігін азайту жолымен тұтынушы компаниялардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға көмектеседі. «Hightech logistic» қызметін қолданып отырған тұтынушы компаниялар келесілер: Gallaher, Stada, Oriflame, Raimbek bottlers, Schwarzkoph &Henkel, Procter &Gamble, Colgate-Palmolive, Tetra Pak, Tupper Ware, Adidas, Nokian Tyres, Food Master, RG Brands, Samsung және т.б. /15/
Компания ҚР-ң кеден заңдылықтарын қатал нормаларына сай жұмыс атқарады және технологиялық құрылымның жоғарғы деңгейі тұтынушыларды көрсетілетін сапалы қызметтің кең спектрімен қамтамасыз етеді:
- толық кедендік құжаттау;
- қоймалық терминалдар территориясында кеден бекеті жұмыс істейді;
- тауарлық сертификаттарды қабылдау;
- рұқсат берілген құжаттарды қабылдау (ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау);
- тауар партияларына кедендік құжаттау жүргізуге арналған персоналды менеджерлер қызметі;
- дәрілік препараттарды СВХ және кедендік қоймаларда сақтау;
- кеден заңдылықтары, кедендік құжаттаудың практикалық сұрақтары мен сыртқыэкономикалық жұмыстар жайлы сұхбаттар жүргізу.
Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
КӨРСЕТКІШТЕР |
Өлшем бірлігі |
2012 ж. |
2013 ж. |
|
Ауытқу |
|
(+;-) |
|
% |
||||
Өнімді өткізуден түскен табыс |
мың тг. |
147851,2 |
196358,3 |
48507,1 |
132,8 |
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
108569,2 |
135363,4 |
26794,2 |
124,7 |
|
Жалпы табыс |
мың тг. |
39282 |
60994,9 |
21712,9 |
155,3 |
|
Кезең шығындары |
мың тг. |
36942,4 |
58687,5 |
21745,1 |
158,9 |
|
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың тг. |
2339,6 |
2307,4 |
-32,2 |
98,6 |
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
мың тг. |
14455,6 |
12654,6 |
-1801 |
87,5 |
|
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс |
мың тг. |
16795,2 |
14962 |
-1833,2 |
89,1 |
|
Таза табыс |
мың тг. |
11756,6 |
10473,4 |
-1283,2 |
89,1 |
|
Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығындар |
тг. |
0,98 |
0,99 |
0,01 |
101,2 |
|
Өнім рентабельділігі |
% |
2,15 |
1,7 |
-0,4 |
- |
|
Сату рентабельділігі |
% |
7,95 |
5,33 |
-2,6 |
- |
|
Өндіріс рентабельділігі |
% |
0,14 |
0,19 |
0,05 |
- |
|
Жұмыскерлер саны |
адам |
347 |
386 |
39 |
111,2 |
|
с.і.: жұмысшылар |
адам |
275 |
362 |
87 |
131,6 |
|
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі |
Мың тг. |
537,6 |
542,4 |
4,8 |
100,9 |
|
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры |
Мың тг. |
51289,4 |
69631,7 |
18342,3 |
135,8 |
|
с.і.: жұмысшылардың еңбек ақы қоры |
Мың тг. |
47786,3 |
61302,0 |
13515,7 |
128,3 |
|
Бір жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы |
тг. |
12317,3 |
15032,8 |
2715,5 |
122 |
|
Бір жұмысшының орта айлық еңбек ақысы |
тг. |
14480,7 |
14111,9 |
-368,8 |
97,4 |
|
Негізгі құралдардың орта жылдық құны |
Мың тг. |
148796,1 |
166257,1 |
17461 |
111,7 |
|
Амортизация мөлшері |
% |
15,1 |
17,7 |
2,6 |
- |
|
Айналым құралдарының орта жылдық құны |
Мың тг. |
(86,4%) 128559,8 |
(88,9%) 147802,6 |
19242,8 |
115 |
|
Бір айналым ұзақтылығы |
күн |
313 |
271 |
-42 |
0,87 |
|
Айналымдылық коэффициенті |
|
1,15 |
1,33 |
0,18 |
115,6 |
|
Қор қайтарымдылығы |
Тг. |
0,99 |
1,2 |
0,21 |
121,2 |
|
Қор сиымдылығы |
Тг. |
1,1 |
0,85 |
-0,4 |
0,77 |
|
Қормен қарулану |
Мың тг. |
541,1 |
459,3 |
-81,8 |
84,9 |
|
Амортизация сомасы |
Мың тг. |
22468,2 |
29427,5 |
6959,3 |
131 |
|
Дерек көзі: «High tech logistic» ЖШС-нің қаржылық мәліметтері |
Кестенің мәліметтеріне сәйкес кәсіпорынның өткізілген өнімнен түскен табысы 2013 жылы 196358,3 мың тенгені құрады, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 132,8 пайызға өскені байқалады. Ол кәсіпорынның маркетингтік саласының артуы мен жұмыс өндірісінің дамуынан болған. Кәсіпорынның жалпы табысы 2013 жылы 60994,9 мың теңгені құрады, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 155,3 пайызға өскені байқалады. Ол да жұмыс өндірісінің дамуынан болған. Кәсіпорындағы жұмыскерлер саны 2013 жылы 386 адам болды, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 39 адамға көбейді. Ол кәсіпорынның қызмет көрсету саласының кеңейгенінен болды. Қор қайтарымдылығы 2013 жылы 1,2 теңгені құрады, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 121,2 пайызға өскенін көрсетеді. Ол кәсіпорынның пайдалану деңгейінің өсуінен болды.