
- •Мазмұндама
- •1 Ғаламдық проблемалардың жалпы сипаттамасы
- •1.1. Адамзаттың xxі ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы
- •1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері
- •1.3. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері
- •1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы
- •1.5 Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары
- •1.6"Таза ауыз су" проблемасы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды
Адам- Жер сәбиі ,табиғаттың бір кішкене бөлшегі,биосфера дамуының нәтижесі. Қазіргі уақытта ол өзінің іс- әрекетімен тіршілік жасайтын коршаған ортадағы табиғи тепе –теңдікті бұзып ,оның құлдырауына әкелуде.Біздің планетамыздың табиғи ортасы жер бетінде 4 млрд. Жыл бойы өмір сүріп келе жатқан биологиялық организмдер –биоталар арқасында жасалды. Осы уақыт ішінде биота тірі организмдер тіршілік ете алатын осы табиғи қоршаған ортаның жағдайын реттеп отыруды меңгерді. Ал адамзат,қоршаған ортаны теңдеуші биотаны алмастыратын ештеңе де жасаған жоқ . Ал ол,осы өзі өмір сүрген уақытында,тіршілік иелерінің қалдықтарын өңдеп отыратын табиғи экожүйенің 70 %-тін жойып жіберді. Мысал ретінде Жердің озон қабатының ыдырауын теңіздер мен мұхиттардағы планктондардың жойылуын, көптеген жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып өліп кетуін және т.б.келтіруге болады.
Адамзат ХУІІІ ғ.-ға дейін табиғатпен келісімді жағдайда өмір сүріп келді .Ал ХІХ ғ.аяғына қарай бұл тепе –теңдік жағдай бұзыла бастады.Қазір биосфераға түсетін әсер 8-10 есе көбейіп кетті .Адам қоршаған ортаға жыл сайын 3 млрд.т. астам өнеркәсіптің қатты қалдықтарын,1 млн.тоннадай шаң – тозаң шығарады екен.Шын мәнісінде биологиялық және экологиялық жүйелердің жойылуы жүріп жатыр,ал бұл жақындап қалған алапат апаттың белгісі. Антропогенді факторлар әсерінен болатын экологиялық апаттардың алдын алу, оларды болдырмау, зардаптарын жою-адамзат қоғамының бірінші керекті міндеті. Ол үшін, ең алдымен, биосферадағы тепе–теңдік түрлерінің (химиялық,биологиялық,географиялық, әлеуметтік,т.б) сақталуы мен биосфера тепе– теңдігінің адам әрекеттері нәтижесінде бұзылып жатқан себептеріне терең үңілу-негізгі қажеттіліктерідің бірі болып саналады .
Қазіргі уақытта адамның физикалық және психикалық денсаулығы қоршаған ортаның ластануының өте үлкен теріс әсерінен зардап шегуде .Негізінен экологиялық проблема қоршаған орта ластануының Homo sapіens –ке теріс әсерінен қорғау мақсатында пайда болды .Экологиялық проблема ғаламдық дәрежеде болғанымен , ол әр елде әр түрлі сипатта болып тұр. Қазіргі уақытта Қазақстанда да экологиялық теріс факторлар әсері әр аймақта әр түрлі . Мысалы ,Семей ядролық жарылыс полигоны аймағында халықтың денсаулығының нашарлануының өсуі , рак ауруларымен ауыратыңдардың көбеуі , қан лимфоциттеріндегі хромосомдар аберрациясы шамасының өсуі байқалды.
Адам денсаулығының жүйелі түрде нашарлауы экологиялық апат аймағына жататын қуаңшылық жүріп жатқан Арал теңізі аймағыңда да күшті жүріп жатыр . Бұл аймақта балалар өлімі ең жоғары көрсеткішке ие , соңғы жылдары өңіш ракімен ауратындар 14 есе ,бронх демікпесі мен жүрек әлсіздігімен ауратындар 10 есе көбейді. Арал халқының 80 әр түрлі аурулармен ауырады. Қазақстан территориясындағы осындай әсерлерге қатысты экологиялық проблемалар ядролық жарылыстардың қуаншылыққа (аридизация) ұшырауына,таза ауыз су жетіспеуіне, атмосфералық ауаның топырақтың, өсімдіктердің және тамақ өнімдерінің өндірістің химиялық заттарымен ластануына байланысты болып тұр.
Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін айта отырып, экологиялық проблемалардың таза түрде кездеспейтінің ескеру керек .Олар арқашанда тікелей немесе жанама түрде саясатпен , экономикамен, жаңа технологиялармен , адам мен қоғамның жалпы мәдениетімен және әрбір адамның экологиялық сана сезімінің жетілген деңгейімен байланысты келеді .Егерде жалпы ұлттың және әрбір жеке азаматтың жауапты экологиялық сезімі қалыптаспаса ,ол жағдайда экологиялық проблемалар шешіледі деп айту қиын.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта,жер ,сутазалығын сақтау , олардың зияндызаттармен ластануына жол бермеу – көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың парызы.