- •32 Ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру
- •4. Осы Стандарт:
- •Орнына кәсіпорын өз үлестік құралдарының айнымалы санын беруге міндетті болып табылатын немесе міндетті болуы мүмкін туынды емес қаржылық құрал; немесе
- •42. Қаржы активі және қаржы міндеттемесі бір-біріне қарсы есепке алынуға тиіс, ал нетто-сома баланста тек қана мынадай жағдайларда ұсынылуы тиіс:
- •Анықтамалар (11-14-параграфтар)
- •Ақпаратты ашу
Орнына кәсіпорын өз үлестік құралдарының айнымалы санын беруге міндетті болып табылатын немесе міндетті болуы мүмкін туынды емес қаржылық құрал; немесе
ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті кәсіпорынның өз үлестік құралдарының бекітілген санына айырбастаудан басқа жолмен төленетін немесе төленуі мүмкін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін кәсіпорынның өз үлестік құралдары 16А және 16В тармақтарына сәйкес үлестік құралдары деп жіктелген мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдарды, кәсіпорынға басқа тарапқа кәсіпорынның таза активтерінің пропорциялық үлестерін беру міндетін тек жоюдан соң жүктейтін құралдарды қоспайды және 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдары ретінде немесе кәсіпорынның өз үлестік құралдарының болашақ қабылдануы немесе берілуі жөніндегі келісімшарттар болатын құралдар ретінде жіктеледі.
Ерекше жағдай ретінде, қаржылық міндеттеме анықтамасына сай құрал, егер оның 16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16 D тармақтарындағы барлық белгілерге ие болса және шарттарға сай болса, үлестік құрал ретінде жіктеледі.
Үлестік құрал – ұйымның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез келген шарт.
Әділ құн – бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.
Мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралы дегеніміз иесіне құралды эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына қайтару құқығын беретін немесе екі ұшты болашақ оқиға пайда болғанда немесе құрал иесі қайтыс болғанда немесе зейнеткерлік демалысқа шыққанда өздігінен эмитентке қайтарылатын қаржылық құрал.
12. Мынадай терминдер 19-IAS Халықаралық стандарттың 9-параграфында анықталып және осы Стандартта 39-IAS стандартында белгіленген мәндерде қолданылады:
- қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің амортизациялық құны
- сату үшін қолда бар қаржы активтері
- тануды тоқтату
- туынды құрал
- пайыздың тиімді ставкасының әдісі
- пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі
- нақты келісім
- болжамды мәміле
- хеджирлеудің тиімділігі
- хеджирлеу бабы
- өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар
- несиелер және дебиторлық берешек
- үлгі сатып алу және сату
- мәміле бойынша шығындар.
13. Осы Стандарттағы «шарт» және «шарттық» терминдері екі немесе одан да көп тараптардың арасындағы келісімге қатысты, айқын экономикалық салдарлары бар және, әдетте, тараптар оларды орындаудан жалтара алмайды, өйткені мұндай келісімді орындау құқықтық санкциялармен қамтамасыз етілген. Шарттар, және тиісінше, қаржы құралдары әр түрлі нысанда болуы мүмкін және жазбаша түрде ұсынылуы міндетті емес.
14. Осы Стандарттағы «ұйым» термині жеке тұлғаларға, серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, трастілерге және мемлекеттік мекемелерге қатысты қолданылады.
АҚПАРАТТЫ БЕРУ
Міндеттемелер және меншікті капитал (сонымен қоса AG25-AG29-параграфтарды қараңыз)
15. Қаржы құралының эмитенті алғашқы тану кезінде мәміленің шарт мазмұнына және қаржы міндеттемесінің, қаржы активінің және үлестік құралдың анықтамаларына сәйкес осы құралды немесе оны құраушы бөліктерін қаржы міндеттемесі, қаржы активі немесе үлестік құрал ретінде жіктеуі тиіс.
16. Эмитент 11 тармақтағы анықтамаларды қаржылық құрал қаржылық міндеттеме емес қор құралы екендігін анықтауға қолданғанда, егер, және тек қана егер, төмендегі (а) және (b) шарттарының екеуі де орындалса құрал қор құралы бола алады.
(а) Шарт бойынша осы құралдың бөлігі міндеттеме болып табылмайды:
(і) басқа ұйымның ақша қаражаттарын немесе басқа қаржы активін ұсыну; немесе
(іі) эмитент үшін әлуетті тиімсіз жағдайда басқа ұйыммен қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін алмастыру.
(b) егер құрал эмитенттің өз қор құралдарымен төленетін немесе төленуі мүмкін болса, ол:
(і) өзінің үлестік құралдарының ауыспалы санын беруге шартты міндеттемесін қоспайтын туынды емес міндеттеме болып табылады;
немесе
(іі) тек эмитенттің ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті өз қор құралдарының бекітілген санына айырбастауы арқылы төленетін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін эмитенттің өз қор құралдары 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және шарттарға сай немесе эмитенттің өз қор құралдарынының болашақ түсімі немесе жеткізілуі үшін келісімшарттар болатын құралдарды қоспайды.
Эмитенттің өз қор құралдарынының болашақ түсімі немесе жеткізілуі нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін, бірақ жоғарыдағы (а) және (b) шарттарына сай емес туынды қаржылық құралдан туындайтын міндеттемені қоса алғанда, қелісімшарттық міндеттеме қор құралы бола алмайды. Еркше жағдай ретінде, қаржылық міндеттеме анықтамасына сай құрал, егер ол 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және шарттарға сай болса, қор құралы ретінде жіктеледі.
Мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралдар
16А Мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралына эмитентке арналған мерзімнен бұрын өтеу құқығын қолданғаннан соң сол құралды ақша қаражатына немесе басқа қаржылық активке қайта сатып алуға немесе айырбастауға келісімшарттық міндеттеме кіреді. Қаржылық міндеттеменің анықтамасынан ерекшелік ретінде, құрамына осындай міндеттеме кіретін құрал, егер келесі белгілердің барлығын иеленсе, қор құралы ретінде жіктеледі:
(а) Ол, кәсіпорын жойылған жағдайда, иесіне кәсіпорынның нетто-активінің пропорциялық үлесіне өкілеттік береді. Кәсіпорынның нетто-активтері деп барлық басқа кәсіпорынның өз активтеріне талаптарын шегергеннен кейін қалатын активтер саналады. Пропорциялық үлес төмендегілер арқылы анықталады:
(і) жойылғаннан кейін кәсіпорынның нетто-активтерін тең мөлшерлі бірліктерге бөлу арқылы; және
(іі) сол мөлшерді қаржылық құрал иесінің иеленетін бірліктердің санына көбейту арқылы.
(b) Осы құрал құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатады. Осындай түрге жатқызылу үшін құрал:
(і) жойылғаннан кейін кәсіпорынның өз активтеріне басқа талаптары алдында ешқандай приоритетке ие болмауы тиіс, және
(іі) құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылғанға дейін басқа бір құралға конверциялауды қажет етпеуі тиіс.
(c) Құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылатын барлық қаржылық құралдардың белгілері ұқсас болады. Мысалы, олардың барлығы мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар болуы тиіс, және қайта сатып алудың немесе айырбастаудың бағасын есептеуге қолданылған басқа тәсілдің формуласы сол түрдегі барлық құралдар үшін бірдей болады.
(d) Эмитенттің құралды ақша қаражатына немесе басқа қаржылық активке қайта сатып алуға немесе айырбастауға келісімшарттық міндеттемеден басқа, құралға ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активін басқа кәсіпорынға жеткізуге немесе қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді басқа кәсіпорындармен потенциалды тиімсіз болатын шарттар бойынша айырбастау жөніндегі ешқандай келісімшарттық міндеттеме кірмейді және ол қаржылық міндеттеменің анықтамасының (b) тармақшасында баяндалғандай кәсіпорынның өз қор құралдарымен төленетін немесе төленуі мүмкін келісімшарт болмайды.
(е) Құралдың пайдалану мерзімі ішінде құралға тән толық күтілетін ақша қаражатының қозғалыстары негізінен кіріс пен шығысқа, танылған нетто-активтердің өзгерісіне немесе құралдың пайдалану мерзімі ішінде кәсіпорынның танылған және танылмаған нетто-активтерінің әділ құнының өзгерісіне негізделеді. (құралдың кез-келген әсерін қоспағанда)
16В Құрал қор құралы ретінде жіктелуі үшін, құралдың барлық жоғарыда белгілерді иеленуіне қоса, эмитенттің ешқандай басқа төмендегілерді иеленетін қаржылық құралы немесе келісімшарты болмауы тиіс:
(а) негізінен кіріс пен шығысқа, танылған нетто-активтердің өзгерісіне немесе кәсіпорынның танылған және танылмаған нетто-активтерінің әділ құнының өзгерісіне (осындай құралдың немесе келісімшарттың кез-келген әсерін қоспағанда) негізделген толық ақша қаражатының қозғалыстары және
(b) мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құрал иесіне түсетін негізінен шектеуші немесе бекітуші қалдық табыстың әсері.
Осы шартты қолдану мақсатымен, кәсіпорын құралсыз ие мен эмиссиялық кәсіпорын арасында
пайда болуы мүмкін эквивалентті келісімшарттың келісімшарттық шарттары мен талаптарына ұқсас келісімшарттық шарттар мен талаптары бар қаржылық емес келісімшарттарды 16А тармағында сипатталған құралдың иесімен қарастырмайды. Егер кәсіпорын осы шарт орындалатындығын анықтай алмаса, ол мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралды қор құралы деп жіктемейді.
Кәсіпорынға басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін құралдар, немесе құралдардың компоненттері
16С Кейбір қаржылық құралдардың қатарына эмиссиялық кәсіпорынға жүктелетін басқа бір кәсіпорынға оның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге келісімшарттық міндеттеме кіреді. Бұл міндеттеме туындауының себебі жоюдың пайда болуы анық және ол кәсіпорынның қадағалауынан тыс (мысалы жұмыс жасау мерзімі шектеулі кәсіпорын) немесе пайда болуы анық емес, бірақ құрал иесінің еркінде. Қаржылық міндеттеменің анықтамасынан ерекшелік ретінде, құрамына осындай міндеттеме кіретін құрал, егер келесі белгілердің барлығын иеленсе, қор құралы ретінде жіктеледі:
(а) Ол, кәсіпорын жойылған жағдайда, иесіне кәсіпорынның нетто-активінің пропорциялық үлесіне өкілеттік береді. Кәсіпорынның нетто-активтері деп барлық басқа кәсіпорынның өз активтеріне талаптарын шегергеннен кейін қалатын активтер саналады. Пропорциялық үлес төмендегілер арқылы анықталады:
(і) жойылғаннан кейін кәсіпорынның нетто-активтерін тең мөлшерлі бірліктерге бөлу арқылы; және
(іі) сол мөлшерді қаржылық құрал иесінің иеленетін бірліктердің санына көбейту арқылы.
(b) Осы құрал құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатады. Осындай түрге жатқызылу үшін құрал:
(і) жойылғаннан кейін кәсіпорынның өз активтеріне басқа талаптары алдында ешқандай приоритетке ие болмауы тиіс, және
(іі) құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылғанға дейін басқа бір құралға конверциялауды қажет етпеуі тиіс.
(с) құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылатын барлық қаржылық құралдардың эмиссиялық кәсіпорынды оның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін жоюдан соң үлестіруге жүктейтін ұқсас келісімшарттық міндеттемесі болуы тиіс.
16D Құрал қор құралы ретінде жіктелуі үшін, құралдың барлық жоғарыда белгілерді иеленуіне қоса, эмитенттің ешқандай басқа төмендегілерді иеленетін қаржылық құралы немесе келісімшарты болмауы тиіс:
(а) негізінен кіріс пен шығысқа, танылған нетто-активтердің өзгерісіне немесе кәсіпорынның танылған және танылмаған нетто-активтерінің әділ құнының өзгерісіне (осындай құралдың немесе келісімшарттың кез-келген әсерін қоспағанда) негізделген толық ақша қаражатының қозғалыстары және
(b) құрал иесіне түсетін негізінен шектеуші немесе бекітуші қалдық табыстың әсері.
Осы шартты қолдану мақсатымен, кәсіпорын құралсыз ие мен эмиссиялық кәсіпорын арасында
пайда болуы мүмкін эквивалентті келісімшарттың келісімшарттық шарттары мен талаптарына ұқсас келісімшарттық шарттар мен талаптары бар қаржылық емес келісімшарттарды 16А тармағында сипатталған құралдың иесімен қарастырмайды. Егер кәсіпорын осы шарт орындалатындығын анықтай алмаса, ол құралды қор құралы деп жіктемейді.
Мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралдарды және кәсіпорынға басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін құралдарды қайта жіктеу
16Е Кәсіпорын 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес қор құралы ретінде қаржылық құралды құрал сол тармақтарда баяндалған барлық белгілерге ие болған және шарттарға сай болған күннен бастап жіктеуі тиіс. Кәсіпорын қаржылық құралды құрал сол тармақтарда баяндалған барлық белгілерге ие болуын немесе шарттарға сай болуын тоқтатқан күннен бастап қайта жіктеуі тиіс. Мысалы, егер кәсіпорын өзінің өтелмеген болып қалатын және 16А және 16В тармақтарында баяндалған барлық белгілерге ие болатын және шарттарға сай болатын айналымға шығарылған мерзімнен бұрын өтеу құқығы жоқ құралдарының барлығын және кез-келген мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралдарды өтеп алса, кәсіпорын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралдарды қор құралы ретінде мерзімнен бұрын өтеу құқығы жоқ құралдарды өтеген күннен бастап қайта жіктеуі тиіс.
16F Кәсіпорын құралдарды қайта жіктеу жөнінде 16Е тармағына сай төмендегідей есеп беруі тиіс:
(а) Ол қор құралын қаржылық міндеттеме ретінде құрал 16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16D тармақтарындағы барлық белгілерге ие болуын немесе шарттарға сай болуын тоқтатқан күннен бастап қайта жіктеуі тиіс. Қаржылық міндеттеме құралдың қайта жіктеу күніндегі әділ құны бойынша бағалануы тиіс. Кәсіпорын үлестегі қор құралының қалдық құны мен қаржылық міндеттеменің қайта жіктеу күніндегі әділ құны арасындағы кез-келген айырмашылықты тануы тиіс.
(b) Ол қаржылық міндеттемені үлес ретінде құрал 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында баяндалған барлық белгілерге ие болған және шарттарға сай болған күннен бастап қайта жіктеуі тиіс. қор құралы қаржылық міндеттеменің қайта жіктеу күніндегі қалдық құны бойынша бағалануы тиіс.
Ақша қаражатын немеес басқа қаржылық активті үлестіруге келісімшарттық міндеттеме болмауы
16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған жағдайлардан басқа қаржылық міндеттемені үлестік құралдан ажыратуда маңызды белгі – бір тараптың (эмитент) ақша қаражатын немесе басқа қаржылық қаржылық активті басқа тарапқа (иесі) үлестіруге немесе қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді эмитент үшін потенциалды тиімсіз болатын шарттар бойынша иесімен айырбастауға қаржылық құрал бойынша келісімшарттық міндеттемесінің болуы.Себебі үлестік құралды ұстаушының дивидендтердің немесе капитал есебінен бөлінетін басқа да құралдардың пропорционалдық үлесін алуға құқығы болады, өйткені эмитент шарт бойынша осы құралдарды бөлуге міндетті емес, одан басқа ақша құралдары ұйымын немесе өзге қаржылық активті талап етуге болмайды.
Қаржылық құралдың кәсіпорынның есебінде немесе қаржылық жағдайында жіктелуін қаржылық құралдың заңдық пішіні емес, оның шын мәні анықтайды. Шын мәні және заңдық пішіні әдетте тұрақты болады, бірақ әрқашан олай емес. Кейбір қаржылық құралдарда үлестің заңдық пішіні болады, бірақ шын мәнінде олар міндеттеме болады және басқаларында үлестік құралдарға қатысты белгілер және қаржылық міндеттемелерге қатысты белгілер бірігіп кездеседі. Мысалы:
(а) эмитенттің болашақта белгіленген немесе белгілі бір күні белгіленген, немесе белгілі бір сома бойынша оның міндетті өтелуін көздейтін, не ұстаушыға эмитенттен осы құралды нақты бір күні немесе одан кейін белгіленген, немесе белгілі бір бағамен сатып алуды талап ету құқығын беретін кез келген артықшылықты акция қаржы міндеттемесі болып табылады.
(b) Иесіне эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына қайтаруға құқық беретін қаржылық құрал («мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал») 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеме болып табылады. Қаржылық құрал, тіпті ақша немесе басқа қаржылық активтерінің мөлшері көбею немесе азаю мүмкіндігі бар индекс немесе басқа бірлік негізінде анықталғанда да, қаржылық міндеттеме болып табылады. Құралдың иесінің оны эмитентке ақша қаражаты немесе өзге де актив орнына қайтару мүмкіндігінің болуы мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай келетіндігін білдіреді. Мысалы, мерзімсіз өзара қорлар, пай инвестициялық қорлары, серіктестіктер және кейбір кооперативтік ұйымдар өз пай иелеріне немесе мүшелеріне эмитенттегі өз пайыздарын кез-келген уақытта ақша қаражатына айырбастау құқығын бере алады, бұның нәтижесінде пай иелерінің немесе мүшелерінің пайыздары, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы, қаржылық міндеттемелер деп жіктеледі. Алайда, қаржылық міндеттеме ретінде жіктеу акционерлік үлесі жоқ кәсіпорынның (кейбір өзара қорлар, пай инвестициялық қорлары сияқты, 7 көрнекі мысалдарды қараңыз) қаржылық есебіндегі «пай иелеріне тән нетто-актив құны» және «пай иелеріне тән нетто-актив құнының өзгерісі» сияқты сөз тіркестерін қолданылуына немесе мүшелердің пайыздарының жиынтығы үлестің анықтамасына сай келетін резервтер сияқты баланс баптарынан және үлес анықтамасына сай келмейтін мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдардан тұратындығын көрсету үшін қосымша ақпаратты ашып көрсетудің қолданылуына кедергі жасамайды. (8 көрнекі мысалдарды қараңыз)
19. Егер кәсіпорынның келісімшарттық міндеттемені өтеу үшінақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті үлестіруден бас тартуға шүбәсіз құқығы болмаса, міндеттеме, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы, қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай болады. Мысалы:
(а) ұйымның міндеттемені орындаудағы шектеулі қабілеттерді, шетелдік валютаның жетіспеушілігі немесе реттеуші органдардан төлеуге рұқсаттылықтың алу қажеттілігі ұйымды оны шарт міндеттемесінен босатпайды және осы құрал бойынша иеленушінің шарт құқығын тоқтатпайды.
(b) ұйымның ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті бермеуге сөзсіз құқығы болмағандықтан, контрагенттің мерзімінен бұрын өтеуге өз құқығын орындауға негізделген шарттық міндеттемесі.
20. Ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активін беруге тікелей шарт міндеттемесі пайда болмауына байланысты қаржы құралының талаптары бойынша жанама міндеттеме пайда болуы мүмкін. Мысалы:
(а) қаржы құралына, егер ұйым төлемдерді жүзеге асырмағанда немесе құралдарды өтеуін төлеп қайта сатып алмағанда ғана, реттелуі тиіс қаржылық емес міндеттеме қоса жүре алады. Егер ұйым қаржылық емес міндеттеме есебінен ақша қаражатын аударуды немесе басқа қаржы активін аударуды болдырмағанда, осындай қаржы құралы қаржы міндеттемесі болып табылады;
(b) егер қаржы құралының талаптары бойынша ұйым өтеу кезінде мыналарды:
(і) ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активін;
не
(іі) құны ақша қаражатының немесе басқа да қаржы активінің құнынан елеулі жоғары болатын өзінің меншікті акцияларын берген жағдайда, ол қаржы міндеттемесі болып табылады.
Ұйымның ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активтерін беруге тікелей шарт міндеттемесі болмағанына қарамастан акцияларды альтернативті есептеудің құнын ұйым ақша қаражаттарымен есептеуді қалайтын болады. Кез келген жағдайда ұстаушыға ең болмағанда ақшалай нысандағы есеп сомасына тең болатын соманы алуға кепілдік беріледі.
Ұйымның меншікті үлестік құралдарымен есептесу
(16(b)-параграф)
21. Шарт ұйымның меншікті үлестік құралдарды алуға немесе ұсынуға әкеліп соқтыра алмайтындықтан, үлестік құрал болып табылмайды. Алынуы немесе берілуі тиісті ұйымның меншікті үлестік құралдарының әділ құны шарт құқығының немесе міндеттеменің сомасына тең болып вариацияланатындай, ұйым меншікті акцияларының немесе басқа үлестік құралдардың кейбір мөлшерін алуға немесе беруге шарт құқығына немесе міндеттемесіне ие бола алады. Осындай шарт құқығы немесе міндеттемесі белгіленген соманың немесе кез келген айнымалы шаманың ауытқуымен байланысты жартылай немесе толық ауысатын соманың алуын немесе ұсынуын алдын ала қарастыра алады (мысалы, пайыз ставкасы, тауар бағасы немесе қаржы құралының құны). Төменде екі мысал келтірілген: (а) 100 ш.б. сомасына ұйымның жеке үлестік құралдарын беру туралы шарт, және (b) оған сәйкес ұйым алтынның құны 100 унция эквивалентін құрайтын мөлшері жеке үлестік құралдарын беруге тиіс шарт. Осындай шарт ұйымның, оның жеке үлестік құралдарын беру жолымен шартты реттеуге тиіс болса да немесе реттей алса да, қаржы міндеттемесі болып табылады. Шарт ұйым жеке үлестік құралдардың айнымалы мөлшерін осы шарт бойынша есеп айырысу құралы ретінде пайдаланғандықтан, үлестік құрал болып табылмайды. Осыған сәйкес, осы шарт ұйым барлық міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерге қатысудың қалдық үлесінің болуын куәландырмайды.
22А тармағында баяндалғаннан басқа жағдайларда, кәсіпорынның өз қаржылық құралдарының бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшерінің орнына (қабылдауы немесе) үлестіруі арқылы есептесетін келісімшарт үлестік құрал болып табылады.
22А Егер кәсіпорынның келісімшарт бойынша есептескеннен кейін ұйым қабылдайтын немесе үлестіретін өз үлестік құралдары 16А және 16В тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және шарттарға сай мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар болса, немесе кәсіпорынға басқа бір тарапқа ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттемені жүктейтін 16С және 16D тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және шарттарға сай құралдар болса, келісімшарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Бұған кәсіпорынның осындай құралдардың бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшерінің орнына (қабылдауы немесе) үлестіруі арқылы есептесетін келісімшарт кіреді.
16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған жағдайларды қоспағанда, құрамына кәсіпорынға жүктелетін өз үлестік құралдарын ақша немесе басқа қаржылық активке сатып алуға міндеттеме кіретін келісімшарт өтеу мөлшерінің дисконтталған құнына (мысалы, аванстық қайта сатып алу бағасының,опционды жүзеге асыру бағасының немесе басқа өтеу сомасының дисконтталған құнына) қаржылық міндеттемені тудырады. Тіпті келісімшарттың өзі үлестік құрал болса да бұл жағдай орын алады. Мысал ретінде ұйымның ақша қаражатына меншікті үлестік құралдарын алуға форвордтық шарт бойынша міндеттемеге ие болған жағдайды келтіруге болады. 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес қаржы міндеттемесін алғашқы тану кезінде оның әділ құны (өтеу сомасының дисконтталған құны) капиталдан қайта жіктеледі. Салдарынан осы қаржы міндеттемесі 39-IAS Халықаралық стандартына сәйкес бағаланады. Егер шарт мерзімінің аяғына дейін ол орындалмаса, қаржы міндеттемесінің баланстық құны капиталға қайта жіктеледі. Ұйымның жеке үлестік құралдарын сатып алуға тиісті болатын ұйымның шарт міндеттемесі өтеу сомасының дисконтталған құнына қатысты, сатып алу бойынша міндеттеме контрагенттің өзінің мерзімінен бұрын өтеуге құқығымен өткізумен қамтылған болса да, қаржы міндеттемесінің пайда болуына әкеліп соқтырады (мысалы, сатып алуға арнап жазылған опцион контрагентке ұйымның меншікті үлестік құралын оның өзіне белгіленген баға бойынша сатуға құқық береді).
24. Ұйымның меншікті үлестік құралдарының айнымалы мөлшерінің орнына ақша қаражатының немесе басқа да қаржы активінің айнымалы сомасын алуы немесе беруі жолымен жүзеге асырылатын есептеу бойынша шарт қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі болып табылады. Мысал ретінде соған сәйкес ұйым құны алтынның 100 унциясына тең болатын ақша қаражатының сомасының орнына 100 меншікті үлестік құралдарын беруіне тиіс болатын шартты келтіруге болады.
Шартты өтеу бойынша бағалау міндеттемелері
Қаржылық құрал құралдың эмитентінің және иесінің екеуі де қадағалай алмайтын, қор биржасы индексінің, тұтыну бағалары индексінің, пайыздық ставканың немесе салық заңдарының өзгерісі, немесе эмитенттің болашақ табысы, таза пайдасы немесе міндеттемелерінің үлеске қатынасы сияқты екі ұшты болашақ оқиғалар пайда болған немесе пайда болмаған жағдайда (немесе екі ұшты жағдайлардың нәтижесі бойынша) кәсіпорынның ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті үлестіруін немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеуді талап етуі мүмкін. Осындай құралдың эмитентінің ақша немесе басқа қаржылық активті үлестіруден (немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеуден) бас тартуға шүбәсіз құқығы жоқ. Сондықтан, егер төмендегідей болмаса, бұл эмитенттің қаржылық міндеттемесі болып табылады:
(а) шартты өтеу келісімшартының ережелерінің ақшамен немесе басқа қаржылық активпен өтеуді (немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеуді) талап етуі мүмкін бөлігі ақиқат емес;
(b) эмитентке міндеттемені ақшамен немесе басқа қаржылық активпен өтеу (немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеу) туралы талап, тек эмитенттің жойылуы жағдайында ғана, қойылуы мүмкін, немесе
(с) құралдың 16А және 16В тармақтарындағы барлық белгілері бар және шарттарға сай.
Есептесу тәсілдері
26. Бір тарап туынды қаржы құралы бойынша есептеу тәсілін таңдауға мүмкіндік алған кезде (мысалы, эмитент немесе осындай құралды ұстаушы есептеуді ақша қаражатымен қарсы талап ету жолымен немесе акцияларды ақша қаражатына айырбастау нысанында таңдай алады), осындай құрал, егер барлық балама тәсілдердің нәтижесінде ол үлестік құрал болып қалмаған жағдайда, қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі болып табылады.
27. Есеп айырысу тәсілін таңдай отырып туынды қаржы құралының қаржы міндеттемесін білдіруге ол бойынша эмитент есеп айырысуға шешім қабылдай алатын не ақша қаражаттарымен қарсы талаптарды есептеу арқылы, не меншікті акцияларды ақша қаражатына айырбастау арқылы есеп айырысуды жүргізуге шешім қабылдай алатын акцияларға арналған опцион мысал болып табылады. Осылайша, ұйымның меншікті үлестік құралдарының орнына қаржылық емес құралды сатып алуға немесе сатуға жасалатын кейбір шарттар осы Стандартты қолдану аясында болады, себебі олар бойынша есеп айырысу не қаржылық емес құралды ұсыну арқылы не ақша қаражаттарымен немесе өзге де қаржы құралдарымен қарсы талаптарды есептеу арқылы жүргізілуі мүмкін (8-10-параграфтарды қараңыз). Осындай шарттар қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері болып табылады және үлестік құралдар болып табылмайды.
Құрастырмалы қаржы құралдары (сонымен қоса AG30-AG35-параграфтарды және 9-12-көрнекілендірілген мысалдарды қараңыз)
28. Туынды емес қаржы құралының эмитенті осы құралды оның ішінде бірдей уақытта міндеттеменің құрамдас бөлігінің де және капиталдың құрамдас бөлігінің де болуына бағалауы тиіс. Осындай құрамдас бөліктер 15-параграфқа сәйкес қаржы міндеттемелері, қаржы активтері немесе үлестік құралдар сияқты бөлек-бөлек жіктелуі тиіс.
29. Ұйым (а) оның қаржы міндеттемесін тудыратын және (b) бұл құралды ұстаушы үшін осы ұйымның оны үлестік құралға жіберуге мүмкіндік беретін қаржы құралының құрамдас бөлігін бөлек таниды. Мысалы, ұстаушы ұйымның әдеттегі акциялардың белгіленген санына жібере алатын облигация немесе ұқсас құрал құрама қаржы құралы болып табылады. Эмитент позициясы тұрғысынан осындай құрал екі құрамдас бөліктен тұрады: қаржы міндеттемесінен (ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активін беру туралы шарттық келісім) және үлестік құралдан (уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде ұстаушыға оны опционды ұйымның әдеттегі акцияларының белгіленген санына айырбастау құқығын беретін сатып алуға арналған опцион). Осындай құралды шығару іс жүзінде борыштық құралды мерзімінен бұрын өтеу және әдеттегі акцияларды сатып алуға арналған варранттар немесе акцияларды сатып алуға арналған бөлектелетін варранттары бар борыштық құралдарды шығару шартымен борыштық құралды бір мезгілде шығарумен бірдей экономикалық нәтиже береді. Осыған сәйкес, барлық жағдайда да ұйым өзінің балансында міндеттеме және капиталдың құрамдас бөлігін бөлек көрсетеді.
30. Аударылатын құралдың құрамындағы міндеттеме және капиталдың құрамдас бөліктерінің жіктемесі опционды аударуға орындау мүмкіндігі өзгеру кезінде, осындай құралдарды кейбір ұстаушылардың ойынша мұндай опционның орындалуы экономикалық тиімді болған жағдайдың өзінде де, қайта қаралуға жатпайды. Құралдарды ұстаушылар әрқашан да күткендегідей әрекет етпеуі мүмкін, мысалы, себебі айырбастаудың салыққа қатысты салдарлары әр түрлі ұстаушылар үшін әр түрлі болуы мүмкін. Соған қоса, кейбір кездері айырбастау ықтималдығы өзгереді. Ұйымның болашақтағы төлемдерді жүзеге асыруға арналған шарттық міндеттемесі құралды өтеу күнінің басталуына немесе қандай да бір басқа операцияның нәтижесіне байланысты айырбастау жолымен өтелгенге дейін орындалмаған күйінде қалады.
31. 39 IAS қаржы активтерінің және қаржы міндеттемелерінің бағалау мәселелерін реттейді. Үлестік құралдар ұйым барлық міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерге қатысудың қалдық үлесінің болуын куәландыратын құралдар болып табылады. Осыған сәйкес, құрастырмалы қаржы құралының алғашқы баланстық құны капитал және міндеттеме құрамдас бөліктерінің арасында бөлінген кезде, капиталдың құрамдас бөлігіне жалпы құралдың әділ құнынан міндеттеме құрамдас бөлігі үшін бөлек анықталатын сомасын шегеріп тастағаннан кейін қалған сома жатқызылады. Құрастырмалы қаржы құралына кіріктірілген, капиталдың құрамдас бөлігін (мысалы, үлестік бағалы қағаздарға жіберілетін опцион) қоспағанда, кез келген туынды элементтерінің (мысалы, сатып алуға арналған опцион) құны міндеттеменің құрамдас бөлігіне жатқызылады. Міндеттеме және капитал құрамдас бөліктері жатқызылған баланстық құндардың сомасы бастапқы тану кезінде әрқашан да тұтастай құралға жатқызылған әділ құнға тең болады. Құрал құрамдас бөліктерінің бөлек танылуы пайданың немесе залалдың пайда болуына әкеліп соқтырмайды.
32. 31-параграфта көрсетілген тәсілдер ауқымында әдеттегі акцияларға аударылатын облигациялардың эмитенті әуелі қандай да бір капиталдың құрамдас бөлігімен байланысы жоқ, ұқсас міндеттеменің (кез келген кіріктірілген туынды үлестік емес элементтерді қоса алғанда) әділ құнын бағалау жолымен міндеттеменің құрамдас бөлігінің баланстық құнын анықтайды. Одан кейін құрастырмалы қаржы құралы құнынан қаржы міндеттемесінің әділ құнын шегеру жолымен тұтастай алғанда оны әдеттегі акцияларға айырбастауда опцион түрінде үлестік құралдың баланстық құны анықталады.
Қазынашылық акциялар (сонымен қоса AG36-параграфты қараңыз)
33. Егер ұйым өзінің үлестік құралдарын қайта сатып алса, бұл құралдар («қазынашылық акциялар») капиталдан шегеріліп тасталуы тиіс. Ұйымның меншікті үлестік құралдарын сатып алу, сату, шығару немесе жою кезінде пайдалар және залалдар есебіндегі қандай да бір пайда немесе залал танылмайды. Осындай қазынашылық акциялар сатып алынуы немесе ұйымның немесе басқа да шоғырландырылған топтың басқаруында болуы мүмкін. Төленген немесе алынған қарсы ұсыну тікелей капиталда танылуы тиіс.
34. Қазынашылық акциялар құны 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес не баланстың өзінде, не оның ескертпелерінде бөлек ашылады. Егер ұйым байланысты тараптардан өзінің үлестік құралдарын қайта сатып алса, онда ол 24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ақпаратты ашады.
Пайыздар, дивидендтер, пайдалар және залалдар (сонымен қоса AG37-параграфты қараңыз)
35. Қаржы міндеттемесі ретінде жіктелген қаржы құралына немесе оның құрамдас бөлігіне жатқызылатын пайыздар, дивидендтер, залалдар және пайдалар есебіндегі табыстар және шығыстар сияқты көрсетілуі тиіс. Үлестік құралдарды ұстаушыларға кіріс төлеуді ұйым тікелей, табысқа салынатын салық бойынша кез келген тиісті жеңілдікті шегеріп тастағанда, капиталдың дебет шотына жатқызады. Кәсіпорынды сатып алуға (22 IAS-қа сәйкес есепке алынуы тиісті) тікелей байланысты үлестік құралдардың өзін шығаруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, үлестік құралдары бар мәміле бойынша шығындар табысқа салынатын салық бойынша кез келген тиісті жеңілдіктерді есептемей капиталдан шегерім түрінде көрінуі тиіс.
36. Қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал ретінде қаржы құралдарының жіктемесі осындай құралға жатқызылатын пайыздар, дивидендтер, залалдар және пайдалар пайда және залалдар шотында кіріс немесе шығыстар ретінде көрінуін алдын ала анықтайды. Осыған сәйкес, міндеттемелер ретінде толық танылған акциялар бойынша төленетін дивидендтер, облигациялар бойынша пайыз шығыстар ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда қаржы міндеттемелерін өтеумен немесе қайта қаржыландырумен байланысты пайдалар және залалдар пайда және залал есебінде көрінеді, сонымен қатар есептіліктегі үлестік құралдарды өтеу және қайта қаржыландыру өзгеріс ретінде көрінеді. Қаржы есептілігі үлестік құралдың әділ құнындағы өзгертулерді танымайды.
37. Шынында, ұйымның меншікті үлестік құралдарды шығарумен немесе сатып алумен байланысты әр түрлі шығасылары бар. Осы шығасыларға тіркеу және басқа да міндетті алымдар, заңгерлерге, аудиторларға және басқа да кәсіби консультанттарға берілетін сыйақы, мөр және гербтік алымдарға жиналатын шығыстар жатқызылуы мүмкін. Үлестік құралдармен мәміле бойынша шығындар керісінше жағдайда алдын алуға болатын үлестік құралдармен мәмілеге жатқызылатын қосымша немесе тікелей шығынды білдірген жағдайда капиталдан шегерім (пайдаға салынатын салық бойынша қандай да болмасын жеңілдікті есептемегенде) ретінде көрсетіледі. Жүзеге асырылмаған үлестік құралдармен мәміле бойынша шығындар шығыстарға жатқызылуы тиіс.
38. Құрастырмалы қаржы құралын шығарумен байланысты шығындар осы құралдардың құрамындағы түсімнің бөлінуіне теңбе-тең міндеттеменің құрамдас бөлігіне және үлестік құрамдас бөлікке бөлінеді. Бір мәмілеге бірден артық емес жатқызылатын жиынтық шығындар (мысалы, бірдей акциялардың бір мезгілдегі ұсынысына және басқа акциялардың листингіне жұмсалған шығындар) ұқсас мәмілелермен келісілген рационалдық негізде осы мәмілелердің арасында бөлінеді.
39. Есеп беру кезеңінен кейінгі капиталдан шегеру ретінде есепте көрсетілетін мәмілелер бойынша шығындар сомасы 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартына сәйкес бөлек ашылады. Капиталда тікелей танылған табысқа салынатын салықтардың тиісті сомасы 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ашылуы тиісті капитал шотының кредит немесе дебет бойынша көрсетілетін пайдаға салынатын ағымдағы және кейінге қалдырылған салықтардың жиынтық сомасына кіреді.
40. Шығыстар ретінде жіктелген дивидендтер толық табыс туралы есепте немесе бөлек табыс туралы есепте (егер ұсынылса) не басқа міндеттемелер бойынша пайыздармен, не жеке баппен ұсынылуы мүмкін. Осы Стандарттың пайыздар және дивидендтер туралы ақпаратты ашу талаптарымен қатар, 1 IAS және 7 IFRS талаптары қолданылады. Кейбір жағдайларда пайыздар мен дивидендтер арасындағы айырма ретінде, оның ішінде рұқсат етілетін салық шегерімдері тұрғысынан қарағанда, олар мүмкіндігінше, толық табыс туралы есепте немесе бөлек табыс туралы есепте (егер ұсынылса) бөлек ашылғаны жөн. Салықтың салдарлары туралы ақпаратты ашу 12 IAS Халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Қаржы міндеттемесінің баланстық құнының өзгерістерімен байланысты пайдалар және залалдар, ақша қаражатына немесе басқа да қаржы активінің орнына ұйым активтеріне қалдық үлесте қатысуға құқығын қосатын құралға қатысты болған жағдайда да, пайдалар және залалдар туралы есебінде кірістер немесе шығыстар ретінде көрінеді. 1 IAS Халықаралық стандартына сәйкес ұйым осындай құралды қайта бағалауымен байланысты пайда болған кез келген пайдаларды және залалдарды ұйым қызметінің нәтижесін анықтау үшін маңызды болған кезде бөлек пайдалар және залалдар туралы есепте ұсынады.
Қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін есепке алу (сонымен қоса, AG38 және AG39-параграфтарын қараңыз)
