
4 Тарау
Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы
гормональды байланыстар
I.Кіріспе
Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы гормональды байланыстар ежелден келе жатқан оймен түсіндіріледі, егер олардың гормональды жүйесі қаншалықты әртүрлі екендігін ескеретін болсақ, ғылымиға қарағанда ғылыми – фантастикалық ойға жақын. Жануарларда әдетте гормондар арнайы эндокринді бездер арқылы өндіріледі және ары қарай қан айналымы жүйесі арқылы әсер ету орнына тасымалданады. Жануарлар гормонының көпшілігі өзінің химиялық құрылысы бойынша пептидтер немесе стероидтарға жатады және әсер ету сипаты жағынан оңай классификацияланады.
Ал өсімдіктерде, керісінше, көптеген клеткалар гормондарды синтездеуге қабілетті. Синтез орны өсімдіктің дамуына байланысты өзгереді және гормондар салыстырмалы түрде тек қана жақын қашықтыққа тасымалданады. Өсімдік гормондары химиялық құрылысы бойынша әртүрлі және бірнеше құрылысты әртүрлі типтерге жатады, әсіресе, пуринді негіздерге (цитокининдер), амин қышқылдарына (ауксиндер) немесе терпеноидтарға (дорминдер, гиббереллиндер) жатады. Өсімдік гормондарының аса кең танымал түрі – өсімдіктерде клеткааралықтары арқылы таралатын газ этилен.
Бұл тарауда өсімдіктер мен жануарлар арасында гормональды байланыс қарастырылады. Бұл, әртүрлі деңгейде жүруі мүмкін және физиологиялық активті қосылыстардың тірі организмдердің әртүрлі типтерімен әрекеттесуді жүзеге асыра алу қабілеттілігіне байланысты. Кейбір жағдайларда жануар доминантты серіктес ретінде болады. Мысалы, жапырақ жегіш құмырсқа (муровьи-листорезы) саңырауқұлақтар колониясына ауксин жеткізеді, саңырауқұлақтар бойын және тіршілілік қабілеттілігін сақтау үшін сол арқылы қоректенеді. Егер өсімдіктер гормондарды және жануарлардың феромондарын синтездеп, жануар – серіктестің өмірі мен тіршілік қабілеттілігіне әсер етсе, мұндай өсімдіктер доминант болып табылады.
Жануарларға тән эндокринді жүйенің өсімдікте болмайтындығының айғағы ғалымдарға 30-жылдар жаңалығы сүтқоректілердің аналық жыныс гормондарының өсімдік клеткаларында табылғандығын жоққа шығаруға мәжбүрлейді. Дегенмен, соңғы жылдардағы аналитикалық тәжірибелер өсімдік клеткаларында адамның аналық та, аталық та жыныс гормондарының болатындығына күмән келтірмейді. Олардың өсімдіктердегі қызметі әлі анықталмаған, бұл жағдай өсуде, гүлдеуде, жынысының анықталуында маңызды рөл атқарады деген болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарастар Achlya bisexualis су саңырауқұлағында хемотоксикалық жыныстық зат қызметін атқаратын кейбір стероидты гормон – антредиоланың ашылуымен қолдау тапқан (Hendrix. 1970). Жыныс гормондары сүтқоректілердің өсімдіктерді жемеуі үшін синтезделеді деген балама пікір бар. Гормональды активтілік мұқият теңгермелі және белгілі мөлшерде, керек уақытта және керек жерде болса, қосылыстар тізбегі пайда болады. Сондықтан құрамында гормоны бар және керек емес уақытта қолданылған экзогенді тағам көзі, мысалы, көбею барысында қатерлі ықпал етуі мүмкін. Жануарларды үркітетін зат ретіндегі жыныс гормондарының қызметі туралы гипотеза эстрогенді активтілікке ие және құрылысы жағынан аналық гормондарына ұқсайтын бірнеше әртүрлі қосылыстары бар өсімдіктер болуымен дәлелденеді. Осы бөлімнің II тарауында өсімдіктер және жануарлар эстрогені туралы сұрақ қарастырылады.
Гипотеза пайдасына қарай өсімдіктер мен жануарлар арасындағы гормоналды байланыс мүмкіншілігін, ең алдымен, энтомологиялық зерттеулер және өсімдіктерде насекомдардың бір емес екі класс гормондарының табылуы негізін растайды. Бұл гормондар жеткілікті көп мөлшерде кездеседі және химиялық құрылымы жағынан әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың қызметі жайында әртүрлі көзқарастар айтылып жатыр, бірақ өсімдіктер насекомдардың метаморфозы, яғни көбеюіне әсер ету үшін оларды қалыптастырады деген пікір әбден мүмкін. Линьки гормонының және ювенильді гормондардың қатысы бар өсімдіктер (кактустар) және насекомдар (дрозофилалар) қарым- қатынасы туралы аса бір қызықты мысалдардың бірі IV тарауда сөз етіледі.
Өсімдіктер мен насекомдар арасындағы қарым – қатынасының тағы бір типі феромондардың болуымен байланысты. Бұл туралы біз өсімдіктердің иісі жайлы сөз қозғағанымызда тозаңдану экологиясы бөлімінде атап өттік. (70 бет). Бұл тарауда біз тамақтан насекомдар феромонының түзілуі мәселесіне тоқталамыз. Феромондар de novo насекомдары арқылы синтезделе алады, тағам құрамында кездесетін заттан синтезделеді немесе тікелей ешқандай өзгеріссіз өсімдіктерден түсе алады. Барлық 3 жағдай – қарағай – қабық құртының әрекеттесуімен іске аса алады. Бұл тақырып ең соңғы тарауда қарастырылады.