
- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Улану, басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай белгілермен ерекшеленетін категорияға жататын ауру. Жіті улану күтпеген жерден болады. Сондықтан да, улануды емдеуде шешуші маңызы бар алғашқы көмек, уланған жануарға дер кезінде көрсетілуі керек.
Уланған малға алғашқы көмекті дәрігер келгенге дейін, мал шаруашылық мекемелерінің жұмысшылары көрсетуі тиіс. Ол үшін:
1. Жануар ағзасына удың ары қарай түсуін тоқтатуы
2. Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету
3. Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар қолдану
4. Басқа жануарларда улану белгілері басталмай тұрғанда, күмәнді азықты алып тастап, сол жануарлардың ағзасына удың енуін тоқтатып немесе қысқартып қалу
5. Жануарларға көп мөлшерде су беру
6. Егер мүмкіндік болса, жануарды қорадан таза ауаға алып шығу.
7. Дәрігердің келуін тездетіп, оның көмегіне сүйену керек.
Жануардың түріне қарай, олардың ағзасындағы уды әртүрлі әдістермен бейтараптауға болады. Кейбір құсу актісі тән жануарлар ағзасын улы заттан босату мақсатында құстыратын заттар береді (апоморфин, вератрин). Ірі қара, жылқылардың асқазанындағы уды зонтпен жуу арқылы, ал кейбір жағдайларда руминаторлық дәрілік заттар көмегімен сыртқа шығаруға болады. Асқазанындағы улы заттарды тазалап алып тастағанменде, онда удың аздаған мөлшері қалып қалатынын есте ұстау керек. Ағзадағы улы заттар әсерін жою үшін, асқазан-ішек жолдарында олардың сорылуын азайтып, олардың уытты әсерін жоюға жағдай жасау керек. Осындай жағдайларда кілегейлі және ақзаттық препараттар қолданылады. Бұларға: алтей тамырының қайнатпасы, зығыр дәні, тауық жұмыртқасы және басқа да құрамында кілегей, крахмал, ақзаты және сүті бар препараттар жатады. Бұл заттар ішек қарын, асқазанның кілегейлі қабығын жұқа қабатпен жаба отырып, удың сіңімділігін төмендетеді, сонымен бірге, кейбір улы заттардың тітікендіргіштік және күйдіретін әсерінен қорғайды .
Улануды емдеуде адсорбенттерді қолданудың маңызы өте зор. Адсорбция - ас қорыту жүйесіне улы заттардың сіңуін айтарлықтай немесе толық тоқтатып тастай алатын, өте құнды физикалық әдіс. Адсорбентті заттар удың құрылысын бұза алмаса да, қолданғанда, олардың ағзаға әсерін тежейді.
Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбенттердің бірі- белсендірілген көмір. Оның алколойдтарды, сынап және мышьяк қосылыстарын, әртүрлі газ түзгіш уытты заттарды сіңіру қасиеті өте жоғары. Бірақ, қарындағы уға қарағанда, оның ішектегі уға әсері өте әлсіз. Сондықтан, малдың уланғанына біршама уақыт өтіп кетсе, адсорбенттермен қатар, белсенді іш өткізгіштер (карбохолин, пилокарпин,прозерин,глаубер тұзы) берсе, ем нәтижелі болары сөзсіз.
Төмендегі екі түрлі әдіспен ағзаға түскен уды құрғатуға және олардың уыттылық қасиетін жоюға болады:
- физикалық- улы заттардың адсорбциясы;
- химиялық- улы заттардың құрамының бұзылуы
Улы заттардың құрылымын бұзып, ыдыратып, уытты әсерін тоқтату үшін уға қарсы заттар қыбылдайды. Кәзіргі уақытта уға қарсы заттар антидоттар деген жалпы атпен кең таралған.
Фосфорорганикалық және карбаматты пестицидтерден уланғанда: атропин сульфаты - бронхоспазм, көз қарашығының тарылуы (миоз), сілекей ағу, қаңқа бұлшық еттерінің треморы және дірілі секілді клиникалық белгілерді жою үшін; тропацин - антихолинэстеразды заттардың жүйке жүйесін салдандыратын уытты әсерін жоятын холинолитик ретінде; фосфолитин-холинолитикалық әсер ететін атропин тәрізді химиялық зат түрінде; дипироксин - фосфорорганикалық қосылыстардың уытты әсерінен қызметі төмендеген жүйке жүйесіндегі ацетилхолинэстеразаны қуаттандыратын зат ретінде қолданылады. Бұлармен қатар, диэтиксим, токсогонин, изонитрозин, дипраксим секілді антидоттар көмегімен уланудың бетін қайтаруға болады.
Хлорорганикалық қосылыстардан уланғанда токоферол ацетатының (Е витамині ацетаты) антидоттық әсері өте жоғары.
Ауыр металдардан уланғанда: унитиол - жіті және созылмалы уланғанда жоғары дәрежелі емдік қасиет көрсететін антидот; тетацин-кальций - қорғасын, сынап, кобальт және кадмий сияқты металдармен уланғанда қолданылады; пеницилламин - мыс, мышьяк және т. б. заттармен уланғанда қолданылатын у қайтарғыш.
Цианид, синил қышқылы және селеннен уланғанда тиосульфат натрийдің, натрий нитриттің, амилнитриттің емдік қасиеті өте нәтижелі.
Фтордан, ас тұзынан уланғанда ішке әк суын және 10%-ды хлорлы кальций ерітіндісін 0,1 мг/кг мөлшерінде күре тамырға егеді. Кейбір кездері антидоттардың орнына, улардың преципитациясын немесе тұнуын болдыратын заттарды да қолданады. Бұл жағдайда танин және иод ерітіндісі үлкен белсенділік танытады. Таниннің (еменнің қабығы ерітіндісі) 1%-дық сулы ерітіндісі немесе 10-20%-дық концентрациясы алколойдарды тұндырады. Йод ерітіндісі алколойдтарды шөктіреді, кобальт және мырыш қосылыстарының белсенділігін айтарлықтай төмендетеді. Ақ мышьякпен және кейбір алколойдтармен (морфин, кониин, атропин) уланғанда танинді антидот ретінде қолдану керексіз.
Умен қосыла отырып, оның құрылымын өзгертетін және кешендік сипаты бар қосылыстар түзетін уыттылығы жоқ дәрілік заттарды арнайы (спецификалық) антидот деп санауға болады. Мұндай әсердің көрнекті мысалы ретінде, ауыр металмен қатынастағы дикаптол және унитолды (әсіресе құрамында сынап және мышьяк бар препараттарды) айтуға болады. Спецификалық, бірақ поливалентті антидоттарға кейбір темір қосылыстарын, магний күкіртсутегін және т.б. жатқызуға болады.
Ағзаны улы заттардан тазалаған соң, зақымданған мүшелердің жағдайын жақсарту, яғни, симптоматикалық көмек көрсету керек.
Орталық жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер қысылуымен, тежелумен аяқталса, оған стрихини, ал қозғанда барбитураттарды қолдануға болады. Жүрек - қан тамыр жүйесі әлсірегенде, оның жұмысының жақсаруына камфора, кофеин және кордиамин препараттары көмектеседі. Асфиксиямен аяқталатын улануларда көмірқышқыл газын қолдану, ал синиль қышқылымен уланғанда метгемоглобин түзушілерді қолдануға кеңес беріледі.