Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
617-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
799.23 Кб
Скачать

Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (әкха)

Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы – 1919 жылы негізі қаланған және 1945 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қайта құрылған барлық халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. ӘКХА – халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ерержелер пен процедураларды еңгізу және халықаралық маршруттарға жолаушылар авиатасымалдарына келісімді тарифтерін орнату.

ӘКХА –ның жоғарғы органы – жыл сайыңғы Бас ассамблея, оған президент және атқарушы орган сүйенеді.

ӘКХА мақсаты – азаматтық авиация халықаралық ұйымдарының саясатын жүзеге асыру.

ӘКХА – бұл әуе тораптар маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана отырып бір елден басқа елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге әрекеттесу. ӘКХА көліктік конференциясында қабылданған резолюциялар тек билеттерге ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты.

Тарифтерді орнату - ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Барлық авиакомпаниялар арасында тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бұл бір уақытта саясат, тәжіребие болып табылады, өйткені халықаралық авиакомпаниялары иелерінің – мемлекет өкіметімен бақыланады. Әрбір ел - өзінің кеңістігінің иесі, ол өзінің территориясына кіруге тыйым салу немесе рұқсат беруі мүмкін және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады.

ӘКХА – ның мүшелеріне - халықаралық әуе сапарларын жасайтын 259 авиакомпаниялар кіреді. Бұл авиакомпанияларының үлесіне халықаралық тұрақты хабарламалардың 95 %-не жуығы келеді.

ӘКХА – ның мүшесі және конференция қатысушысы болуы үшін авиакомпанияларының өкімет беретін, халықаралық азаматтық авиация ұйымына да келетін, тұрақты тасымалдауды растайтын сертификаты болуы керек.

ӘКХА бүкіл жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа бөледі:

  1. Солтүстік және Онтүстік Америка және халықаралық линиядан шығысқа қарай тынық мухиттық аймақ бөлігі;

  2. Еуропа, Африка және Таяу Шығыс;

  3. Азия, Австралия және халықаралық линиядан бастықа қарай Тынық Мухиттық аймақ бөлігі.

Туристтік агенттіктер ӘКХА – ның қызметіне оның арнайы бөлімшесі – авиакомпаниялар агенттіктерінің халықаралық ұйымы арқылы қатысады. Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті белгілі-бір талаптарға сәйкес келетін әрбір турагенттікке – визиттық карточканың бір түрі ретінде номер беріледі және ол авиакомпаниямен және басқа салаларының қатысушыларымен есеп айырысуды жүзеге асырғанда пайдаланылады.

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (аахұ)

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы 1944 жылы Чикаго конвенциясымен белгіленді. Бірікке Ұлттар Ұйымының эгидасымен жұмыс істейді. ААХҰ қызметі әуе көлігі индустриясының қызметіне қатысты ұлттар тепе-теңдігіне негізделеді.

ААХҰ басты міндеті – халықаралық стандартқа және нормаларға сәйкес авиатасымалының қауіпсіз, мамандандырылған және экономикалы тиімді халықаралық нарықтарын дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.

Ұйым келесі мақсаттарды көздейді:

  • бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиациясының өсуін және дамуын басқару және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • сыртқы ортаны қорғау есебінен әуе құралдарын құру және пайдалану процестерін қолдау және көтермелеу;

  • әуежайларды, халықаралық авиация қажеттілігінің шарттарын құруды қолдау және көтермелеу;

  • авиакөлікке адамдардың негізгі талаптарын тиісті жақсы орындау; қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы, сапарларды реттеу, үнемділігі;

  • әртүрлі елдердің авиакомпаниялары арасындағы негізсіз қақтығыстарды болдырмау бойынша экономикалық шараларды көтермелеу;

  • ААХҰ мемлекет- қатысушыларының құқықтары толығымен сақталатынына қол жеткізу және әрбір елдің халықаралық авиакомпанияны иемденуге және басқаруға нақты мүмкіншілігі бар екендігіне қол жеткізу;

  • ААХҰ мемлекет-қатысушылары арасындағы дискриминацияны болдырмау.

ААХҰ мүшеліліге 183 мемлекет кіреді. ААХҰ келесі ұйымдармен тығыз қатынаста жұмыс істейді:

  • Халықаралық ақпараттық одақ;

  • Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым;

  • Электр хабарларының (коммуникация) халықаралық одағы;

  • Дүниежүзілік пошталық одақ;

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;

  • Халықаралық теңіз ұйымы.