Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_4_1Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.08 Кб
Скачать

Удың жануарлар ағзасына әсері

Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету механизмін қарастырады.

Токсикокинетика- малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу,таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.

Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі – контактілі (жанасу), екіншісі- ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:

- Малдың уға сезімталдығы.

- Ағзаның жағдайы.

- Удың ағзаға ену жолдары.

- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

Малдың улы заттарға сезімталдығы

Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылық малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.

Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В» витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.

Ағзаның жағдайы

Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі, олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті әдетте жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты болады. Кейбір у түріне ұрғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.

Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы заттарға қарсы тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті төмендейді.

Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер түрінде байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауы да мүмкін Бірақ, ол залалсыздандырудың негізгі мүшесі – бауырға айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уақыт енуі, олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және гиперсенсибилизациясына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]