
- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
-
Азықтың түрі
Нитраттар (мг/г)
Нитриттер (мг/г)
Ірі қараларға арналған құрама жем
500
100
Шошқа және құстарға арналған құрама жем
200
5
Ірі азықтар
500
10
Көк шөп
200
10
Картоп
300
10
Қызылша
800
10
Сүрлем
300
10
Дәнді дақыл
300
10
Құрғақ сығынды
800
10
Өсімдік ұны
800
10
Күнжара, шрот
200
10
Ауыз суы (мг/г)
45
1
Соттық -ветеринарлық сараптау
Ауыл шаруашылығын химияландыру, өсімдік зиянкестеріне қарсы және т.б. мақсаттарда химиялық заттарды жиі қолдану барысында малдардың улануы үнемі болып тұратын құбылыс. Көптеген кездейсоқ улануларды мал шаруашылығы мамандарының токсикология саласындағы білімінің төмендігімен салыстырады. Малдардың минералды тыңайтқыштардан, әртүрлі пестицидтерден, сапасыз азықтардан, уытты өсімдіктерден және зиянды жәндіктер уларынан улануына жол беріп, алдын-алу жұмыстарын жүргізбеу, мамандардың қылмысты жауапкерсіздігі. Уланудан өлген малдардың улану себебін және кінәлі адамдарды анықтау үшін соттық-ветеринариялық сараптау жүргізеді. Сараптау жүргізу үшін төмендегідей материалдар қажет: ауру тарихы, соттық-ветеринариялық сою хаттамасы және азықтан, судан, өлген мал ағзаларынан алынған сынамаларды тексеру нәтижесі. Осы құжаттар негізінде соттық-ветеринариялық сараптау актісі толтырылады. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, түсіндірме және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімінде- сараптау жүргізілген күн және орны, оны жүргізудің себебі, тексерілетін затқа жалпы сипаттама, сонымен қатар, қатысқан адамдар тізімі көрсетіледі. Түсіндірме бөлімінде-тексеру жайлы нақты және қысқаша дәлелдеулер келтіріледі. Ал қорытынды бөлімінде тексеру нәтижесі, тексеру барысында туындайтын сұрақтарға жауап беріледі. Қорытынды сараптаушы қолымен расталынады. Сараптаушы алынған нәтижелер қорытындысын тергеушінің немесе айыптаушының (прокурор) рұқсатынсыз жария етуге құқы жоқ. Бұл талап орындалмаса, соттық-тергеу орындары сарапшыны ауыстыруға, жазалауына немесе қайта тағайындауға құқы бар.
Соттық-ветеринариялық сараптау барысында уланған малды соттық-ветеринариялық сойып, сынама алып, химиялық-токсикологиялық талдауға жібереді.