
- •Мазмұндама
- •1 Ғаламдық проблемалардың жалпы сипаттамасы
- •1.1. Адамзаттың xxі ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы
- •1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері
- •1.3. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері
- •1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы
- •1.5 Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары
- •1.6"Таза ауыз су" проблемасы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы
Табиғи ресурстардың таусылуы негізгі ғаламдық экологиялық проблемалардың біріне жатады. Табиғи ресурстар - бұл адамдар қолданатын барлық табиғи материалдық және энергетикалық ресурстар. Көп жағдайда біз бұлардың тек қана адамдардың ғана емес, жалпы тірі табиғаттың да ресурстары екенін ұмытып кетеміз.
Табиғи ресурстардың бірнеше классификациясы бар.
Табиғи классификация ресурстардың табиғи орта компоненттары бойынша бөлінуіне негізделген: жерлік, минералдық, сулық, климаттық, өсімдіктік, жануарлық әлем және т.б.
Шаруашылықтық классификация өндірістік тұрғыға байланысты: жанармай-энергетикалық комплекс ресурсы, металлургиялық, химиялық өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық және т.б.
Экологиялық-экономиялык, көзқарас тұрғысынан таусылу белгісі бойынша классификация маңызды. Сонымен табиғи ресурстарды таусылатын және таусылмайтын ресурстар деп бөлуге болады.
Таусылатын ресурстарға жақын арада немесе болашақта таусылуы мүмкін ресурстар жатады. Бүған ең бірінші жер қойнауы ресурстары мен тірі табиғат ресурстарын жатқызамыз. Негізінде ресурстардың таусылуын бірнеше мағынада түсінуге болады. Жалпы ресурсты өндіру мен қолдану экономикалық тұрғыдан түсімсіз болған кезде, оны таусылатын ресурстар қатарына жатқызады. Көп жағдайда ресурстардың таусылуы технологияның даму деңгейіне, өндіріс мәдениетіне және т.б. байланысты келеді. Мысалы, мұнай қойнауынан барлық мұнайдың 30%-ке жуығы алынса, ол жағдайда бұл ресурс таусылды деп есептеуге болады, бірақ та алдыңғы қатардағы технологияларды қолдана отырып бұл орыннан 60-70% дейін мұнай өндіруге болады екен.
Таусылмайтын ресурстарға ұзақ уақыт бойы қолданылатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясының, желдің, теңіз толқындарының ресурстары. Бірақ та бұл мағына да салыстырмалы түрде қарастырылады. Әрбір ресурс үшін оны қолданудың шегі бар, егер де одан шығып кетсек, бұл қоршаған ортаға зиян әкелуі мүмкін. Мысалы, күн энергиясын белгілі бір шектен жоғары қолдану жер айналасындағы кеңістіктің температурасының көтерілуіне және жылулық немесе термодинамикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін.
Ресурстардың ішінде судың алатын орны өте маңызды. Ол ластануыа байланысты таусылатан ресурсқа жатады. Судың Жердегі мөлшері шын мәнінде өзгермейді, ол жекелеген сфералар (мұхит, құрғақ жер, атмосфера) мен түрлерге (сұйық, қатты, бу түрінде) қайталанып ауысып отырады.
Табиғи ресурстардың таусылу проблемасының жыл өткен сайын маңызы артып келеді. Бұл, бір жағынан, олардың шектеулілігін сезінуге, екінші жағынан өсіп бара жатқан оларға деген сұраныстың көбеюімен байланысты. Ресурстарды қолдану өсуінің темпі халықтың санының өсу жылдамдығынан жоғары болып тұр. Табиғи ресурстарды қолдану биосфераның өзгеруіне әкелуде. Орнына қайтып келмейтін ресурстарды тауысу қоршаған ортада, ландшафтардың өзгеруіне, табиғи экожүйелердің аймақтарын құрауға, топырақтың құдырауына, топырақ асты суларының орын алмастыруына және т.б. себеп болады.
Ресурстарды қолдану тағы да бір экологиялық проблема - қалдықтар проблемасымен тығыз байланысты. Қалдықтарға әр түрлі өнімдерді өндіру немесе қолдану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қолданылуға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам организіміне зиянды материалды заттарға жатады.
Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:
- тұрмыстық (коммуналдық);
- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);
- өндіріс өнімдерінің қалдықтары;
- қауіпті (улы);
- радиоактивті қалдықтар.
Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдыктарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және органикалық шаңдар қалдықтары жатады.
Қауіпті қалдықтарға ауылшаруашылығында кең түрде қолданылатын улыхимикаттар, құрамында канцерогенді және улы заттар бар өнеркәсіп қалдықтары жатады. Статистикалық деректер бойынша Ресей мемлекетінің территориясында 80 млрд.т. жуық қалдықтар жинақталған, олардың мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Тек қана Свердлов облысында қалдықтар көлемі 35 млрд.т. құрайды екен. Бұл аймақта жыл сайын 160 млн. т., оның ішінде 11 млн.т. улы қалдықтар түзіледі. Сондықтан да қалдықтардың мұншама көптігі қоршаған ортаның өте ластануына әкеліп, адам денсаулығына зиянын тигізуде.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте үлкен қауіпті АЭС, радиохимиялық заводтарда, гидрометаллургиялық комбинаттарды, ғылыми-зерттеу орталықтарында түзілетін радиоактивті қалдықтар әкеледі. Ресей территориясында көмілмеген радиоактивті қалдықтардың жалпы бенсенділігі 4 млрд. Ки (кюри) тең. Ресейде радиоактивті қалдықтарды көметін және оларды өңдейтін (мысалы Челябинск-65, Красноярск-26) 15 полигон бар. Алайда қалдықтарды сақтау мен өңдеу процестері қауіпті істерге жатады. Өңдеу өнеркәсәптерінде болып тұратын авариялар қоршаған ортаның ластануына (мысалы, НПО "Маяк"-тағы авария) әкеліп, адам денсаулығы мен болашақ ұрпақ өміріне орны толмас зиянкестік жасайды .
Қазақстан территориясыңда жинақталған радиоактивті қалдықтардың активтілігі 13 млн. кюри-ден, ал салмағы 230 млн.т.-дан асады. Республика территориясында бұрынғы Совет Одағындагы барлық уранның 40%-ті өндірілді Қазіргі уақытта республикада 800-ге жуық өңдіріс орындарында радиоактивті өнімдер қолданылады және осы өндірістердегі қалдықтарды залалсыздаңдыру мен көму мәселелері әлі шешілген жоқ. 2005 жылы Ақтаудағы БИ-350 ядролық реактордың тоқтатылуына байланысты Қазақстанда осы реактордың жоғарғы активті қалдықтарын көміп сақтайтын қойма мәселесі алда тұр.
Барлық өнеркәсіп қалдықтары қауәптілігі бойынша 4 классқа бөлінеді (ГОСТ 12.1.007-76):
- бірінші класс - аса қауіпті заттар (қалдықтар);
- екінші класс - қауіптілігі жоғары заттар (қалдықтар);
- үшінші класс - орташа қауіпті заттар (қалдықтар);
- төртінші класс - қауіптілігі аз заттар (қалдықтар).
Құрамында сынап, сулема, хромқышқылды, цианды калий, үшхлорлы сурьма, бенз(а)пирен, мышьяк тотығы және басқа да аса улы заттгары бар қалдықтарды бірінші классқа жатқызады. Құрамында хлорлы мыс, хлорлы никель, сурьманың үштотыгы, азотқышқылды қорғасын және т.б. заттарды екінші классқа жатқызады. Құрамында күкірт қышқылды мыс, қорғасын тотығы, төртхлорлы кеміртек және т.б.заттарды үшінші классқа жатқызады. Құрамыңда күкіртқышқылды марганец, фосфаттар, күкіртқышқылды мырыш, хлорлы мырыш бар қалдықтарды төртінші классқа жатқызады.