Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ecology_ref_36.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.34 Кб
Скачать

23

Мазмұндама

КІРІСПЕ 2

1 ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 4

1.1. Адамзаттың XXІ ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы 5

1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері 8

1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы 14

1.5 Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары 17

1.6"Таза ауыз су" проблемасы 18

Қорытынды 20

Қолданылған әдебиеттер 22

КІРІСПЕ

«Экология» терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос — үй, тұратын жер, логос — ілім).

Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді — жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінемізң.

Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы — Популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.

Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.

Өткен ғасырдың 60—70-жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді.

Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен, мұнай, ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа, оған тән емес қалдықтар — пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.

Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері «экологияның» анықтамасын өзгертті.

Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады.

Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды.

Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992 ж.) «Үлкен экология» деп атады.

Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына келді. Олардың кейбіреулерін келтірейік.

Н.Ф. Реймерс: «Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойьшша Жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды».

Ю. Одум: «Экология — табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы».

Н.А. Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]