
- •1.Су микрофлорасы пәні мен мақсаты. Негізгі терминдер.
- •2. Сутоғандарының классификациясы мен типологиясы. Сутоғандарындағы экологиялық қуыстар. Су микробиологиясының даму тарихы.
- •3. Су микробиологиясының әдістері
- •4. Микроорганизмдердің суда таралуына әсер ететін факторлар
- •5. Тұщы су микрофлорасы. Ауыз суының микрофлорасы.
- •6. Теңіз және әлемдік мұхит микрофлорасы
- •7. Галофильді микроорганизмдер, олардың алуантүрлілігі, физиологиялық биохимиялық ерекшеліктері және олардың қоректену орталары
- •8. Теңіз микроорганизмдерінің физиологиялық топтары
- •9. Судағы фототрофты микроорганизмдері Фототрофты прокариоттар және эукариоттар. Олардың өзіндік тазалаудағы ролі.
- •10. Судың патогенді микроорганиздермен ластануы.
- •11. Сапробтылық. Биоценоз - сулардың сапробтылығын анықтайтын индикатор ретінде.
- •12. Су экожүйелерінің экологиялық жағдайының биомониторингі. Биоиндикация және биотестілеу
- •13. Микроорганизмдердің су тоғандарының өзіндік тазалаудағы ролі
- •14. Судың спецификалық ластануы және микроорганизмдердің рөлі.
- •15. Ластанған су экожүйесін биоремедиациялауда микробалдырларды қолдану
6. Теңіз және әлемдік мұхит микрофлорасы
Дүние жүзілік мұхит және құрлық бөлігіндегі теңіздерден тұрады. Дүние жүзілік мұхит суы микроорганизмдердің арнайы ортасы болып табылады. Ол судың тұзды құрамы, төменгі температура, жоғарғы қысым, органикалық заттардың аз концентрациясымен байланысты.
Дүние жүзілік мұхиттың ашық аудандарында микробтардың жалпы саны мұхит қабатында 1 мл – де бірнеше мыңнан жүз мыңға дейін жетеді, ал өте терең аймақтарда 1 мл – де жүз және онға жейін төмендейді.
Теңіздерді микроорганизмдердің саны көлдердегі сияқты жағадан тереңдікке алыстаған сайын төмендейді. Жағалық аймақта микроорганизмдердің саны ашық теңізбен салыстырғанда жоғары болады.
Теңіз суының органикалық заттардың құрамына азотты қосылыстар, көмірсу, органикалық қышқылдар, липидтер, витаминдер және т.б. органикалық заттар кіреді. Олар суда өлген өсімдік, жануарлар, және бактерия организмдеренің ыдырау деңгейімен жиналады.
Теңіздер мен мұхиттарды күкірттісутекпен байытудың негізгі себебі, сульфатредукциялаушы бактериялар болып табылады.Тионды бактериялар күкірттің минералды тотықсыздандырылған қосылыстарының немесе бос күкірттің тотығуы нәтижесінде энергия алады. Элементарлы күкірт күкірттісутектің, тиосульфаттың немесе сульфиттің тотығуының аралық өнімі болып табылады және де клетка сыртында жинақталады.
7. Галофильді микроорганизмдер, олардың алуантүрлілігі, физиологиялық биохимиялық ерекшеліктері және олардың қоректену орталары
Галофильды микроорганизмдер бұл теңіз суында жоғарғы деңгейде дами алатын микроорганизмдер түрі, олар судың жоғарғы концентрациялы тұздылығна бейімделген, тұз концентрациясы 2 ден 30 % дейін болғында дами алады. Галофильды микроорганизмдер, олардың әртүрлілігі және өндірісте қолданылуы. Галофильді прокариоттардың әртүрлілігі және мекен ету орталары. Галофильды микроорганизмдердің физиолого-биохимиялық ерекшеліктері. Органикалық заттардың микроорганизмдермен деструкциялануы және өнімділігі. Микробтық ортада трофикалық байланыстардың алуантүрлілігі.
8. Теңіз микроорганизмдерінің физиологиялық топтары
Галофилдер. Теңіз суындағы 2 ден 30 % дейінгі жоғырғы концентрациялы тұздылықта мекен етіп көбейе алатын микроорганизмдер. Психрофильды (салқынсүйгіш) және мезофильды (суққат төзімді) бактериялар. Психрофильды және мезофильды формалы бактериялар арақатынасы кезінде басымдылықты біріншілері көрсетеді, себебі теңіздер мен мұхиттар температурасы өте төмен болады.
Барофилдер – теңіздің терең ойыстары мен терең қабаттарында мекен ететін микроорганизмдер, олар өте жоғары гидростатикалық қысымға ( 50 МПа дейін) төзімді болады.Олардың көпшілігі Pseudomonas, Micrococcus және Bacillus туыстарына жатады. Продуценттер – цианобактериялар, оксигенді және аноксигенді фототрофты бактериялар жататын автотрофты микроорганизмдер, онымен қоса микрбалдырлар жататын топ. Деструкторларға басым көпшілік гетеротрофты бактериялар мен саңырауқұлақтар жатады. Су экосистемасының трофикалық тізбектеріндегі соңғы түйінге редуценттер – қарапайымдылар мен кейбір бактериялар жатады.