Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
617-1.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
799.23 Кб
Скачать

Аймақтық ұйымдар Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы (эыдұ)

Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы Парижде бекітілген 1960 жылы 14 желтоқсандағы қаулы бойынша құрылды. Қаулыға сәйкес бұл ұйым келесі мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылды:

  • қаржылық тұрақтылықты бақылау жолымен ЭЫДҰ мүше-елдердің үзіліссіз экономикалық дамуы және өсуінің, сондвй-ақ тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етуінің, өмір деңгейін көтерудің жоғарғы қарқынына жету және осының салдарынан – әлемдік экономика дамуына үлес қосу;

  • ЭЫДҰ –на кіретін және кірмейтін елдердің экономикалық дамуына жағымды әсер ету.

  • халықаралық міндеттемелерге сәйкес көпжақтық, дискриминацияланбаған негізде әлемдік сауданы дамыту.

ЭЫДҰ мүшелілігіне: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италия, Япония, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания, АҚШ.

ЭЫДҰ туристтік комитет туризм мәселесін зерттеу жолымен ұйым мүшелерінің және Югославияның туризмін дамытуға әрекеттеседі. Туристтік комитет статистика және жыл сайынғы есеп беруді құрастыру әдістерін және стандартты анықтамалардың сақталуына белсенді ат салысады.

Азиаттық-Тынық мұхит туристік ассоциациясы (атмта)

Ассоциация 1951 жылы азиаттық-тынық мухиттық бағыттарды алға жылжыту және әрекеттесуді дамыту үшін құрылды. Бұл ассоциацияға Азиаттық-Тынық мухит аймақтағы 34 ел кіреді. Олар бір мақсатқа жету үшін бірікті: бұл үлкен аймақты туризм және саяхатты дамытуда жетістіктерге жету. Бұл ұйыммымен жүргізілетін жұмыстар, зерттеулер, даму, білім, және маркетинг бағдарламалары арқылы туризмді жылжытуға бағытталған. АТМТА ұқсас халықаралық ұйымдар арасында ең жақсы орындаушы репутациясына жетті.

Ұйым мүшелері идеялармен алмасады, мәселелерді шешу жолдарын іздейді, Азиаттық және Тынық мухит аймақтарында туризм болашағының жұмысына қатысады. Ассоциациядағы мүшелер саны 2 мыңға жуық. Құралғаннан бастап Ассоциация туризммен байланысты маркетинг, зерттеу, өңдеу, білім беру және басқа қызмет түрлері саласынан өзінің мүшелері үшін нақтылы және уақытылы ақпараттың маңызды бір көзі болып табылды.

АТМТА қызметі және оның ұзақ мерзімді жоспарлары жыл сайынғы Ассоциация конференциясында тексеріледі және бағаланады.

Менеджмент, маркетинг, өңдеу және зерттеу бойынша ұйымдасқан комитеттер Ассоциациялық бағдарламаларын жүзеге асырады. Баспа бөлімі көптеген есеп берулерді, зерттеу материалдарын және кезекті басылымдарды жариялайды. Негізгі басылым – «Тынық мухиттық туристтік жаңалықтар» - 58 мың дана тиражымен шығатын 3 аймақтық басылымдары бар ай сайын шығатын журнал. Баспа материалдарының арасында 80 % аналитикалық цифрлі мәліметтер және фотосүреттер құрайды.

АТМТА Секретариаты Сан-Францискода (Калифорния) орналасқан. Қызмет көрсетудің негізгі кеңселері Азиаттық аймақтың – Сингапурде; Тынық мухиттық аймақтың – Сиднейде; Америка – Еуропалық бөлікте – Сан-Францискода.

Глоссарий

 Саяхат –  бұл адамдардың уақыт пен кеңістікте қозғалуы, ал өзінің мақсатына, қозғалыс құралына және уақыт аралығына тәуелсіз саяхатта жүретін адамды саяхатшы деп атайды.

Туризм – бұл адамдардың ляззат алу және демалу, емделу, қонақтық, танымдық немесе кәсіби-іскерлік мақсаттарымен өзінің тұрақты мекенінен басқа елге немесе өзінің елі шегіндегі орындарға уақытша қозғалысы.

Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтiн қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетiн саяхаты.

Халықаралық туризм – Қазақстан Республикасының аумағында шетел туристеріне туристік қызметтерді және туристік өнімді ұсынумен (келу туризмі) және шетелде туристік қызметтерді және туристік өнімді ұсынумен (шығу туризмі) байланысты туризм сферасындағы кәсіпорындардың жүйеленген және мақсатқа бағытталған қызметі.

Туризм тарихы – көне заманнан және осы уақытқа дейінгі ең қарапайымнан бастап саяхаттарды  (жорықтар, экскурсиялар) зерттейтін ғылым. Бұл ғылым тек қана туристік саяхаттарды ғана емес, сондай-ақ олармен байланысты уақыт аспектісіндегі құбылыстар мен қатынастарды зерттейтін ғылым.

Керуен-сарай – біруақытта тұрақты және сауда үйі, керуендерге қатысушылардың уақытша қонысы болған.

Қонақжайлық аула – тек шетелдік немесе басқа жақтан келген көпес-қонақтарға берілетін көтерме саудаға арналған бөлменің көне атауы.

Таймшер – тек шектелген уақытқа ғана пайдалануға берілетін жылжымайтын мүлікке меншік нысаны.

Қонақжайлылық  (ағыл. Hospitality) – ескі француз тілінен hospice (хоспис), қонақ қабылдайтын үй.

Гранд-тур – қалталы адамдардың континентке сапарға шығуы; гранд-тур білім алуға, Жерорта теңізіне, өркениет көздеріне баруға мүмкіндік береді. Ол адамды білімді деп тануға қажет болып табылады.

Туризм географиясы – туризмнің аймақтық ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның пәні кеңістіктік туристік құбылыстардың және олармен байланысты кеңістікті өзгертетін және ауыстыратын процестердің нысандарын және арақатынастарын талдау және синтездеу болып табылады.

Туристік аймақ – демалысты, оқу процесін немесе емделуді ұйымдастыруға қажетті арнайы құрылғылары және қызметтерінің үлкен торабы бар аймақ.

Туристік ұйым – туристік аймақта координатор қызметін өзіне алатын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының ерекше түрі.

Граффити – грек және рим саяхаттаушыларының өздерінің барған жерлеріне тастарға жазған қысқаша алуан түрлі жазулары.

Феорлар – гректерге Олимпиадалық ойындардың басталғаны туралы жеткізетін арнайы елшілері.

Рекреация – адам күштерінің кең қайта қалпына келтіруі (физикалық, интеллектуалды және эмоционалды).

Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені

Турист - жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға

Туристік индустрия – бұл туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, қозғалыс құралдар, көлік құралдар, тамақтану объектілерінің жиынтығы.

Туристiк қызмет көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi);

Туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар

Туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;

Мәдени мұра объектілері – археология ескеркіштері, культтік және азаматтық архитектура, ландшафттік архитектура ескеркіштері, кіші және үлкен тарихи қалалар, ауылдық қоныстар, мұражайлар, театрлар, көрме залдары, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым, этнография объектілері, халықтық қол өнерлер, өнер орталықтары, техникалық кешендер және құрылғылар.

МАҢЫЗДЫ САЯХАТТАР МЕН ЖОРЫҚТАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ

Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттары

(3-ші мыңжылдықтан VI ғ. б.э.д. дейін)

Вавилондықтар

XXIV ғ. б.э.д. Саргон I-нің Вавилоннан Кипр аралына дейін жүзіп өтуі.

Египеттіктер

б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Снефрудың Ніл және Қызыл Теңізбен жүзіп өтуі.

б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Хуфхордың Египеттен шығып Эритрей теңізіне жүзіп өтуі.

б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Унның Қызыл және Эритрей теңіздерінде жүзіп өтуі.

б.э.д. 2000 ж. Шығыс елдері бойынша Синухиттың саяхаты.

б.э.д. 1500 ж. Пунт еліне Хатшепсуттың экспедициясы.

Гректердің маңызды саяхаттары мен ашылулары

б.э.д. 631 ж. Жерорта теңізі бойымен Колей Самосскийдің жүзіп өтуі.

б.э.д. V ғ. Гекатейдің Ніл жазығы мен Африканың солтүстік жағалауларына саяхаты.

б.э.д. 455 447жж. Геродоттың Египетке, Сицилияға, Солтүстік Қаратеңіз елдеріне кезбелері.

б.э.д. 335 - 324 жж. А.Македонскийдің Үндістанға жорығы.

б.э.д. 325 - 324 жж. Теңіз флотының бастығы А.Македонский – Неархтың Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігі мен Парсы шығанағы бойымен жүзіп өтуі.

б.э.д. 325 - 324 жж. Кратердің Александриядан Ормуз проливіне саяхаты.

б.э.д. 320 ж. Пифейдің Британ аралдарының солтүстігіне қарай жүзуі.

б.э.д. 307 - 306 жж. Селевканың Вавилоннан Үндістанға саяхаты.

б.э.д. 290 ж. Мегасфен Үндістанға барып, оны сипаттап жазды.

б.э.д. 210 - 202 жж. карфагендік қолбасшы Ганнибалдың Пиренеи және Альпі арқылы Батыс Еуропаға әскери жорығы.