Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-32.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

Анықтамалар (11-14-параграфтар)

Қаржы активтері және қаржы міндеттемелері

AG3. Валюта (ақша қаражаты) – айырбас құралы және осылайша, қаржы есептілігінде бағалау және барлық міндеттемелердің танылуы жүзеге асырылатын негіз болып табылатындықтан, бұл қаржы активі болып табылады. Банкте немесе осындай қаржы мекемесінде ақша депозиті қаржы активі болып табылады, сондықтан ол салымшының осы мекемеден ақша алуға немесе чек жаздыруға немесе кредитордың пайдасына қаржылық міндеттеме бойынша шотқа төлем жасауға шарт бойынша құқығын білдіреді.

AG4. Болашақта ақша қаражаттарының шарты бойынша талап ету құқығын қарастыратын, сонымен қоса болашақта төлемдерді жүзеге асыру шарты бойынша міндеттемені қарастыратын қаржы міндеттемелерінің жалпыға таныс мысалдары мыналар болып табылады:

(а) сауда операциялары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздары;

(b) алуы және төлеуі бойынша вексельдер;

(с) алуына және төлеуіне заем бойынша қарыздар;

және

(d) алуына және төлеуіне облигация бойынша сомалар.

Әрбір жағдайда шартта келісілген бір жақтың ақша қаражатының талап ету құқығы (немесе төлеу бойынша міндеттеме) екінші жақтың ақша қаражатының тиісті төлеу бойынша міндеттемесімен (немесе талап ету құқығымен) қамтамасыз етіледі).

AG5. Қаржы құралының басқа түрі алуға немесе жіберуге болжанатын шарт бойынша экономикалық пайдасы ақшалай емес нысандағы қаржы активі болып табылатын құрал болып табылады. Мысалы, төлем жасау мемлекеттік облигациялар нысанында жүзеге асырылатын вексель иеленушіге ақша қаражаттарын емес, мемлекеттік облигацияларды алуға шарт құқығын, ал эмитентке – беруге арналған шарт міндеттемесін береді. Облигациялар оларды шығарған үкіметтің ақша құралдарын төлеу міндеттемелерін білдіретіндіктен, қаржы активтері болып табылады. Осылайша, вексель оның иеленушісінің қаржы активі және оның эмитентінің қаржы міндеттемесі болып табылады.

AG6. «Мәңгілік» облигациялар, қамтамасыз етілмеген облигациялар және реттелген борыштық міндеттемелер сияқты «мәңгілік» борыштық құралдар әдетте оның иеленушісіне белгіленген күндерде пайыз төлемдерін алуға не негізгі соманы қайтару құқығынсыз, не оны қайтару құқығымен, бірақ оны ықтималдығы аз немесе ұзақ болашаққа жатқызылған жағдайда болашақта уақыты белгіленбей таратылатын шарт құқығын береді. Мысалы, ұйым тұрақты негізде жыл сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға талап ететін, 8 пайыз жария етілген ставкаға тең, жария етілген номиналды немесе 1,000 ш.б. негізгі сомаға қолданылатын қаржы құралын шығара алады. Шығару кезінде 8 пайыздық нарықтық пайыз ставкасының құрайтынын ескере отырып, эмитент 1,000 ш.б.-те әділ (дисконтталған) құн негізінде болашақ төлем пайыздарын шығаруға шарт міндеттемесін қабылдайды.

AG7. Қаржы құралының ұсынысын алуға немесе оларды ауыстыруға қарастыратын шарт құқығы немесе шарт міндеттемесінің өзі қаржы құралы болып табылады. Шарт құқықтарының немесе шарт міндеттемелерінің тізбегі, егер ол нәтижесінде ақша қаражатын алуға немесе төлеуге, не үлестік құралды алуға немесе шығаруға әкеліп соқтырса, қаржы құралының анықтамасына жауап береді.

AG8. Шартта көзделген құқықты немесе шарттық міндеттемені орындау талабын пайдалану қабілеттілігі абсолюттік болуы немесе болашақтағы қандай да болмасын оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, қаржы кепілдігі - кредитордың гаранттан ақша қаражатын алуға шарттық құқығы және гаранттың дебитор өзіне алған міндеттемесін орындамаған жағдайда кредиторға төлем жүргізетін тиісті шарттық міндеттілігі. Шарттық құқық немесе міндеттеме кредитордың өз құқығын іске асыру қабілеті және гарантқа өзі алған міндеттемесін орындауға талабы дебитордың болашақта өз міндеттемесін орындамауға байланысты болған кезде де өткен мәміленің немесе оқиғаның (қабылданған кепілдіктің) нәтижесі ретінде болады. Шартты құқық немесе міндеттеме осындай активтер мен міндеттемелер қаржы есептілігінде барлық уақытта танылмаса да, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді айқындауға сәйкес келеді. Осы шартты құқықтар мен міндеттердің кейбіреулері 4 IFRS Халықаралық стандартының қолдану аясындағы сақтандыру шарттары болып табылады.

AG9. 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандартына сәйкес қаржылық жалдаудың шарты, біріншіден жалға берушінің алу құқығы және жалгер міндеттемесі несиені беру туралы шарт бойынша негізгі соманың және пайыздардың аралас төлемдеріне ұшырауы барлық бірқатар төлемдерді жүзеге асыру ретінде қарастырылады. Жалға беруші салған қаражатын жалға берілген актив ретінде емес, жалдау шарты бойынша дебиторлық берешек сомасы ретінде санайды. Басқа жағынан, операциялақ жалдау бірінші кезекте жалға берушіні болашақ кезеңдерде активті пайдалануға берудің орнына, көрсетілген қызметтерге берілген сыйақыларға ұқсас қарсы ұсынуға міндеттеуін аяқталмаған шарт болып есептеледі. Жалға беруші шартта келісілген болашақта түсетін соманы емес, жалға берілген активті есептеуді жалғастырады. Осыған сәйкес, қаржылық жалдау қаржы құралы болып есептеледі, ал операциялық жалдау ондай болып саналмайды (жүзеге асыру мерзімі басталған жеке төлемдерді қоспағанда).

AG10. Физикалық активтер (мысалы, негізгі құрал), жалға алынған активтер және материалдық емес активтер қаржы активтері болып табылмайды. Осындай физикалық немесе материалдық емес активтерді бақылау ақша қаражаттарын немесе басқа да активтердің түсімін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді, бірақ ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активтерін алуға нақты құқықтың пайда болуына әкеліп соқтырмайды.

AG11. Болашақ экономикалық пайдасы ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активтерін алу құқығы емес, тауарларды немесе қызметтерді алудан тұратын активтер (авансталған шығындар сияқты) қаржы активтері болып табылмайды. Осылайша, кейінге қалдырылған табыс және кепілдік берілген міндеттемелердің көпшілігі сияқты баптар қаржы міндеттемелері болып табылмайды, себебі экономикалық пайдамен байланысты ықтимал шығу ақша қаражатынан немесе басқа да қаржы активтерінен емес, тауарларды және қызметтерді көрсетуден тұрады.

AG12. Мемлекеттік органдар енгізген нәтиже ретінде пайда болатын табысқа салынатын салық сияқты шартты емес сипаттағы міндеттемелер немесе активтер қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері болып табылмайды. Табысқа салынатын салықты есепке алу мәселесі 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартта қарастырылады. Осылайша, 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес жүктелген міндеттемелер шарттардан туындамайды және қаржы міндеттемелері болып табылмайды.

Үлестік құралдар

AG13 Үлестік құралдар мысалдарына мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялар, кейбір мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдар (16А-16В тармақтарын қараңыз), кәсіпорынға басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіру міндеттемесін жүктейтін кейбір құралдар (16С-16D тармақтарын қараңыз), бекітілген дивиденді бар акциялардың кейбір түрлері (AG25 және AG26 тармақтарын қараңыз), және иесіне ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына эмисссиялық кәсіпорындағы мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың бекітілген санына жазылуға немесе оларды сатып алуға мүмкіндік беретін купондар немесе жазылған колл-опциондар жатады. Кәсіпорынның өз үлестік құралдарының бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына шығаруға немесе сатып алуға міндеттемесі (22А тармағында баяндалғанды қоспағанда)кәсіпорынның үлестік құралы болып табылады. Алайда, егер осындай келісімшарт құрамына кәсіпорынды ақша немесе басқа қаржылық актив төлеуге жүктейтін міндеттеме кіретін болса (16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлес ретінде жіктелген келісімшарттан басқасы), сонымен бірге ол өтеудің сомасының дисконтталған құнына міндеттеме тудырады(AG27(а) тармағын қараңыз). мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың эмитенті міндеттемені, ол үлестіруге ресми түрде мүмкіндік туғызатын болса және осылай жасауға акция иелері алдында заңды түрде міндетті болғанда, қабылдайды. Осындай жағдай дивиденд төлеу туралы хабарландырудан кейін немесе кәсіпорын жұмысын аяқтағанда және міндеттемелерді орындағаннан кейін қалған кез-келген активтер акция иелеріне үлестірілетін болғанда орын алу мүмкін.

AG14 Кәсіпорын алған оған өз үлестік құралдарының бекілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген санын үлестіргенінің орнына қайта алуға құқық беретін Сатып алынған колл-опцион бойынша немесе басқа осыған ұқсас келісімшарт (22А тармағында баяндалғаннан басқа)кәсіпорынның қаржылық активі болмайды. Оның орнына осындай келісімшартт үшін төленген кез-келген сыйақы үлестен шегеріледі.

Құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі болатын құралдар түрі (16А(b) және 16С(b) тармақтары)

AG14А 16А және 16С тармақтарының белгілерінің бірі – қаржылық құрал құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі болатын құралдар түріне жатқызылады.

AG14В Құрал екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылуын анықтағанда, кәсіпорын құралдың жоюдан кейінгі талабын, кәсіпорын құралды жіктеген күні жоятындай бағалайды. Егер осыған қатысы бар жағдайлар өзгергенде кәсіпорын жіктеуді қайта анықтауға тиіс. Мысалы, егер кәсіпорын тағы бір қаржылық құрал шығарса немесе өтесе, бұның қарастырылып отырған құрал екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылуы мәселесін шешуге әсері болуы мүмкін.

AG14С Кәсіпорынның жойылуынан соң басымдылық құқығы бар құрал кәсіпорынның нетто-активтерінің пропоциялық үлесіне құқық беретін құрал болмайды. Мысалы, егер құрал, жоюдан соң иесіне, кәсіпорынның нетто-активтерінің үлесіне қоса, бекітілген дивидендке құқық беретін болса, кәсіпорынның нетто-активтерінің пропоциялық үлесіне құқық беретін басқа екінші дәрежелі құралдардың осындай құқығы болмаса, жоюдан соң құралдың басымдылық құқығы болады.

AG14D Егер кәсіпорында қаржылық құралдардың тек бір ғана түрі болса, сол құрал түрі құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі болатын құрал ретінде қарастырылуы тиіс.

Құралдың пайдалану мерзімі ішіндегі құралға тән толық күтілетін ақша қаражаттарының қозғалысы (16А(е) тармағы)

AG14Е Құралдың пайдалану мерзімі ішіндегі құралға тән толық күтілетін ақша қаражаттарының қозғалысы негізінен құралдың пайдалану мерзімі ішіндегі кіріс немесе шығысқа, кәсіпорынның танылған нетто- активтердің немесе танылған және танылмаған нетто-активтердің әділ құнының өзгерісіне негізделуі тиіс. кіріс немесе шығыс және танылған нетто- активтердің өзгерісі осыған қатысы бар ХҚЕС-тарына сәйкес бағалануы тиіс.

Кәсіпорынның иесі емес, құралдар иесі жасаған транзакциялар (16А және 16С тармақтар)

AG14F Мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдың немесе кәсіпорынға басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активтерінің пропоциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін құралдың иесі кәсіпорынмен ие рөлінен басқа рөлде транзакциялар жасауы мүмкін. Мысалы, құрал иесі сонымен бірге кәсіпорынның қызметкері болуы мүмкін. кәсіпорынның иесі Ретінде құрал иесіне Қатысты тек ақша қаражаттарының қозғалысы және құралдың келісімшарттық шарттар мен талаптар құралдың үлес ретінде 16А немесе 16С тармақтарына сәйкес жіктелу мәселесін анықтағанда қарастырылу тиіс.

AG14G Мысал жауапкершілігі шектеулі және жалпы серіктестері бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Кейбір жалпы серіктестер кәіспорынға кепілдік қамтамасыз етуі мүмкін және сол кепілдік бергені сыйақы алуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кепілдік және ілеспелі ақша қаражаттарының қозғалыстары кепілдік беруші роліндегі құрал иелеріне қатысты болады және кәсіпорын иелерінің ролінде емес. Сондықтан, осындай кепілдік және ілеспелі ақша қаражаттарының қозғалыстары жалпы серіктестердің жауапкершілігі шектеулі серіктестерге қарағанда екінші дәрежелі ретінде қарастырылуының нәтиже бермейді, және бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік құралдарының және жалпы серіктестік құралдары бірдей болғанда келісімшарттық шарттарын анықтағанда ескерілмейді.

AG14Н Тағы бір мысал кіріс немесе шығысты құрал иесіне ағымдағы және алдыңғы жылдардың ішінде көрсетілген қызметтер немесе туындаған бизнес негізінде бөлетін кіріс немесе шығыс бөлісу келісімі болып табылады. Осындай келісімдер ие роліндегі құрал иесімен транзакциялар болып табылады және 16А немесе 16С тармақтарында тізілген белгілерді анықтағанда қарастырылуы тиіс. Алайда, құрал иесіне кіріс немесе шығысты бөлетін олардың құралдарының номиналды мөлшеріне түрдегі басқаларға салыстырмалы негізделген кіріс немесе шығысты бөлісетін келісімдер құрал иелерімен олардың ие ретіндегі ролінде жасалатын операцияларды көрсетеді және 16А немесе 16С тармақтарында тізілген белгілерді анықтағанда қарастырылуы тиіс.

AG14I Құрал иесі мен эмиссиялық кәсіпорын арасындағы (ие роліндегі емес) операцияның ақша қаражаттарының қозғалысы және құралдың келісімшарттық шарттар мен талаптар құралсыз ие мен эмиссиялық кәсіпорын арасында пайда болуы мүмкін эквивалентті операцияға ұқсас болуы тиіс.

Құрал иесінің қалдық пайдасын негізінен бекітетін немесе шектейтін ақша қозғалыстары бар Басқа ешқандай қаржылық құрал немесе келісімшарт (16В және 16D тармақтары)

AG14J Басқа жағдайларда 16А немесе 16С тармақтарындағы критерийлерге сай болатын қаржылық құралды үлес ретінде жіктеуге арналған шарт кәсіпорынның (а) негізінен кіріс немесе шығысқа, кәсіпорынның танылған нетто- активтердің немесе танылған және танылмаған нетто-активтердің әділ құнының өзгерісіне негізделген жалпы ақша қозғалыстары және (b) қалдық пайданы негізінен шектеу немесе бекітудің әсері болатын ешқандай басқа қаржылық құралы немесе келісімшарты болмауы болып табылады. Төмендегі құралдар,қалыпты коммерциялық шарттар бойынша қаттысы жоқ тараптар арасында жасалғанда, басқа жағдайларда 16А немесе 16С тармақтарындағы критерийлерге сай болатын құралдардың үлес ретінде жіктелуіне кедергі жасамайды:

(а) кәсіпорынның ерекше активтеріне негізделген жалпы ақша қозғалыстары бар құралдар.

(b) табыс пайызына негізделген жалпы ақша қозғалыстары бар құралдар.

(с) жеке қызметкерлерге кәсіпорынға көрсеткен қызметтері үшін алғыс ретінде беруге арналған келісімшарттар.

(d) көрсетілген қызметтер немесе жабдықталған тауарлар үшін табыстың аз пайызын төлеуді талап ететін келісімшарт.

Туынды қаржы құралдары

AG15. Қаржы құралдарына базистік құралдар сияқты (мысалы, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және үлестік құралдар) туынды қаржы құралдары (мысалы, қаржы опциондары, фьючерстік және форвардтық келісімдер, пайыз және валюта своптары) да жатады. Туынды қаржы құралдары қаржы құралының анықтамасына жауап береді, және тиісінше осы Стандарттың қолданылуы аясында болады.

AG16. Туынды қаржы құралдары нәтижесінде базистік қаржы құралындағы бір немесе бірнеше қаржы тәуекелдерін бір тараптан шарт бойынша екінші тарапқа жіберу жүзеге асырылатын құқықтарды және міндеттемелерді туындатады. Шарт жасасқан кезде туынды қаржы құралдары бір тарапқа қаржы активтерін екінші тараппен әлуетті тиімді шарттармен, немесе оған қаржы активтерін басқа тараппен әлуетті тиімсіз шарттарда шарт міндеттемесін жүктейді, шарт құқығын береді. Шынына келсек, жалпыға ортақ жағдайда(*) шарттың қолданылу мерзімінің басында негізгі қаржы құралын беруге әкеліп соқтырмайды, сонымен бірге шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде де мұндай беру міндетті түрде орын алмайды. Кейбір құралдардың айырбасты жүзеге асыру бойынша құқықпен қатар міндеттемесі де бар. Айырбас талаптары туынды құралдарды шығару кезінде анықталатындықтан, бұл талаптар қаржы нарықтарындағы бағаның өзгеруіне қарай не тиімді, не тиімсіз болуы мүмкін.

(*) Бұл көпшілігіне қатысты, бірақ барлық туынды құралдарға емес, мысалы, валюталық-пайыздық своптар ең бастапқы кезінде негізгі соманы алмастыруды көздейді (және өтеу мерзімі басталған кезде керісінше айырбас).

AG17. Қаржы активтерін немесе қаржылық міндеттемелерді (яғни, ұйымның меншікті үлестік құралдарынан басқа қаржы құралдары) айырбастауды көздейтін сатып алу немесе сату опционы оны ұстаушының негізгі қаржы құралының әділ құнындағы өзгерістерге байланысты болашақтағы әлуетті экономикалық пайда алуға құқығын білдіреді. Және керісінше, опционды сатушы болашақтағы әлуетті экономикалық пайдадан немесе негізгі қаржы құралының әділ құнындағы өзгерістерге байланысты әлуетті залалға ұшыраудан бас тартуға өзіне міндеттеме қабылдайды. Иеленушінің шарттық құқығы немесе сатушының шарттық міндеттемесі тиісінше қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелерінің анықтамаларына жауап береді. Опционға қатысты негізгі қаржы құралы, басқа ұйымдардың акцияларын және пайыздық құралдарды қоса алғанда, кез келген қаржы активі болуы мүмкін. Опционда сатушыға қойылатын қаржылық активті берудің орнына борыштық міндеттемелерді шығару туралы талап болуы мүмкін, алайда опционды орындаған жағдайда оның негізгі құралы, соның өзінде де иеленушінің қаржылық активі болып табылады. Опционды ұстаушының активтерді әлуетті тиімді емес шарттармен ауыстыру құқығы және опционды шығарған сатушының активтерді әлуетті тиімсіз шарттарда ауыстыру міндеттемесі опционды орындау кезінде айырбастауға жататын активтер опционы негізіне алынғандардан айырмасы болады. Опцион иесі құқығының және сатушының міндеттемелерінің сипаттамасы опционның орындалу ықтималдығына тәуелді емес.

AG18. Туынды қаржы құралының тағы бір мысалы форвардтық келісім-шарт болып табылады, ол бойынша есептеулер алты айдан кейін жүргізілуі тиіс, және онда бір тарап (сатып алушы) номиналдық құны 1,000,000 ш.б. белгіленген пайыздық ставкасы бар мемлекеттік облигациялардың орнына 1,000,000 ш.б. ақшамен беруге уәде береді, ал басқа тарап (сатушы) құны 1,000,000 ш.б. белгіленген пайыздық ставкасы бар мемлекеттік облигацияларды 1,000,000 ш.б. ақшаның орнына беруге уәде береді. Алты айдың ішінде тараптардың екеуі де қаржы құралдарын айырбастауға шарттық құқық және шарттық міндеттемеге ие болады. Егер мемлекеттік облигациялардың нарықтық бағасы 1,000,000 ш.б. жоғары көтерілсе, онда талаптар сатып алушы үшін пайдалы және сатушы үшін пайдасыз болады; егер нарықтық баға 1,000,000 ш.б. төмендесе, нәтижесі керісінше болады. Сатып алушы сатып алуға опцион бойынша құқыққа ұқсас шарттық құқық сияқты (қаржылық актив) сатуға опцион бойынша міндеттемеге ұқсас шарттық міндеттемеге (қаржылық міндеттемеге) де ие болады; сатушы сатуға опцион бойынша құқыққа ұқсас шарттық құқық (қаржылық актив) сияқты сатып алуға опцион бойынша міндеттемеге ұқсас шарттық міндеттемеге (қаржылық міндеттемеге) де ие болады. Опциондармен бірдей көрсетілген шарттық құқықтар мен міндеттемелер негізгі қаржылық құралдардан (айырбастауға жататын облигациялар және ақша) бөлек және айырмасы бар қаржылық активтерді және қаржылық міндеттемелерді құрайды. Форвардтық келісім-шарт бойынша тараптардың екеуі де опционның иесі оны іске асыруға шешім қабылдаған жағдайда және уақытта ғана опционды орындау жүргізілгенде келісілген уақытта әрекет етуге міндетті.

AG19. Туынды қаржы құралдарының көптеген басқа түрлері болашақтағы айырбастау, оның ішінде пайыздық және валюталық своптар, кэп, коллар және пайыз ставкасына флор тәрізді келісім-шарттар, заемдар бойынша міндеттемелер, еуроноттар мен аккредитивтерді шығару бағдарламасын жүргізуге құқықтары немесе міндеттемелері болады. Пайыздық своп шарты оның талаптары бойынша тараптар біреуі өзгермелі, екіншісі белгіленген пайыздық ставканы пайдалана отырып есептелетін ақша сомаларын болашақта айырбастау сериясын жүргізуге келісетін форвардтық келісім-шарттың түрлері ретінде қаралуы мүмкін. Фьючерстік келісім-шарттар осы келісім-шарттардың стандарттық нысаны болатыны және биржада айналатыны сияқты басты айырмашылықтарымен форвардтық келісім-шарттың басқа түрлерін білдіреді.

Қаржылық емес активтердің сатып алу және сату келісімдері (8-10-параграфтар)

AG20. Қаржылық емес активтерді сатып алуға және сатуға жасалған келісім-шарттар бір тараптың қаржылық емес активті немесе қызмет көрсетуді алуға шарттық құқығы және тиісінше басқа тараптың міндеттемесі тараптардың қаржылық активті алуға, қоюға немесе айырбастауға нақты құқығын немесе міндеттемесін белгілемейтіндіктен, қаржылық құрал айқындамасына жауап бермейді. Сонымен, қаржылық емес активті алу немесе беру арқылы ғана есеп айырысуды көздейтін келісім-шарттар (мысалы, опцион, күміске форвардтық немесе фьючерстік келісім-шарт) қаржы құралдары болып табылмайды. Көптеген тауар келісім-шарттары осындай түрге жатады. Кейбіреулерінің стандарттық нысаны болады және ұйымдасқан нарықтарда кейбір туынды қаржы құралдары сияқты өте ұқсас түрде айналады. Мысалы, тауарлық фьючерстік келісім-шарт оп-оңай сатып алу немесе сату мәні бола алады, себебі ол биржа листингіне кіргізілген және бірнеше рет қолдан-қолға өте алады. Алайда, келісім-шартты сатып алушы және сатушы іс жүзінде тараптар оның негізінде жатқан тауармен сауда-саттық жасайды. Тауар келісім-шартын сатып алу және сату мүмкіндігі, оны сатып алудың немесе сатудың жеңілдігі және тауарды қабылдау немесе жеткізу бойыншга міндеттемелерді ақшалай өтеу туралы келісу мүмкіндігі осы келісім-шарттың түбірлі сипатын оны қаржы құралы ретінде қарауға болатындай түрде өзгертпейді. Сонымен қатар қаржылық емес активтерді сатып алуға немесе сатуға арналған, олар бойынша есеп айырысу қарсы талаптарды есепке алу арқылы немесе қаржы құралдарымен айырбас арқылы немесе оларды жүзеге асыру кезінде қаржылық емес актив ақша қаражатына оңай айналуы ықтимал кейбір келісім-шарттар олар қаржы құралдары болғандағы сияқты осы Стандарттың қолданылу аясында болады (8-параграфты қараңыз).

AG21. Нақты активтерді алуды немесе жіберуді қарастыратын келісім бір тарапта қаржы активін, егер осылар бойынша тиісті төлем нақты активті жіберу күнінен кейінгі кезеңге ауыстырылмаса, екінші тарапта қаржы міндеттемесін тудырмайды. Осындай жағдай тауарды кредитке сатып алған немесе сатқан кезде пайда болады.

AG22. Кейбір келісім-шарттар тауарлармен байланысты, тауарды нақты алу немесе беру арқылы міндеттемені орындауды болжамайды. Олар өзара есеп айырысуды сомалары белгіленбеген, бірақ шартта белгіленген формула бойынша айқындалатын ақша төлемдері арқылы жасауды көздейді. Мысалы, облигациялардың негізгі сомасы мұнайдың белгіленген көлеміне қатысты облигацияларды өтеу күнгі басым түсетін мұнайдың нарықтық бағасы негізінде есептелуі мүмкін. Негізгі сома тауардың бағасына байланыстиы индекстеледі, бірақ ақшалай нысанда ғана өтеледі. Мұндай шарт қаржы құралын білдіреді.

AG23. Қаржы құралы анықтамасына қаржы активіне немесе міндеттемеге қосымша ретінде қаржылық емес актив немесе міндеттемені құрайтын шарт та кіреді. Мұндай қаржы құралдары бір тарапқа қаржы активін қаржылық емес түріне айырбастау мүмкіндігін жиі береді. Мысалы, мұнай облигациясы иеленушіге белгіленген пайыздық төлемді және белгіленген мұнай көлеміне негізгі борыш сомасын айырбастау мүмкіндігімен өтеу кезінде белгіленген соманы мезгіл-мезгіл алып тұруға құқық беруі мүмкін. Опционды іске асырудың артықшылығы мұнайдың әділ құнының ақшаны облигацияда көзделген мұнайға (айырбас бағасы) айырбас бағамына қатысты мезгіл-мезгіл ауысатын болады. Облигация иесінің опционды сатуға қатысты ниеті құралды құрайтын активтердің құрамына ықпал етпейді. Иеленушінің қаржылық активі және эмитенттің қаржылық міндеттемесі олар осы сияқты жасайтын активтер мен міндеттемелердің басқа түрлеріне тәуелсіз қаржы құралы етеді.

AG24. [жойылған].

Ақпаратты беру

Міндеттемелер және меншікті капитал (15-27-параграфтар)

Ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активін беруді қарастыратын шарт міндеттемесінің болмауы (17-20-параграфтар)

AG25. Артықшылықты акциялар әр түрлі құқықтармен шығарылуы мүмкін. Тартылған акцияларды міндеттеме немесе үлестік құрал ретінде жіктеген кезде ұйым қаржы міндеттемесінің негізгі қасиеттеріне қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін акциялармен расталатын нақты құқықтарды бағалайды. Мысалы, белгілі бір күні, немесе иеленушінің қарауы бойынша өтеуді қамтамасыз ететін тартылған акция, егер эмитенттің қаржы активтерін акцияларды иеленушіге жіберу міндеттемесі болса, қаржы міндеттемесінің анықтама талаптарына жауап береді. Қаражаттың жетіспеу салдарынан, не әкімшілік тарапынан болған шектеулерден шарт бойынша талап етілген кезде эмитент міндеттемені орындауға және тартылған акцияны өтеуге қабілетті болмай қалу ықтималдылығы осы міндеттемені тоқтатпайды. Эмитенттің акционерлерге қаржы активтерін беру күшіндегі міндеттемесі болмағандықтан, акцияларды өтеуге арналған эмитент опционы қаржы міндеттемесінің анықтамасына жауап бермейді. Мұндай жағдайда акцияларды өтеу тек қана эмитенттің қарауы бойынша өтеді. Шындығында, әдетте акцияларды өтеу ниеті туралы акционерлерді нақты хабарлау жолымен эмитент опционды орындаған кезде міндеттеме пайда болуы мүмкін.

AG26. Артықшылықты акциялар төленбейтін болып табылғанда тиісті жіктеме оған бекітіп берілген басқа құқықтармен анықталады. Жіктеме негізін шарт мәмілелерінің мәнін бағалау және қаржы міндеттемесінің және үлестік құралдың анықтамалары құрайды. Кумулятивті немесе кумулятивті емес артықшылықты акциялардың иелеріне табыстарды төлеу эмитенттің қарауына қарай жүзеге асырылған кезде акциялар үлестік құралдар болып табылады. Осылайша, үлестік құралдар немесе қаржы міндеттемесі ретінде артықшылықты акцияларды жіктеу мынадай факторлардан тәуелді емес:

(а) табыстарды төлеудің бұрынғы тәжірибесі;

(b) болашақта табыстарды төлеу ниеті;

(с) табыстың төлемдері болмағанда эмитенттің әдеттегі акцияларының бағасына мүмкін болатын теріс әсері (егер артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленбесе, әдеттегі акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қойған шектеулерден);

(d) эмитент резервтерінің шамасы;

(е) кезең ішіндегі эмитенттің пайданы немее залалды күтуі; немесе

(f) кезең ішіндегі пайданың немесе залал шамасына эмитенттің әсер ету қабілеттілігі немесе қабілетсіздігі.

Ұйымның жеке үлестік құралдарымен есеп айырысу (21-24-параграфтар)

AG27 Төмендегі мысалдар кәсіпорынның өз үлестік құралдары бойынша келісімшарттардың әртүрлі түрлерін қалай жіктеу керектігін көрсетеді:

(а) кәсіпорынның өз акцияларының бекітілген санын ешқандай болашақ сыйақы орнына қабылдауы немесе үлестіруі немесе өз акцияларының бекітілген санын ақшаның немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына айырбастауы арқылы өтелетін келісімшарт үлестік құрал (22А тармағында баяндалғаннан басқа )болып табылады. Осыған сәйкес, осындай келісімшарт орнына қабылданған немесе төленген кез-келген сыйақы тікелей үлеске қосылады немесе одан шегеріледі. Бір мысал–қарсы тарапқа кәсіпорынның акцияларының бекітілген санын ақшаның бекітілген санына сатып алуға құқық беретін шығарылған акцияларға опцион. Алайда, егер келісімшарт кәсіпорыннан өз акцияларын ақша немесе басқа қаржылық активке бекітілген немесе анықталатын күні немесе өз талабы бойныша сатып алуды(айырбастауды)талап ететін болса, кәсіпорын айырбас сомасының дисконтталған құнына қаржылық міндеттемені таниды (16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16D тармақтарындағы барлық белгілері бар және шарттарға сай құралдарды қоспағанда). Бір мысал – мерзімді келісімшарт бойынша кәсіпорынның өз акцияларының бекітілген санын ақшаның бекітілген мөлшеріне қайта сатып алуға міндеттемесі.

(b) Тіпті кәсіпорын қайта сатып алуға міндетті болатын акциялар саны бекітілмеген болмаса да немесе міндеттеме қарсы тараптың айырбастауға құқығын қолдануы бойынша шартты болса да , кәсіпорынның өз акцияларын ақшаға сатып алуға міндеттемесі айырбас сомасының дисконтталған құнына қаржылық міндеттемені тудырады (16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында баяндалғаннан басқа). Шартты міндеттеменің бір мысалы–егер қарсы тарап опционды қолданатын болса, кәсіпорыннан өз акцияларын ақшаға қайта сатып алуды талап ететін шығарылған опцион.

(с) ақшамен немесе басқа қаржылық активпен өтелетін келісімшарт– тіпті қабылданатын немсее үлестірілетін ақша немесе басқа қаржылық актив мөлшері кәсіпорынның өз үлесінің нарықтық бағалар өзгерістеріне негізделген болса да, қаржылық актив немесе қаржылы міндеттеме болып табылады (16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында баяндалғаннан басқа ). Бір мысал–ақшамен өтелетін, бекітілген бағамен сатып алуға құқық беретін, акцияға опцион.

(d) Құндары белгіленген сомаға немесе негізгі ауыспалылардың (мысалы, тауар бағасы) өзгерістеріне негізделген сомаға тең болатын, ұйымның меншікті акцияларының ауыспалы санын есептеуді көздейтін шарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Мысал ретінде алтын сатып алуға шығарылған, ол бойынша есеп айырысу оны орындаған жағдайда қарсы талаптарды ұйымның меншікті құралдарымен опциондық шарттың балама құнының сомасын құрайтын құралдардың осындай санын ұсыну арқылы есептеме жасаумен жүргізілетін опционды келтіруге болады. Мұндай шарт, егер негізгі ауыспалы алтынның бағасы емес, ұйымның меншікті акцияларының бағасын білдіргеннің өзінде де қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Осылайша, ол бойынша есеп айырысу ұйымның меншікті акцияларының белгіленген санымен, оның үстіне осы акциялармен расталатын құқық бірдей болмағандықтан, ықтимал өтеу бағасы белгіленген соманы немесе негізгі ауыспалының өзгеруіне тәуелді соманы құрайтын болады, ол арқылы қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені білдіреді.

Шартты өтеу бойынша бағалау міндеттемелері (25-параграф)

AG28. 25-параграфқа сәйкес, егер ақша қаражаты немесе басқа да қаржы активі нысанында (немесе басқа тәсілмен, нәтижесінде осы құрал қаржы құралына ауысады) есептеуді жүзеге асыру қажеттілігін негізге алатын келісілген өтеу бойынша бағалау міндеттемесінің сол бөлігі біріккен болып табылмаса, онда өтелуі тиіс бағалау міндеттемесі қаржы құралын жіктеуге әсерін тигізбейді. Мәселен, ақшалай қаражат немесе ұйымның меншікті акцияларының ауыспалы саны нысанында есеп айырысуды көздейтін шарт төтенше сирек, аномальды және ықтималдығы аз сипаттағы оқиға басталғаннан кейін ғана үлестік құралды білдіреді. Осылайша, шартта ұйымның меншікті акцияларының белгіленген санымен есеп айырысуға компания бақылау жасай алмайтын жағдайларда тиым салынуы мүмкін, бірақ осындай жағдайлардың туындау ықтималдығы жойылса, мұндай шартты үлестік құрал ретінде жіктеу заңды болып табылады.

AG29. Шоғырландырылған қаржы есептілігінде ұйым азшылық үлесін ұсынады, яғни 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS, 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандарттарына сәйкес оның еншілес компаниялардың капиталдарында және табыстарында қатысатын басқа тараптардың үлестері. Шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі қаржы құралын (немесе оның құрамдас бөлігін) жіктеген кезде, топтың тұтастай алғанда осы құралға қатысты ақша қаражатын немесе басқа да қаржы құралын беру міндеттемесінің болуын айқындау, не міндеттеменің жіктелуіне әкеліп соқтыратындай түрде есеп жүргізу үшін топ мүшелері мен құралды ұстаушылар арасында келісілген барлық талаптарды назарға алады. Топтың құрамындағы еншілес ұйым қаржы құралын шығарған кезде, ал басты немесе басқа топтық ұйым құралды ұстаушылармен тікелей қосымша талаптардың келісімін жасасқан кезде (мысалы, гарантпен), онда осы топ табыстарды төлеу немесе өзінің қарауы бойынша мерзімінен бұрын өтеу проблемаларын шеше алмайды. Оның үстіне, еншілес ұйым, осы қосымша талаптарға қарамастан, толық негізбен осы құралды өзінің жеке қаржылық есептілігінде жіктей алатындықтан, топтың мүшелері мен құралды ұстаушылар арасындағы басқа келісімдердің нәтижелері шоғырландырылған қаржы есептілігінде топта тұтастай келісілген шарттар және мәмілелер көрініс табатынын назарға алынуы тиіс. Өтеу бойынша осындай міндеттеме немесе бағалау міндеттемесі болған кезде, құрал (немесе оның міндеттемесінің мәні болып табылатын құрамдас бөлігі) шоғарландырылған қаржы есептілігінде қаржы міндеттемесі ретінде жіктеледі.

AG29А Кәсіпорынға келісімшарттық міндеттеме жүктейтін құралдардың кейбір түрлері 16А және 16В тармақтары немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктеледі. Сол тармақтарға сәйкес жіктеу осы Стандартта басқаша қолданылған құралдарды жіктеу ережелеріне ерекше жағдай болып табылады. Осы ерекшелік бірлескен қаржылық есептегі қадағалаусыз пайыздардың жіктелуіне қолданылмайды. Сондықтан, бөлек немесе жеке қаржылық есептегі қадағалаусыз пайыздар болатын 16А және 16В тармақтары немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдар топтың бірлескен қаржылық есепбінде міндеттемелер ретінде жіктеледі.

Құрастырмалы қаржы құралдары (28-32-параграфтар)

AG30. 28-параграф тек қана туынды емес құрастырмалы қаржы құралдарының эмитенттеріне қатысты қолданылады. 28-параграф иеленушілер тұрғысынан осындай болып табылатын құрастырмалы қаржы құралдарына қатысты емес. Құрамында борыштық және үлестік құралдарының белгілері бар құрастырмалы қаржы құралдарын иеленушілер тұрғысынан кіріктірілген туынды құралдарды иелену туралы мәселе 39 IAS Халықаралық стандартында қарастырылады.

AG31. Құрастырмалы қаржы құралының кең тараған түрі айырбасталуға кіріктірілген опционы бар борыштық бағалы қағаз болып табылады, мысалы, эмитенттің әдеттегі акцияларына айырбасталатын және қандай да бір басқа кіріктірілген туынды элементтері жоқ облигация. 28-параграф осындай қаржы құралының эмитентінен өзінің балансында мынадай міндеттемелердің элементтерінің және жеке капиталдың бөлек берілуін талап етеді:

(а) Эмитент міндеттемесі пайыздардың жоспарлы төлемдерін шығару және соманың негізі құрал айырбасталғанға дейін күшін жоймайтын қаржы міндеттемесі болып табылады. Құралды алғашқы тану кезінде міндеттеменің құрамдас бөлігінің әділ құны нарықтық пайыз ставкасы бойынша дисконтталған, салыстырмалы кредиттік мәртебесі бар бірдей дерлік ақша қаражатын осындай жағдайда қамтамасыз ететін, айырбастауға жіберілетін опционсыз, қазіргі уақытта құралдарға қолданылатын ақша қаражатының болашақ ағындардың шартымен анықталған дисконтталған құнға тең.

(b) Үлестік құрал эмитенттің меншікті капиталына міндеттемені айырбастауға кіріктірілген опцион болып табылады. Опционның әділ құны уақытша құннан және оның ішкі құнынан, егер осындай болса, тұрады. Осы опцион «ақшадан тыс» болған кезде де, оны алғашқы таныған кезде құны болады.

AG32. Төлем мерзімі басталған күні айырбасталатын құралды айырбастау кезінде ұйым міндеттеменің құрамдас бөлігін тануды тоқтатады және оны капиталда таниды. Капиталдың алғашқы құрамы капиталда қалады (шынын айтқанда, капитал ішінде ол бір желілік баптан екінші бапқа ауыстырылуы мүмкін). Төлем мерзімі басталған күні айырбастау кезінде пайда да, залал да болмайды.

AG33. Ұйым төлем уақыты басталғанға дейін мерзімінен бұрын өтеу немесе жіберудің алғашқы құқығын сақтай отырып өтеуін төлеп сатып алу жолымен айырбасталатын құралдың қолданылуын тоқтатқан кезде ол төленген қарсы ұсынуды және құралды өтеуін төлеп сатып алуға немесе мерзімінен бұрын өтеуге байланысты мәміле бойынша кез келген шығынды міндеттемелердің құрымына және осындай мәмілелер жасалған күнгі капиталға жатқызады. Өтеуі төленген қарсы ұсынуды және мәміле бойынша шығындарды жеке құрамдарға жатқызу үшін пайдаланылатын әдіс бұл 28-32-параграфтарда көзделгендей, айырбасталатын құралды шығару кезінде ұйым алған түсімдердің құрамдары арасында бастапқы бөлген кезде пайдаланылған әдіспен сәйкестендіріледі.

AG34. Қарсы ұсынуды бөлгеннен кейін бірден осыған байланысты пайда болған кез келген пайда және залал тиісті құрамға қатысты қолданылатын есепке алу қағидаттарына сәйкес төменде көрсетілгендей есепке алуда көрінеді:

(а) міндеттеме құрамдас бөлігімен байланысты пайда және залал сомасы пайда және залал есепке алу шотында көрінеді;

(b) капитал құрамдас бөлігімен байланысты қарсы ұсыну сомасы капиталдың есепке алу шотында көрсетіледі.

AG35. Мысалы, неғұрлым тиімді конверсиялық қатынасты ұсынып немесе аудару жағдайында келісілген күнге дейін қосымша қарсы ұсынуды төлеп, ұйым аударуды тездету мақсатында аударылатын құралдың талаптарын өзгерте алады. Талаптарды өзгерту күнгі құралды ұстаушы оны жаңа талаптар бойынша айырбастаған кезде алатын қарсы ұсыныстың әділ құны мен пайда мен заладарды есепке алу шотында залал ретінде көрсетілетін бастапқы шарттар бойынша оған тиесілі қарсы ұсыныстың әділ құны арасындағы айырма.

Қазынашылық акциялар(33 және 34-параграфтар)

AG36. Ұйымның меншікті үлестік құралдары, оларды сатып алу кезіндегі себептеріне қарамастан, қаржы активі ретінде танылуы тиісті емес. 33-параграфта меншікті үлестік құралдарды сатып алған ұйым өз капиталынан осы үлестік құралдардың құнының шегерімдерін жасау туралы талаптар бар. Алайда, ұйым басқа тараптардың тапсырмасы бойынша капиталды иеленсе, мысалы, қаржы мекемесі клиенттің тапсырмасы бойынша капиталды иеленсе, онда соның салдарынан осы капитал ұйымның балансына жатпайтын агенттік қатынастар орын алады.

Пайыздар, дивидендтер, пайдалар және залалдар (35-41-парагафтар)

AG37. Келесі мысалдар 35-параграфтың құрастырмалы қаржы құралдарына қатысты қолданысын көрнекілендіреді. Айталық, шоғырландырылмаған артықшылықты акция бес жыл өткеннен кейін міндетті түрде ақшалай нысанда өтелуі тиіс, бірақ сонымен қоса дивидендтер ұйымның қарауы бойынша өтеу мерзімі басталғанға дейін төленеді. Осындай құрал құрастырмалы қаржы құралы болып табылады, ал оның құрамындағы міндеттеме құрамдас бөлігін өтеу сомасының дисконтталған құнына тең. Осы құрамдас бөлікке дисконттың күшін жою пайдада немесе залалда танылуы тиіс және пайыздарды төлеуге жұмсалған шығыстар ретінде жіктеледі. Кез келген төленген дивидендтер капитал құрамына жатады, және, тиісінше, пайданы немесе залалды бөлу ретінде танылады. Осыған ұқсас есеп тәртібі, егер өтеу міндетті сипатта емес, иеленушінің қарауына байланысты жүзеге асырылса, немесе, егер акция әдеттегі акциялардың ауыспалының (мысалы, тауар) санына міндетті айырбасталуға жатса, белгіленген сомаға немесе негізгі ауыспалылардың өзгеруімен айқындалатын сомаға қолданылады. Алайда, егер кез келген төленбеген дивидендтер өтеу сомасына қосылса, онда құралдар тұтастай міндеттемеге айналады. Мұндай жағдайда кез келген дивидендтер пайыздарға төленген шығыстар ретінде жіктеледі.

Қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін есепке алу (42-50-параграфтар)

AG38. Ұйым қаржы активін және қаржы міндеттемесін есептеу үшін баланста танылған сомаларды өзара есептеу үшін заңды түрдегі құқығына ие болуы керек. Ұйым танылған сомаларды өзара есепке алуға уақытша құқыққа ие бола алады, мысалы, өзара есепке алу немесе регрессіз берешектің қандай да бір нысаны туралы бас келісім аясында, алайда осындай құқықтардың болашақта болатын қандай да бір жағдай басталғанда, әдетте, контрагент өзінің міндеттемесін орындамаған жағдайда заңды күшіне ие болады. Тиісінше, осындай схема өзара есепке алу талаптарына сәйкес келмейді.

AG39. Осы стандарт басқа құралдардың сипаттамасын жасау үшін сатып алынған жекелеген қаржы құралдарының топтары болып табылатын «синтетикалық құралдар» деп аталатындарға арналған арнайы әдісті көздемейді. Мысалы, өзгермелі пайыздық ставкасы бар пайыздық своппен біріктірілген, өзгермелі пайыздық ставка бойынша есептелген төлемдерді алуды болжайтын және белгіленген пайыздық ставка бойынша есептелген төлемдерді орындауды болжайтын ұзақ мерзімді борыштық міндеттемелер белгіленген ставкасы бар ұзақ мерзімді борыштық міндеттемені синтездейді. «Синтетикалық құралдар» құрамындағы әрбір жеке алынған қаржы құралы өзінің жеке талаптарымен шарттық құқықты немесе міндеттемені білдіреді, бұл ретте әрқайсысы жеке берілуі немесе өтелуі мүмкін. Әрбір қаржы құралы басқа қаржы құралдары ұшыраған тәуекелдерден айырмашылығы болуы мүмкін тәуекелдерге ұшырауы мүмкін. Тиісінше, «синтетикалық құралдар» құрамындағы бір қаржы құралы актив, ал екіншісі міндеттеме болып табылғанда, олар бір-біріне қарсы есептеледі және 42-параграфта айқындалған өзара есептеу критерийлеріне сай келген жағдайды қоспағанда, нетто-негізде ұйым балансында ұсынылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]