
- •Мазмұны
- •Жер сілкінісі туралы жалпы түсінік
- •Магнитудалар мен балдық қатынастардың кестесі
- •Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтарда орналасқан елді мекендер тізімі
- •Табиғи апаттағы шығын туралы мәліметтер берілген
- •Жер сілкінісі кезіндегі ғимараттар беріктігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әлебиеттер тізімі
Магнитудалар мен балдық қатынастардың кестесі
Магнитуда |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Балдар |
1-2 |
3 |
4-5 |
6 |
7-8 |
9-10 |
11-12 |
Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтарда орналасқан елді мекендер тізімі
Жер сілкінісінің үдемелілігі |
Елді мекендер атауы
|
Олардағы тұрғындар саны
|
6 балл |
Жаңатас,Қаратау, Өскемен, Лениногор,Серебрянск, Үшарал, Арыс, Кентау, Шардара, Шу |
797,5 |
7 балл |
Қапшағай,Зайсан, Үштөбе, Сарқанд, Шымкент,Леңгір,Жетісай,Талдықорған |
682,4 |
8 балл |
Жамбыл, Текелі, Жаркент, Сарыағаш |
409,1 |
9 балл |
Алматы, Есік, Қаскелен, Талғар,Гранитогорск |
1238,2 |
Қазақстанның жер сілкінісі ең қауіпті аймағының көлемі 450 мың км². Онда өнеркәсіптің негізгі қорларының біразы жинақталған, тұрғын үй қорларының 35%-і орналасқан шамамен республика тұрғындарының 40% осы аймақтарда тұрады. Әлеуметтік - экономикалық зиянның ауқымы жөнінде жоғарыда келтірілген кестеде айтылды
Табиғи апаттағы шығын туралы мәліметтер берілген
Уақыты |
Аумақ.Ел |
шығын саны адам |
9.06.1987 |
Верный Қазақстан |
329 |
1.09.1923 |
Канто Жапония |
143000 |
6.10.1948 |
Ашхабад Түрікменстан |
110000 |
31.05.1970 |
Шымбота Перу |
66000 |
27.07.1976 |
Таншань Қытай |
243000 |
7.12.1988 |
Спитак Армения |
24612 |
21.06.1996 |
Гилян Иран |
50000 |
15.01.1995 |
Кобэ Жапония |
5060 |
8.06.1995 |
Нефтегорск Сахалин,Ресей |
1960 |
Жер сілкінісі мүмкін болатын аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық құрылыстар мен зиянды өнімдермен жұмыс істейтін өндіріс орындары, улы және жарылғыштық қаупі бар материалдар қоймалары орналасқан. Қатынас және инженерлік желілердің жер сілкінісі кезіндегі бұзылуы да біраз қауіп төндіреді.
Ғимараттардың құрал-жабдықтардың зақымдауынан келетін шығындар ғимараттардың өзінің шығынынан кей жағдайларда бірнеше рет асып түседі.
1993 жылы 30 желтоқсанда Алматы облысында, негізгі орталығы Текелі қаласының аймағында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің нәтижесінде сілкініс жағдайына қолайсыз аландарға - шайынды топырақ үстіне орналасқан, жер сілкінісіне төтеп бере алатындай мүмкіндіктері қарастырылып салынбаған саманнан тұрғызылған үйлер мен қоқыс пен құм арасқан бетонды құрылытар үлкен зақымдауға ұшырады. 300-ден астам отбасы баспанасыз қалды. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, өзге де қоғамдық ғимараттар зақымдады.