Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4_tarau_119-135_Rysbekova.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.41 Кб
Скачать

II. Өсімдік эстрогендері

30 жылдар әдебиетінде пайда болған құрма пальмасы мен анар ағашы тұқымында аналық жыныс гормондарының болуы туралы хабарлама күмәндікпен қарсы алынды (Butenant, Jacobi, 1933). Бұл жылдары химиялық сәйкестендіру салыстырмалы түрде қарапайым болғандығын ескерсек, бұл зерттеулердің сынға түсуін ақтайтын айғақты береді .Бірақ соңғы жылдары жоғарыда аталған және басқа объектілерді аса дәл аналитикалық әдістер көмегімен зерттелінді (4.1 кесте) және қазіргі таңда аталық және аналық жыныс гормондарының өсімдікте болуы ешқандай күмән туғызбайды (балама көзқарастар Van Rompuy, Zeevaart, 1979).

4.1. Кесте. Өсімдіктерде табылған адамның жыныс гормондары

Қосылыстар

Өсімдік

Концентариясы, мг/кг

Эстрон

Құрма пальмасы, Phoenix dactylifera

Тұқымы

0,4

Тозаңы

3,3

Эстрон

Анар ағашы, Punica granatum

Тұқымы

17,0

Эстриол

Тал, Salix

Гүлдері

0,11

Эстрон

Алма ағашы, Malus pumila

Тұқымы

0,1

17 – β – Эстрадиол

Фасоль, Phaseolus vulgaris

17-β- Эстрадиол

Тұқымы

Тестостерон

Қарағай, Pinus sylvestris

Тозаңы

0,08

Андростендион

Қарағай, Pinus sylvestris

Тозаңы

0,59

Андростантриол

Гаплопапус Haplopappus heterophyllus

-

Сілтеме (Heftmann.1975) және (Young et al., 1978)

Олар ізді мөлшер бойынша кездеседі және бөлек үлгілердің арасында үлкен сандық шашыраңқылық байқалады. Эстрогеннің анар тұқымында өте жоғары концентрацияда табылуы (17 мг/кг) (Heftmann et al., 1966) Дин және басқаларының (Dean et al., 1971) күмәнін туғызды, себебі олар анардан азырақ көрсеткіш алған болатын. Дегенмен, соңғы топ жазушылар эстрогеннің дәндерде, жапырақтарда және тамырда кездесетінін айтқан. Әзірше 4.1. кестеде алынған мәліметтерден өсімдіктерде жануарлардың жыныс гормондары ізді мөлшер бойынша да кең таралған деп шешім қабылдауға болмайды. Өсімдіктер құрамында бұл қосындылар өте аз мөлшерде кездеседі және оларды әдіске жұмсалған еңбекпен сәйкестендіру көптеген қиындықтар туғызады. Олар кездейсоқ түзілуі мүмкін, мысалы, өсімдік стеролдарының синтезіне әкелетін аса қажетті метоболизмнің жанама өнімдері немесе өсу және дамуды басқаруда, сонымен қатар, өсімдіктерде жыныстың байқалуы кезінде түзілуі мүмкін. Бірқатар өсімдіктер түріне экзогенді енгізілетін бұл гормондардың әрекеті зерттелген. Сол кезде мынадай әсерлер байқалады: кесте мында

  1. Эстрогендер дәннің және ұзындықтың өсуіне ықпал етеді;

  2. Эстрогендер гүлдердің дамуына әсер етеді;

  3. Эстрогендер сияқты андрогендер де қиярда аналық гүлдерінің пайда болуына әсер етеді;

  4. Equisetum-ды тестостеронмен өңдеуде аналық өсінділер саны көбейеді. (Heftmann, 1975). Бұл мәліметтер жыныс гормондарының өсімдіктерде эстрогенді қызмет атқарады деп тұжырым жасауға жеткіліксіз. Бірақ қандай да болмасын жағдайды қарастырсақ та, өсімдікте аналық немесе аталық жыныс гормондарының болатындығында еш күмән жоқ. (4.1. сурет).

Әйелдерде, сиырларда немес саулықтарда менструалды циклдың өсімдіктер арқылы бұзылысқа ұшырауы, өсімдік ұлпасындағы эстроген табиғатының сәйкестендірілмеген қосындылары туралы мәліметтер, мүмкін, эстрогендер өсімдік табиғатында 4.1. кестемен салыстырғанда әлдеқайда кеңірек тараған деген болжам бар. Мысалы, Голландияда II дүниежүзілік соғыс кезінде тағам өнімдерінің жетіспеушілігінен, бәйшешек пиязшығының тағамға пайдаланылуының арақатынасын бақылады, сол кезде әйелдерде овуляцияның жетіспеушілігі және менструалды циклдың бұзылғандығы байқалды. Әйелдердің және сиырлардың эструс процесіне әсер ететін көзі ретінде сарымсақ, арпа, сұлы, кофе, күнбағыс, райграсс, ақжелкен және картоп түйнектерін атап өтуге болады. Бұл өсімдіктердің кейбірінде немесе барлығында гормондардың өзі емес, олардың қызметін атқаратын қосылыстар болуы мүмкін. Эстрон қызметті қосындыларды іздегенде өсімдік шикізаттарын өте мұқият зерттеу кезінде, мирэстрол стероиды осындай ұқсатушы (имитатор) ретінде бөлініп шықты. 4.2. сурет таблица қою керек Сонымен қатар, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде саулықтардың күйлеуіне әсер ететін бірқатар ароматты қосылыстар табылды. Мұндай актитілікке қабілетті кез-келген өсімдік қосылыстарын жалпы «фитоэстрогендер» терминімен атау ұсынылған.

Бирма және Тайландтағы екіқабат әйелдер түсік шақырту үшін бұршақ тұқымдас өсімдік тамырларының сығындыларын пайдаланады деген мәліметтен кейін, мирэстрол бөлініп алынған болатын. Өсімдік Pueraria mirifica деп деп аталып (идентификацияланып), және оның белсенді факторы түбінен бастап сипатталады. (Bounds, Pope. 1960). Бұл қосылыстың құрылысы 4.2. суретте көрсетілген және табиғи аналық гормоны – эстрогеннің құрылысына өте ұқсас. Тері астына көбейтілген мөлшерде енгізілген мирэстрол 17-β–эстрадиол сияқты белсенді. Таң қалдырарлық бір жайт оны ауыз арқылы пайдаланғанда да түсік тудыратын қосынды ретінде активті. Медицинада жоғары активтілігі үшін эстронның орнына қолданылатын мирэстрол синтетикалық қосынды – диэтилстильбэстролға қарағанда 3 есе активті.

60-шы жылдары кейбір изофлавоноидтардың сүтқоректілерге эстрогенді әсер ететіні анықталды. Бұл кезеңде Австралияда жерастылық беде өсетін (Trifolium subteraleum) өсетін жайлауда қойларды әдеттегіге қарағанда ұзағырақ жаяды. Мұндай жайылымнан кейін қойлардың төлдеуі айтарлықтай төмендеген (70%-ға дейін). Жақын арада жоңышқаның құрамында бедеулікті тудыратын қосындының бар екені көрсетілді. Одан кейін қолданыстағы фактор бөлініп алынып және екі изофлавонның - гинестеин және формононетиннің қосындысы ретінде анықталды (Bradbury, White, 1954). Эстрон гормоны және әлдеқайда белсенді синтетикалық аналог – диэтилстильбэстрол құрылымы бұл қосындылардың құрылымын салыстыру изофлавондардың эстрогенді активтілігінің себебін тапты: олардың табиғи аналық гормонның стероидты ядросымен құрылымдық ортақтығы болатындығы анықталды. Мольға шаққандағы бұл қосылыстардың активтілігі айтарлықтай төмен (Biggers,1959), бірақ олардың күшті әсер ететіндігі, бәлкім, жоңышқа құрамында (құрғақ салмағының 1% жуығы) салыстырмалы түрде көптілігмен түсіндіріледі.

4.3. сурет салу керек

Бұдан да активті қосылыс – кумэстрол – кейінірек, Medicago sativa люцернасынан және Trifolium repens жоңышқасынан бөлініп алынды (Bickoff,1968). Кумэстрол генистеин және формононетинге қарағанда 30 есе белсенді болғанымен, изофлавондарға қарағанда in vivo-да тиімділігі төмен, сірә, бұршақ тұқымдастарынан жемшөпте аздаған концентрациясына байланысты болар. Шын мәнінде, кейінгі зерттеулердің (Shutt,1976) қорытындысы бойынша, қойды жоңышқамен қоректендіргенде айтарлықтай эстрогенді қызметті формононетин атқарады. Деметилденудің нәтижесінде және жануарлар организмінде аса белсенді қосылыс – изофлавонға жақын экволға ауысуы, бәлкім, оның проэстроген болуымен байланысты болар. Бұл изофлавонды 1932 жылдың өзінде Мэрриэн мен Хасливуд буаз биелердің зәрінен бөліп алған болатын (Haslewood, Marrian, 1932). Экволдың метаболизмін генистеиннің метаболизмімен салыстыру барысында күйіс қайыратын малдардың қарнында n-этилфенол бірінші болып активті емес затқа ауысатыны көрсетілді. Тағы бір жоңышқа изофлавоны – биоханин А генистеиннің аралық заты ретінде түзіліп, метаболизм процесіне қатысады (4.4 сурет).

Барлық изофлавондар жануарлар арқылы парентеральды инъекция жасағанда эстрогенді активтілікке ие болады. Тышқандарды тәжірибе ретінде алып, изофлавондардың активтілігі тышқандар құрылымына тәуелділігін зерттеуде үлкен жұмыс атқарылды (Biggers,1959). Нәтижесінде, ең жоғары активтілік үшін жұп жағдайдағы 2 гидроксил топтары болуы тиіс. Егер генистеиннің 4-ОН-тобын изогенистеин түзілетін 2-ОН-тобымен алмастырсақ, эстрогенді активтілік 75%-ға мөмендейді (Baker et al., 1953).

Ауылшаруашылық қызығушылығы көзқарасы жағынан жоңышқада және басқа да жем-шөптік бұршақ тұқымдас өсімдіктерде болуы үй жануарларына қауіп төндіреді, себебі бұл қосындылар олардың қалпына келуіне әсер етеді. Изофлавонның іске қосылуында келесі белгілер пайда болады: ұрықтандырылмаған қойларда лактация, қиындатылған босану, бедеулік. Trifolium түрінің әртүрлі зерттеулері олардың 18 түрінде де изофлавонның көрсеткіші T.Subterraneum түріндегідей жоғары болатынын көрсетті. Көптеген басқа түрлерде бұл көрсеткіш төмен. Шабындық жоңышқа селекциясы бойынша тәжірибелер жүргізілді және изофлавонның қауіпсіз төмен көрсеткішті тұқымдары іріктелді. Өкінішке орай, осыған дейін болған Австралия жайлауындағы жерасты жоңышқасының тұқымдарын алмастыру көп қиындықты туғызды, себебі олар жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген және топырақта тұқымның көп мөлшері жинақталған. Осындай жайлауда репродукцияға арналған қойлардың жойылуын азайтуға тырысқанымен, әр жыл сайын Австралияда миллионға жуық қойлар «Жоңышқа» ауруының кесірінен төлдер бермейді. Соңғы жылдары бұл мәселені шешу үшін иммунизация әдісін жетілдіруде (Shutt, 1976).

Изофлавондар бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі, демек, егер олар табиғатта детерренттер қызметін атқаратын болса, олардың қызметі осы тұқымдас өсімдіктермен ғана шектелген деп айтуға болады. Бірақ басқа бір өсімдіктерде дәл осындай қызмет атқаратын басқа химиялық қосылыс болмайды деп болжау дұрыс емес. Әлсіз эстрогенді активтілікті, мысалы, жабықтұқымдыларда кең таралған флавондар мен флавонолдар, көрсетеді.

Сонда мынадай сұрақ әлі де ашық қалуда, өсімдіктер изофлавондары эстрогенді активтілікке сүтқоректілерге қатысты қездейсоқ ие ме немесе бұл қосылыстар «алдын ала» өсімдіктер арқылы жайылым жануарларының өнімділігіне әсер ету үшін түзіледі ме?! Изофлавон ядросы қосылыстар синтезінің негізін құрайды, сонымен қатар бұршақ тұқымдастарының ауруға қарсы тұруын анықтайды, себебі, бұршақ тұқымдас өсімдіктерінде түзілетін фитоалексиндер генистеиннің және формононетиннің тотықсызданған түрінде болады (9 тарау).

4.4. сурет кою керек

Изофлавондардың экологиялық маңызды рөл атқаратындығы соңғы кездегі мәліметтермен дәлелденіп отыр (Leopold et al., 1976). Шын мәнінде, құстар (бөденелер) бұршақ тұқымдастарына бай жайлауда қоректенеді және бұл өсімдіктердің дәнінде изофлавонның болуы популяция санының реттелуіне өз септігін тигізеді. Жауын-шашын көп жылдары бұршақ тұқымдастарының жапырақтары жақсы дамиды да өсімдіктің өнімділігі жоғары болады, сондықтан ылғал массасына шаққанда изофлавон мөлшері төмен болады. Оны жеген құстардың денесінде изофлавон мөлшері аз болады, яғни оларға изофлавондар эстрогендік әсер етпейді, сондықтан жұмыртқа басу қалыпты өтеді. Бірақ құрғақшылық жылдары өсімдікте жапырақ саны мен ауданы азаяды да өнімділік төмендейді, ылғал массасына шаққанда өсімдіктің құрамындағы изофлавон мөлшері жоғарылайды. Эстрогендік әсер әсіресе ұрғашы бөденелерге кері әсер етеді, мұндай жылдары бұл құстардың басатын жұмыртқалары азырақ болады. Осылай тағамдық ресурстардың шектеулі жағдайында табиғатта өзімен- өзі реттелу жүйесі іске асады, яғни құстардың популяция саны төменгі деңгейде болады.

4.5. сурет сурет кою

Популяция санының табиғи шектелуі көптеген жануарлар қауымдастығына тән және фитоэстрогендер бұл жағдайда бөденелердің популяция санының бақылауындағыдай қызмет атқарады. Кейбір жануарлардың өсімталдығына изофлавоннан да әлдеқайда қарапайым молекулалар әсер етеді. Солай Бергер және басқалары ( Berger et al., 1977) ферулды және n-кумарлы қышқылдар, және олардың винильды ұқсастықтары (4.5. сурет) Солтүстік Америкада тіршілік ететін Microtus montanus шөпқоректі кемірушілерінде репродуктивті қызметіне кері әсер көрсетеді. Бұл қосылыстардың аналық организмге түсу барысында жатыр салмағының азаюы, фолликул дамуының кештетілуі, өнімділіктің азаюы байқалады. Сонымен қатар, кеміргіштердің 90 % құрайтын Distichlis stricta сораңында (солянка) өте көп мөлшерде 2 фенолды қышқылдар болады. Бұл қышқылдардың мөлшері, өсімдіктердің гүлдеу және ұрықтануы кезінде, яғни өсімдіктерде тіршілік кезеңінің соңғы кезеңінде кенеттен өседі. Тағамның құрамындағы бұл қышқылдар вегетацияның соңғы кезеңінде, тағам қоры шектеулі болған жағдайда, кеміргіштердің көбеюін бәсеңдетін фактор болады деп болжамдайға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]