
- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол заманда улар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін «Улар» деген атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар «у» деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды.
Бұл ретте ұлы ғұлама ғалымдардың «у» туралы, улы заттардың табиғаты жайында, айтқан ой түсініктемелерін келтіре кетейік: «Өз табиғатында әсері өлімге соқтыратын заттардың барлығыда улар» (Әбу Әли Ибн Сина); «Улар - тіршіліктің құпия жақтарын зерттеуге арналған нәзік құралдар»(И.Павлов); «Улар тірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін бұзатын, яғни уландыратын (токсикалық әсері) немесе тіршілік етуді тоқтататын заттар( (С.В. Аничиков); (У дегеніміз ағзадағы биохимиялық құбылыстардың қалыпты жағдайда өтуін бұзатын, сол арқылы физиологиялық қызметті әртүрлі дәрежеде тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты бөлек химиялық қосылыстар»(С. Н. Голиков);
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В. Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: «У» дегеніміз – тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат. Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану- жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану- салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыту , тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos-бөтен) әсерінен болады.
Улы заттардың жіктелуі
Кәзіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы , яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары кәзіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін .
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа бөлінеді: