
- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
1. Қарынға еккендегі уытты дәрежесіне қарай (ЛМ50 мг/кг) пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Өте күшті әсер ететін улы заттар 50-аз
ә) Жоғары улы 50-200
б) Орташа улы 200-1000
в) Улылығы төмен 1000-жоғары
2.Терілік-сіңу(резорбтивті) улылығына қарай(ЛМ50 мг/кг) пестицидтер 3-ке бөлінеді:
а) Айқын көрінетін
ә) Қалыпты көрінетін
б) Әлсіз көрінетін
3. Жинақталуына (кумуляция) қарай (жинақталу коэфиценті-К күн) пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Жоғары дәрежелі
ә) Көрінекті
б) Біркелкі
в) Әлсіз
4. Төзімділігіне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Өте төзімді 1-2 жыл
ә) Төзімді 6 айдан 1 жылға дейін
б) Біркелкі төзімді 1 айдан 6 айға дейін
в) Әлсіз төзімді 1 айға дейін
Бластомогендік әсеріне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Айқын канцерогенді
ә) Канцерогенді
б) Әлсіз канцерогенді
в) Бластомогенді
Тератогенді әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Айқын тератогенді
б) Тератогенді
Эмбрионды- улы әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Талғамды-аналық тәсілге улы әсері төмен
б) Біркелкі -әртүрлі әлсіз улы әсерлері бар
Аллергиялық құрамына қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Күшті аллергендер-төменгі мөлшерінің өзі аллергия шақырады
б) Әлсіз аллергендер -жеке мүшелерге әсер ететін аллергиялық заттар
Пестицидтер әртүрлі пішінде шығарылады:
Дусттар - өте ұнтақталған, бүркіп немесе құрғақтай қолдануға болатын ұнтақтар.
Дымқылдатылған ұнтақтар – сумен араластырғанда төзімді суспензиялар түзетін ұнтақтар.
Түйіршікті препараттар – топыраққа себілетін пестицидтер.
Ерітінді түріндегі пестицидтер.
Эмульсия концентраттары – сумен араластырғанда төзімді эмульсиялар түзетін пестицидтер.
Уланудың негізгі себептері төмендегідей жағдайларға негізделген:
Улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және қолданғанда қауыпсіздік шараларын және санитарлық ережелерді сақтамау.
Құрама жем шығаратын зауыттарда жемнің сапасын дұрыс бақыламау.
Жайылымдар мен шыбындық жерлерді дұрыс бақылауға алып, қадағаламау.
Өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білмеу.
Егін және мал шаруашылығының мамандарының бір-бірімен байланысының жоқтығы.
Егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минеральды тыңайтқыштар, улы өсімдіктер туралы білімдерінің таяздығы.
Ауыл шаруашылық мамандарының арасындағы уытты заттар және олардың зияндығы туралы үгіт-насихат жұмыстарының нашар жүргізілуі.
Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosіs toxіca) немесе өлімге душар болуы (dosіs letalіs) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг). Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса, улылығы аз зат болып есептелінеді.