Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_4_1Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.08 Кб
Скачать

Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі

Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді.

Біріншіден, шаруашылықта улы химикаттар түріндегі кездесетін улы заттар бар ма немесе кездесе ме, соны анықтап алу керек. Улы химикаттарға – фтор, барий, мышьяк, сынап, мырыш және басқа заттар, сондай-ақ, инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, дефолианттар және т.б. жатады. Бұл категорияға кейбір минералды тыңайтқыштарды да жатқызуға болады. Кәзіргі уақытта, мұндай пестицидтерді қолданбайтын бірде-бір шаруашылық жоқ. Сондықтан да, олардың тек қана номенклатурасын, санын, әр препараттың қасиетін, пайдалану туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен бірге, шаруашылықтағы жануарлар мен ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу керек.

Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге жақын орналасса.

Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға байланысты. Құстарға, сондай ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін, деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет етеді.

Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минеральды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.

Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі – мочевина т.б.) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да малдардың улануына әкеліп соқтырады.

Шөп коректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде анағұрлым көп уланады.

Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты, жер отының сапасы өзгергенде, жайылым малдарының жаппай уланатыны белгілі жағдай.

Улануды клиникалық бағалау

Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту сатысы және ерекшелік сипаттары бар.

Олардың негізгілері болып мыналар табылады:

-аурудың аяқ асты болуы, қарқынды өту кезі және ауырған жануарлар мен құстардың жіті өлімі.

-аурудың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі)

-бірнеше жануарлардың бір уақытта улануы (ауруы).

-контагиоздың болмауы (жұғымталдығы).

-жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің білінуі.

Улануды балау айтарлықтай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек клиникалық белгілеріне қарап, балау қоя беру әрқашан мүмкін бола бермейді.

Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет- шаруашылықта жұқпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру қажет. Өйткені, жұқпалы аурулар мен уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы, жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға «уланған» деп балау қойсақ, нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды «жұқпалы аурумен ауырған» деген шешімге келсек немесе балауда кеткен басқа да қателіктер шаруашылыққа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын үлкен экономикалық шығын немесе зардап әкеледі.

Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау қоюда дене температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы, уланудың басым көпшілігінде, жануарлардың дене температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура әдетте жоғары болады.

Улануға клиникалық балау қойғанда төмендегі екі белгі дұрыс бағыт беруі мүмкін:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]