Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_4_1Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.08 Кб
Скачать

1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).

2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.

Көптеген уланулар орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен ерекшелінеді. Мырыш, нитрит-нитраттармен және фенол қосындыларымен уланғанда жануарларда қозу, кейде қысылу және кұйзелуі секілді жүйкелік өзгерістер байқалады. Құрамында миметикалық заттары бар фосфорорганикалық заттармен уланғанда парасимпатикалық жүйке жүйесі зақымданып, көз қарашығының тарылуы, саливация (сілекей ағу), тыныс алудың және жүрек ритмінің бәсеңдеуі секілді белгілер байқалады.

Құрамында парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін заттарға жататын атропин алколоиды бар өсімдіктерден немесе препараттардан уланғанда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, көз қарашығының кеңейюі және тамыр соғуының жиілеуі байқалады. Сонымен қатар, цианогенді гликозидтерден, нитрат-нитриттерден уланғанда, тыныс алу жүйесі зақымданып, тыныс алудың жиілеуі және қиындауы, тиомочевинадан уланғанда - өкпе ісініп, малдың тұншығуы, зооцидтерден уланған малдарда жүрек - қан тамыр жүйесі зақымданып, нүктелі қан толулар секілді белгілерді байқауға болады.

Улануға балау қоюда несеп бөлінудің бұзылуы және несеп құрылысы мен қасиеті өзгерісінің айтарлықтай маңызы бар.

Нитраттармен уланғанда несеп бөліну бұзылып, полиурия, гематурия; сынап қосылыстарымен уланғанда олигурия секілді белгілер білінеді. Хлораттар мен нитраттардан, сондай-ақ люпиннен, еркек у сасырдан және басқа өсімдіктермен уланғанда несеп түсінің өзгеруі байқалады.

Уланудағы байқалған кейбір белгілерге қарай салып жануарлардың улануына балау қою мүмкін емес.

Нақты балауды төмендегідей белгілерге қарап қоюға болады:

-мал өлексесіндегі клиникалық белгілер.

-сойғандағы патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

-химиялық-токсикологиялық талдаудың нәтижесі (азық қалдығы, құсық массасы, несепті, патологиялық материалдарды, химикаттарды тексеру нәтижесі).

Уланудағы болжау

Жануарлардағы улануды болжау әртүрлі болады. Ол көптеген себептермен анықталады, басты себептері болып мыналар саналады:

- Удың белсенділігі.

- Ағзадан улардың тез шығуы немесе олардың бейтараптануы

- Ағзаға енген удың мөлшері және оның құрамы (концентрациясы, жағдайы).

- Ағзаның физиологиялық дәрежесінің бұзылуы.

- Удың ағзаға әсері және енген кезде байқалатын реакциясының көрінуімен сипатталатын клиникалық белгілер, болжау шешуші факторы болып табылады. Ағзаға енген удың концентрациясына, олардың түрлеріне, малдың жалпы жағдайына және клиникалық белгілеріне байланысты болжау кебір жағдайларда қолайлы, кейде қолайсыз болып табылады.

Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Уланған мал өлексесін союдың тек балаулық қана емес, сондай-ақ, соттық-ветеринарлық маңызы да бар.

Соттық-ветеринарлық сою соттық-ветеринарлық сараптаудың бір бөлігі болып табылады және тергеу мекемелерінің қатысуымен жүргізіледі.

Өлексені диагностикалық сою тек ұлпалар мен мүшелердегі өзгерістерді анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге гистологиялық және басқа да зерттеулерге сынама алу мақсатында жүргізіледі. Соңғылары, әсіресе, жіті улану кезінде макроскопиялық өзгерістері байқалмаған жағдайда өте қажет.

Өлексені диагностикалық сою кезінде, алиментарлық уланудан ас қорыту жүйесінде, бауырда және несеп-нәжіс бөлетін мүшелерде айтарлықтай өзгерістер болатынын есте ұстау керек.

Улануды балауда асқазандағы азық қалдығын тексерудің және иісінің зор маңызы бар. Мысалы, мышьяк қосылыстарынан уланғанда сарымсақ иісі шығып тұрады.

Бауырдағы өзгерістер әртүрлі болып келеді және ол өзгерістерді жіті уланумен қатар, созылмалы интоксикация кезінде де анық байқауға болады. Мысалы, люпиннен, ауыр металл қосындыларынан және хлор препараттарынан созылмалы уланғанда бауырдың сарғыштанып, атрофиялануы (семуі) сияқты белгілер білінеді.

Улану кезінде, несеп бөлу ағзаларында да үлкен өзгерістер болады. Мысалы, айқын көрінетін нефроз сынап қосылыстарынан уланғанда көрініс тапса, нитраттармен уланғанда гиперемиялық қан ұюларды байқауға болады. Сондай-ақ, қан түсінің өзгеруінің де үлкен диагностикалық құндылығы бар. Мысалы, сутек тотығынан уланғанда қан қызыл шие түстеніп кетсе, метгемоглобин түзетін улармен уланғанда қан қоңыр немесе қоңырқай (шоколад түстес) түстеніп кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]