
- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Орап-қаптау және зертханаға жіберу
Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады.
Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы, хлороформ - өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді.
Тексеруге жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, ұсақ жануарларды ( қоян, құстар, теңіз шошқасы) соймай-ақ, тұтас күйінде жіберуге болады. Ал үлкен малдардың мүшелерінің (бауыр,көк бауыр,өкпе және ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысынан 250-500г сынама алынады, жүрек және бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай, ал ми мен жұлыннан бірнеше кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су қалдықтарында да улы затқа деген күдік болса, әрқайсысынан 1 кг сынама алып, тексеруге жібереді.
Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кг немесе г), түсі,иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер жазылуы тиіс.
Зертханаға түскен зерзаттар 3 топқа бөлінеді:
1-бөлік тексеруге қолданылады.
2-бөлік қосымша ретінде.
3-бөлік мөрленіп, сақтауға жіберіледі.
Зерзаттарды қабылдаған зертхана қабылдау қолхатын беруге, ал тексеру қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
1. Биологиялық әдіс
Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген. Зертханалық жануарлардың( ақ тышқан, қоян, теңіз шошқасы) терісі астына және құрсақ қуысына азықтан алынған уытты заттың судағы немесе спирттегі экстрактысын егу арқылы, удың әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.
2.Биохимиялық әдіс
Қоянның гемолизденген эритроциттеріне ацетилхолинэстераза және Na, K, АТФ-аза ферментін қолдануға негізделген. ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар жоғын анықтағанда, сынаманың судағы экстрактысымен эритроциттерге әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан кейін, көрсетілген ферменттердің белсенділігін анықтайды.Фермент белсенділігінің 30-дық әлсіреуі, тексерілген зерзатта ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар екендігін дәлелдейді.
3. Химиялық әдіс
Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы принциптеріне негізделген. Колориметрия – улы заттардың әртүрлі рективтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кшендер түзілуіне негізделген. Боялу дәрежесіне қарай, тексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды. Құстар мен шошқаларға (бұл малдар ас тұзына өте сезімтал) арналған құрама жемнен NаCІ анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану үлкен нәтиже береді. Су құрамындағы алколойдтар: танин, сынап хлориді, фосфор. Вольфрам, фосфор-молибден немесе пикрин қышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін шөгінді түзеді.