Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
617-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
799.23 Кб
Скачать

Қазақстанда туризмнің даму кезеңдері

1875 ж. – А.В. Хорошкиннің Талғар шыңына шығуы.

ХХ ғасырдың басы. – Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі құрылды.

1910 - 1912 жж. - Әліби Жангильдинның жаяу «әлемді аралау» саяхаты.

1913 ж. – Батыс-Сібір казактар бригадасы офицерлерінің ең алғаш атпен жүруі

1923 ж. – КазЦИК-те дене шынықтырудың Жоғарғы кеңесінің құрылуы.

1924 ж. – Алматыда Жетісу облыстық дене шынықтыру кеңесінің құрылуы

1925 ж. – Алматыда "Допризывник" спорт клубы және ең алғаш рет альпинизм секциясы ұйымдастырылды.

1929 ж. – тау туризмінің энтузиастары Г.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.М. Зимин Іле Алатауына бірнеше рет туристік жорықтар ұйымдастырды және Есік көліне алғашқы туристік жорық жасады.

1930 ж. – құрамы 16 адамнан тұратын Алматы қалалық пошта және телеграф жұмысшылар ұжымы Ф.Л. Савиннің басқаруымен мына күрделі емес маршрутқа аттанды: Алматы – Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі

1931 ж. қаңтар – В.М. Зимин мына маршрут бойынша туристердің алғашқы қысқы шаңғы жорығын өткізді: Алматы– Ұзынағаш – Қордай асуы

1931 ж. – Алматы қаласында Жетісу губерниялық мұражайында ОПТЭ – нің бірінші ұяшығы құрылды.

1935 ж. бастап – альпинистер жаппай шыңға шығуды жүргізді.

1935 ж. – В. Зимин Талғар шыңын бағындырды.

1936 ж. – Е. Колокольников Хантәңір шыңын бағындырды.

1936 ж. - "Горельник" алғашқы туристік базасы ашылды.

1936 ж. – «Горельник» лагерінде республикалық альпинистер клубы құрылды.

1938 ж. – алғаш бұқаралық туристік шара - Көкжайлау үстіртінде слет ұйымдастырылды. (200 қатысушы)

1948 ж. бастап – Қазақстанда құзға шығу тәжірибелене бастады.

1952 ж. бастап – Орта Азия мен Красноярск өлкесі командалары арасында дәстүрлі әріптестік жарыстар өткізілді.

1952 ж. – Қазақстандық туристік-экскурсиялық басқарманың (ТЭУ) ашылуы 1954 ж. бастап – клубтың біріншілігі, 1960 ж. бастап клуб альпинизм бойынша Қазақстан чемпионатттарына қатысты.

1955 ж. – «Иссык» турбазасы іске қосылды.

1958 ж. – туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) ортаазиялық туристік-экскурсиялық басқарма деп атала бастады.

1959 ж. – «Алматы» турбазасының құрылуы.

I960 ж. – Казсовпроф кезінде туризм бойынша Республикалық басқармасының құрылуы.

1962 ж. – туристік-экскурсиялық басқарманың (ТЭУ) Туризм және экскурсия бойынша кеңестері болып қайта құрылуы.

1965 ж. – Алматыда және 5 облыстық кеңестерде (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент) Туризм және экскурсия бойынша Қазақ Республикалық Кеңесі ұйымдастырылды.

1968 ж. – Алматыға таяу жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылында орналасқан «Алматау» турбазасы ашылды.

1969 ж. – «Елде туризм мен экскурсияны ары қарай дамыту бойынша шаралар туралы» қаулы қабылданды.

1970 ж. бастап – Алматы автобазасы жұмыс істейді.

1975 ж. – «Медеу» мұз айдыны салынды.

1982 ж. – Эверест (Джомолунгмы, 8848 м) шыңына шығатын алғашқы кеңестік Гималай экспедициясының құрамына К. Валиев, Ю. Голодов, Е. Ильинский, В. Хрищатый, С. Чепчев деген алматылықтар кірді.

1988 ж. – туризм және экскурсия бойынша кеңестер туристік-экскурсиялық өндірістік бірлестіктер (ТЭПО) болып қайта құрылды.

1991 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігі құрылды.

3/VII 1992 ж. – «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

1993 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігінің Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт Министрлігі болып қайта құрылуы.

1999 ж. – Қазақстан Республикасының көлік, коммуникация және туризм Министрлігі құрылды.

2000 ж. - Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігі құрылды.

6/III  2001 ж. – «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы» қабылданды.

13/VI 2001 ж. – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң қабылданды.

29/Xll 2002 ж. – «2003-2005 жж. туристік саланы дамыту бағдарламасы» бекітілді.