Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.12 Кб
Скачать

23 Ias Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Қарыздар бойынша шығындар

Негізгі принцип

1. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнының бөлігін құрайды. Басқа қарыздар бойынша шығындар шығыс ретінде танылады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2. Осы Стандарт қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс.

3. Осы Стандарт міндеттемелер ретінде қаралмайтын акционерлік капитал (соның ішінде артықшылықты акциялар) жөніндегі нақты немесе болжалды шығындарға қатысты емес.

4. Кәсіпорынның осы Стандартты төмендегілерді сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыз шығындарына қолдануы талап етілмейді:

  1. әділ құнымен бағаланған талаптарға сай актив, мысалы биологиялық актив; немесе

  2. қайталанбалы түрде көп мөлшерде жасалып шығарылатын немесе басқаша өндірілетін босалқылар.

АНЫҚТАМАЛАР

5. Төмендегі терминдар осы Стандартта аталған мәндерде пайдаланылады:

Қарыздар бойынша шығындар - компания қарыз қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық және басқа шығыстар.

Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін әзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.

6. Қарыздар бойынша шығындар:

(а) 39 Қаржылық құралдар: тану және бағалау (IAS)ХҚЕС -да сипатталған тиімді пайыздық ставка тәсілін қолданып есептелген пайыз бойынша шығындар;

(b) [Алынып тасталған]

(с) [Алынып тасталған]

(d) 17-«Жалдау» (IAS)ХҚЕС сәйкес танылған қаржылық жалдауға қатысты кредиттің толық құны; және

(е) шетелдік валютадағы қарыздардан пайыз шығындарына түзетулер деп санаталтын дәрежеде туындайтын бағамдық айырмашылықтар пайыздар төлеу жөніндегі шығындар.

7. Жағдайларға қарай, төмендегілердің кез-келгені талаптарға сай активтер бола алады:

  1. босалқылар

  2. өндірістік мекеме

  3. электр энергиясын өндіретін стансалар

  4. материалдық емес активтер

  5. инвестициялық жылжымайтын мүліктер.

Қысқа уақыт ішінде жасалып шығарылатын , немесе басқаша өндірілетін қаржылық активтер, және босалқылар талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде ниеттелген қолданысқа немесе сатуға әзір активтер де талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.

Мойындау

8. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс. Кәсіпорын басқа қарыз шығындарын шығыс ретінде жұмсаған кезеңінде тануы тиіс.

9. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына кіреді. Қарыздар бойынша ондай шығындар, компанияның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін және шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады. Кәсіпорын 29 (IAS) Гиперинфляциялық экономикаларда қаржылық есеп беру ХҚЕС-ын қолданғанда, ол сол Стандарттың 21 тармағына сәйкес, қарыз шығындарының сол кезең ішіндегі инфляцияны өтейтін бөлігін шығыс ретінде таниды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]