
- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
LІMac - (Лима атты автордың атымен байланысты)- малдарға ішке бергенде және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функционалдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты заттардың 1 мәрте еккендегі (мг/кг) ең төменгі мөлшері.
ЛМо- 2 апталық бақылау мерзімінде, жануарлар төтеп бере алатын улы заттардың ішке берілетін және терісі астына егілетін мөлшері. Мұнда мал ағзасында айтарлықтай патологиялық өгерістер болғанымен, малдар өлімге ұшырамайды.
ЛМ50 көрсеткіші - улы заттың мг/кг есебінде алынған, тәжірбиеге алынған жануарларды тері астына немесе ішке ішкізілгеннен кейін екі апта ішінде (50) өлімге душар ететін орташа мөлшері.
ЛМ100 көрсеткіші - жоғарыдағы айтылған жағдайда тәжірбиеге алынған жануарлардың барлығын (100) өлімге душар ететін уытты зат мөлшері.
ЛК50 (СL50) және ЛК100 (СL100)- бұл 20қ С температурада 2 сағат ішінде жануарларды 50% және 100% өлімге душар ететін улы заттардың 1мг/м ауадағы концентрациясы.
ҚБШМ - жануарлар ағзасында патологиялық өзгерістер тудырмайтын, улы заттардың ауадағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері.
ШАҚД- улы заттардың 1мг/м ауадағы шамамен алынған қауіпсіз деңгейі.
Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй- жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық ,газ) әсер ете береді.
Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын оның сіңгіштігі де соғұрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдерінің де көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgС12)- ерігіштігі өте жоғары улы зат, ал каломель болса (HgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде қолданылатын зат.
Әсер ету уақыты бойынша қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (OH, NH2,CH3,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метил радикалы (СН3) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.) түсу ерекшеліктеріне де байланысты.