Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.12 Кб
Скачать

Капиталдандыруды тоқтата тұру

20. Қаражат қарыздары бойынша шығындарды капиталдандыру объектіні түрлендіру жөніндегі белсенді жұмыста үзіліс болатын ұзақ кезеңдер ішінде уақытша тоқтатыла тұруға тиіс.

21. Қарыздар бойынша шығындар активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметте үзіліс болатын ұзақ кезең ішінде жұмсалуы мүмкін. Ондай шығындарға аяқталмаған объектілерді ұстауға жұмсалатын шығындар жатады. Мұндай шығындар капиталдандыруға жатпайды. Алайда қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру әдетте елеулі техникалық және әкімшілік жұмыстар жүзеге асырылатын кезең ішінде уақытша тоқтатыла тұрмайды. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру сондай-ақ уақытша кідіріс активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үрдісінің қажетті бөлігі болып табылатын кезде де уақытша тоқтатыла тұрмайды. Мысалы, капиталдандыру қорларды қажетті кондицияға жеткізу үшін қажетті ұзақ кезең ішінде, немесе судың жоғары деңгейі көпір салынуын кешеуілдететін ұзақ кезең ішінде, судың жоғары деңгейі сол географиялық аймақ үшін құрылыс салу кезеңі ішінде әдетті болса, капиталдандыру жалғастырылатын болады.

Капиталдандыруды тоқтату

22. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру белгілі бір талаптарға сай келетін активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар іс жүзінде аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.

23. Объектінің нақты құрылысы аяқталған кезде, күнделікті әкімшілік жұмыстарының одан әрі жалғастырыла беруі мүмкін екеніне қарамастан, ол әдетте мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайын деп саналады. Егер объектіні сатып алушының немесе пайдаланушының талаптарына сәйкес ресімдеу секілді кішігірім жұмыста ғана қалса, оның өзі жұмыстардың іс жүзінде толық аяқталғанын білдіреді.

24. Белгілі бір талаптарға сай келетін актив құрылысының бөліктері аяқталып, әрбір бөлікті басқа бөліктердің құрылысы жалғасып жатқан кезде пайдалануға болатын болса, қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру активтің сол бөлігін мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар негізінен аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.

25. Әрқайсысы жеке пайдалануға жарамды бірнеше ғимараттардан тұратын бизнес-орталығы - басқа құрамдас бөліктер құрылысы одан әрі жалғастырылып жатқан кезде әрбір бөлікті пайдалануға болатын белгілі бір талаптарға сай келетін активтің мысалы. Өзінің кез келген құрамдас бөлігі пайдаланылардан бұрын толық аяқталуға тиіс белгілі бір талаптарға сай келетін актив мысалы компанияның бір алаңда орналасқан түрлі цехтарында рет-ретімен жүзеге асырылатын бірнеша өндірістік үдерістерді біріктіретін өнеркәсіп компаниясы, болат илектеу өндірісі болып табылады.

Ақпаратты ашып көрсету

26. Қаржы есептілігінде мыналар ашып көрсетілуге тиіс:

(а) қарыздар бойынша шығындардың кезең ішінде капиталдандырылған сомасы; және

  1. Қарыздар бойынша капиталдандыру жарамды шығындар мөлшерін анықтау үшін пайдаланылған капиталдандыру ставкасы.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ШАРТТАРЫ

  1. Осы стандарттың қолданылуы есеп саясатының өзгеруіне себеп болса, кәсіпорын осы Стандартты капитализациясының басталу күні күшіне ену күнінде немесе одан кейін болатын сәйкес активтерге қатысты қарыз шығындарына қолдануы тиіс.

  2. Дегенмен, кәсіпорын күшіне ену күніне дейінгі кез-келген күнді көрсетуіне болады және осы Стандартты капитализациясының басталу күні күшіне ену күнінде немесе одан кейін болатын барлық сәйкес активтерге қатысты қарыз шығындарына қолдануы тиіс.

КҮШІНЕ ЕНЕТІН КҮН

  1. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 2009 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді. Егер кәсіпорын осы Стандартты 2009 жылғы 1 қаңтардан ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

29А 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша 6 тармаққа түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді кәсіпорын 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

  1. Осы Стандарт 1993 жылы қаййта қаралған 23 IAS Қарыздар бойынша шығындар ХҚЕС-ын ауыстырады.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]