
VI. Қарағай қабық құрты мен феромондардың әрекеттесуі.
Қарағай ағаштарындағы қабық құртының көбеюі ағаш сүрегінің құндылығын нашарлатты. Көп жылдар бойы оларды жою және бақылау жұмыстары жасалған. Солтүстік Америкадағы көптеп зақымданатын ағаш түрі - сары қарағай(Pinus ponderosa). Зақымдануды туғызатын түрлі зиянкестер бар, соған қоса сары қарағай қабық құрты (лубоед) (Dendroctonus brevicomis ) мен колифорния қабық құрты (Ips paraconfusus) жатады. Насекомдар мен ағаштардың ара-қатынасы өте күрделі сатылардан тұрады. Негізгі мағлұматтар америкалық энтомологтардың жұмыстарымен шектелген(Silverstein et al., 1968 Wood, Silverstein, 1970; Wood, 1973).
4,11 сурет Лубоед- сары қарағай әрекеттесулері
4,12 сурет Қабық құрты- қарағай ағашы арасындағы әрекеттесулердің химиясы
4,3 кесте Терпеноидтар құрамының қоңыздар үшін синергетикалық әсері
Феромондар қоспасы |
24 сағат ішіндегі еліктірілген аталықтар саны |
Бревикомин+фронталин Бревикомин+фронталин+мирцен Бревикомин+фронталин+лимонен Фронталин+3-карен |
193389 196 34 |
1 бұл қосылыс аналықтарды еліктіреді
D.brevicomis түрінің ағашта қоныстануының сатылары 4,11 суретте. Осы процессте қатысатын кейбір химиялық элементтердің формулалары 4,12 суретте көрсетілген.
Қарағай сүрегінің шайырлы қосылыстары ұшқыш терпендерге бай келеді, олар ағаштардан бу күйінде бөлініп тұрады. Бұл будың компоненттері қабық құртының аналықтарын еліктіреді де олар ағаш қабығын жей бастайды.( 1 стадия).
Аналықтары ағашқа қоныстанып алған соң көбею үшін аталықтарды еліктіреді (2 стадия). Аналықтар 3 компоненттен тұратын қосылысты түзеді. Олар шайырдан алынатын мирцен және екі бициклдік кеталей- экзобревикомин мен фронталиннан тұрады. Феромон қосылысымен еліктірілген аталықтар аналықтарын ұрықтандырып жаңа ұрпақ қалдырады. Ағаш қабығында өмір сүретін аналықтар популяциядағы жыныстардың ара-қатынасын бөліп отырған феромондардың құрамын өзгерте отырып реттейді. (3 стадия). Зерттеулердің нәтижесінде зақымданған ағаштан алынған ұнтақта сол 3 компонент бар екені анықталады. Бұндай қосылыс аталық пен аналықты 1:1 қатынасында еліктірген болса, фронталинді алып тастағанда 2:1 қатынасқа өзгереді.
4 стадияда аналықтардың феромондарды бөлуі тоқтатылып, керісінше аталық репеллент вербенон бөлінеді. Вербенон қоныстанатын аймақта аталық даралардың одан әрі көбеймеуін қадағалайды. вербенон ағаш қабығының терпендері α-пиненнен екі сатылық қышқылдану процесінен түзіледі.
Қоңыздар қорек арқылы алған қосылыстарды екі түрлі жолмен қолдана алады: құрылымын өзгертпей (мирцен) немесе аздап модификациялай ( вербенол, вербенон). Бұл қосылыстардың әрекеттесуіндегі синергизм де байқалады (4,3 кесте). Аталық аттрактанттың максимальді әсері болуы үшін онда 3 компонент толығымен қатысуы керек. Фронталин мен бревикомин қоспасына мирценді қосса аттарактанттың әсері жоғарылайды. Мұнда мирцен ең басты қосылыс, тіпті оны құрылымы жағынан ұқсас лимоненмен алмастырғанда әсері күшті болмайды. (4,3 кесте). Сонымен қатар фронталин мен 3-карен қосылысы аталықтарды емес аналықтарды еліктіретінін айта кеткен жөн.
Күрделі әрекеттесулердің басты бөлігі деп біз қоңыздар организміндегі α-пиненнен вербеннің пайда болуына жауапты микроорганизмдерді айтамыз. Осылай Ips paraconfusus түрінің ішегінен α-пиненді вербенолға дейін қышқылдандыратын бактериялар табылған. Ал Dendroctonus қабық құртының симбиотикалық саңырауқұлағы вербенолды вербенонға дейін қышқылдандыра алады.( Brand et al., 1976). Сондықтан қожайын-өсімдіктегі микроорганизмнің жетілуі оның насекомдармен сәтті колонизациялануына себепкер болады.
Осындай күрделі экологиялық қарым-қатынастарды көре отырып бір шешімге келуге болады. Демек ағаштардың өздері де қоңыздардан қорғану үшін шайырдың құрамын өзгертіп тұруы мүмкін.
Ағаштар ксилемасынан бөлінетін шайыр терпенінің популяциялық өзгерістерін бақылау барысында ғалымдар лимонен концентрациясы жоғары болған ағаштарда басқа монотерпендердің (α- және β-пинен , 3-карен мен мирцен ) концентрациясы өзгермелі келетінін аңғарады( Sturgeon,1979). Сондықтан насекомдар лимонен концентрациясы жоғары ағаштарды жеуге қорқады, себебі олар токсикалық әсерін тигізіп қоректік детеррент қызметін атқарады. Қабық құрттары лимонен мөлшері аз,бірақ феромондық қасиеті бар жоғары деңгейдегі α- пинен кездесетін ағаштарды талғайды(4,11 сурет). β-пинен Dendroctonus brevicomis түріне зиянды әсері аз болады.
Осындай талғамалылық D.pseudotsugae қабық құртымен зақымданған лжетсуга тисолистнаяға тән. АҚШ-тың батысында бұл ағаштарды шайыр құрамындағы α- және β-пиненнің болуына қарай ажыратады. Бұл жағдайда қоңыздарға деген репеллент β-пинен болып саналады, сондықтан да α- және β-пинені жоғары дәрежедегі ағаштардың насекомдармен зақымдануы байқалмайды(Heikenen,Hrutfiord,1965).
Мәліметтердің барлығын қосып қарағанда біз қабық құрттарының қожайын өсімдіктегі химиялық құрылымды талғайтын фактор болып табылатынын аңғардық. Бұл фактордың ұзақ уақыт бойы әсер етуі ағаштардың санының азаюына әкеледі. Дегенмен де қабық құрттары ағаш терпендерінің құрамының өзгерістеріне де төзе алады. Бірақ әлі күнге шейін қабық құрттарына қарсы феромондық тұзақтар қолданылуда.
Әдебиеттер