Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ecology_ref_36.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.34 Кб
Скачать

1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері

Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс бүкіл ғаламшарға таралуда және дүние жүзінің барлық елдеріне, барлық саяси және экономикалық жүйелерге қозғау салуда. Мұндай жағдай көптеген, оның ішінде қарама-қарсы бағытталған, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерінің нәтижесі болып табылады. Бұл ең алдымен шаруашылықты жүргізудің бұрынғы шығынды-экстенсивті әдістерінің салдары, ол экономикалық та, экологиялық та көзқарастар тұрғысынан ақталмаған экожүйелердің бұзылуымен, өңдірілетін ресурстарды ұтымсыз пайдаланумен, қалдықтардың жинақталуымен және ортаның ластануымен жүрді. Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі адамзаттың техникалық ілгерілеудің жетістіктерінен, ресурстарды пайдаланудан бас тарта алмайтындығымен байланысты. Соңдай-ақ күннен-күнге үдеп келе жатқан техникалық жарақтану және халықтың күрт өсуі жағдайында ортаға әсер етудің де арту беталысы жоғары.

Экологиялық проблемаларды ғаламдастыруға көп жағдайда сондай-ақ атмосфералық және су массаларының жылжымалылығы да ықпалын тигізеді, бұл экологиялық қауіпті факторлардың, мысалы, ластанудың әлемнің бір аймағынан екіншісіне, тіпті, адам қоныс теппеген жерлерге таралуын тудырады. Әдебиеттерде Антарктида мұздарыңда шамамен 2000 т. астам 1950-1960 жж. ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланылған ДДТ пестицидінің бар екені жайлы мәліметтер жиі келтіріледі. Іс жүзінде барлық мұхит сулары қандай да бір деңгейде ластанған. Түрлі мәліметтер бойынша Дүние жүзі мұхитының беті 15-тен 25%-ға дейін мұнай үлдірімен (пленкасымен) жабылған. Әсіресе, атом қаруын сынау, атом двигательдерін пайдалану және радиобелсенді қалдықтары бар контейнерлерді көму нәтижесінде мұхиттың радиобелсенді ластануы бұдан да қауіпті болып табылады.

Жер бетілік кеңістікте қосымша энергияның жинақталуы табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты, бұл климаттың ғаламдық жылынуына әкеп соғуда. Биосферадағы жылу теңдестігінің бұзылуы сондай-ақ атмосфераның шаңдануынын артуымен, топырақтардың, су қоймаларының және басқа да үстіңгі беттердің өсімдіктер жамылғысының булануының өзгеруімен себептеледі, бұлар салмақты түрленулерді бастан өткеруде. Таяу болашақта біздің ғаламшарымыздағы жылдық орташа температура 1-3° С көтеріледі деп күтілуде.

Шикізатты қайта өңдеу үрдісінде көптеген заттар пайда болады. Қазіргі уақытта адам шамамен 10 млн. аса жаңа заттарды (табиғатта жоқ) синтездеп алып отыр, ол үлкен мөлшерде шамамен 50 мыңдай, ал аса зор мөлшерде - 5 мындай заттарды өндіре алады. Бұл жағдайда шикізаттың шамамен 90% қалдыққа шығады. 2 тоннадай негізгі өнімнен сол жылдың ішіңде бір тоннадайы сыртқа шығарылады.

Осылайша, соңғы 100 жыл ішінде қоршаған ортаға әсер етудің тағы бір механизмі — антропогеңді текті өнімдерді шығару (төгу) пайда болды.

Экологиялық проблемаларды ғаламдастырудың себептерін қарастыру кезіңде адамның қоршаған ортаға антропогендік әсер етуімен байланысты жоғарыда аталып өткен өндірістік-экономикалық факторлардан өзге басқа да жалпығаламшарлық факторлардың: саяси және әлеуметтік факторлардың мәні арта түседі.

Саяси-мемлекеттік факторлар мынадай түрлерде көрініс беруі мүмкін: экологиялық саясаттың кемшілігі (болмауы), саяси дағдарыстар, кикілжіңдер, оның ішінде әскери де, терроризм, экстремизм және сепаратизм.

Бұл факторлардың барлығы әлем жұртшылығының назарынан тыс қала алмады. XX г. 60 жж. аяғынан бастап әлемде белгілі американдық эколог Ю.Одум "қоршаған орта проблемалары үшін жалпыға ортақ аландаушылық" деп атаған қозғалыс пайда болды. Осы кезден бастап адамзаттың басты назарына табиғи ресустардың таусылуымен, демография және азық-түлік проблемаларымен, адамдардың денсаулығана және табиғи экожүйелердің тіршілік етуіне қауіп төңдіретін қоршаған ортаның ластануымен, биологиялық әралуандықтың азаюымен байланысты проблемалар қойыла бастады. Аталған проблемалардың қамтитын ғаламшарлық ауқымы олардың ғаламдық сипаты мен оларды мемлекетаралық, дүние жүзілік деңгейде шешу қажеттігі жөнінде сөз қозғауға мүмкіндік береді.

Экологиялық ширығыстың артуы әлемде азық-түліктің жетіспеуішілігі, қала халқының аурушаңдығының өсуі, халықтың экологиялық көшіп-қонуы, халықтың көз алдында экологиялық қауіпті кәсіпорындарды салудан жаңа аурулардың, жергілікті экологиялық кикілжіңдердің пайда болуы тәрізді әлеуметтік сандардан айқын көрінеді. Экологиялық агрессияның (басқыншылықтың) көріністері - ұытты технологиялық процестер мен қауіпті қадықтарды басқа елдерге шығару, соңдай-ақ осы агрессияға қарсы тұратын қоршаған ортаны қорғаушылардың ұйымдарының "жасылдардың" пайда болуы күннен-күнге айқын көрініс беруде. Бұған мысал шынайы қозғалыс тудырған Ресей аумағына пайдаланылған ядролық отынды әкелуге рұқсат ету туралы заң жобалары бола алады.

Ғаламдық, оның ішінде экологиялық поблемаларды шеніу кедейлік, аштық, сауатсыздық, жұмыссыздық, мәдени деңгейдің төмендігі сақталып тұрған жағдайда мүмкін емес. Кедейлік - "демографиялық күрт өсудің" басты қозғаушы механизмі, оның 90%-ы дамушы елдерге келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]