Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_4_1Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.08 Кб
Скачать

Соттық-ветеринарлық сою

Соттық-ветеринариялық сою – тергеу орындарының жазбаша рұқсатымен жүргізілетін, соттық - ветеринариялық сараптаудың бір бөлімі. Союды тек күдік туған жағдайда ғана, жергілікті басқару орындарының немесе мал дәрігерінің шешімімен, екі-үш адамнан комиссия құрып, сою шараларын жүзеге асыруға болады. Комиссия құрылмайынша соттық-ветеринариялық сою жүргізілмейді.

Союдың нәтижелері бойынша хаттама толтырылады. Сою барысында ағзаның барлық мүшелері, ұлпалары толық тексеруден өтуі керек.

Хаттамада:

Сою жүргізілген күн (жыл,ай,күн және кейбір кездері уақыты)

Комиссияның құрылу себебі және олардың тізімі (мамандығы, атқаратын қызметі көрсетілуі керек)

Өлексені жалпы тексеру көрсеткіштері

Союдың нақты нәтижелері

Қорытынды

Соттық - ветеринарлық тексерудің хаттамасы төмендегідей жазылуы тиіс:

Ағзада және мүшелерде болған өзгерістер қатаң түрде толық, анық, қарапайым сөзбен, латын терминдері араластырылмай жазылуы тиіс. Себебі: комиссия мүшелері бұл сөздермен таныс болмауы мүмкін.

Мүшелерді суретеу: оның түсі, көлемі, тығыздығы, ағза ішіндегі орны, саны толық айтылуы тиіс. Суреттеу әрі қысқа, анық, қарапайым сөзбен, әр түрлі күдікті ойларсыз жазылады.

Сою толық жүргізілуі және ағза толық тексерілуі керек.

Соттық ветеринарлық хаттамада қай мүшеден тексерілуге зерзат алынғаны, көлемі, қалай оралғаны, жіберілген жері және өлексемен не істеу керек екендігі жазлады.

Хаттаманың қорытынды бөлімінде ағзадағы микроскопиялық тексерудегі негізгі өзгерістер жазылады. Мал неден өлгені жазылмайды. Қорытынды химиялық-токсикологиялық талдау шешімінен кейін қойылады.

Хаттаманы тексеріліп, оқылғаннан кейін комиссия мүшелерінің барлығы қолдарын қояды.

Токсикологиялық талдау

Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық – токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар,су, несеп, ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі мүше кесінділері (бауыр, бүйрек,өкпе және жүрек),улы химикат үлгілері (қабырға және еден қырындылары, астаудағы азық) болуы мүмкін.

Токсикологиялық зерттеуді обылыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады. Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды.

Оған :

1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты – жөні, тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс

2. Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлық сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі. Хмиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.

Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]