Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл_Маг_Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.39 Mб
Скачать

10. Көпірлі схемалар

Өткізгіштердің кедергілерін өлшеу үшін әртүрлі көпірлі схемалар қолданылады. 1.14-суретте Уинстонның қарапайым көпірі көрсетілген. Бұл көпірлі схемада реахорд қолданылған. Реахорд - кедергісі ұзындығына тура пропорционал калибрленген өткізгіш. Реахордқа кедергісі өлшенетін Rx және эталонды Ro параллель жалғанады. Көпірдің бір диагоналінде ток көзі Е, ал екіншісінде гальванометр жылжымалы түйіспесіне жалғанады. Жылжымалы түйіспені реахордтың бойымен жылжыта отырып, гальванометр арқылы өтетін токтың мәнін нөлге (іr=0) теңелтіп алады.

1.14.- сурет

Бұл жағдайда А және В нүктелеріндегі потенциалдар бірдей және тізбектелген учаскелердегі кернеулер олардың кедергілеріне тура пропорционал болады:

. (1.16)

Осыдан белгісіз кедергі анықталады:

. (1.17)

1.15- сурет

Көпірлер жиынынының R1 және R2 кедергілері тұрақты болып, R0 кедрегісінің орнына кедергілер жиыны (магазині) жалғанады. 1.15- суретте де көпірлер жиынының схемасы берілген. Бұл схемада қорек көзі, гальванометр және өлшенетін кедергінің жалғанатын нүктелері көрсетілген.

11. Электрстатистикалық вольтметр

Электрстатистикалық вольтметрдің жұмыс істеу принципі бір-біріне изоляцияланған қозғалатын және қозғалмайтын металл пластинкалардың, оларға потенциалдар айырымын берген кезде өзара әсерлесуіне негізделген. Пластинкалар жүйесі айнымалы конденсаторға эквивалентті, олардың қозғалмалы пластинкалары айналу осінің төңірегінде қозғалысқа келеді. Бұрылу бұрышы

,

мұндағы U - пластинкалар аралығындағы потенциалдар айырымы, - сыйымдылықтың қозғалмалы пластинкалардың орындарына тәуелділігін сипаттайды. Бұл вольтметрді, тұрақты және айнымалы потенциалдар айырымын өлшеу үшін қолдануға болады. Пластинкалардың формаларын таңдап алу арқылы шкаланың соңғы 3/4 ұзындығын бірқалыпты етіп алуға болады.

12. Бақылау сұрақтары

1. Электр өлшегіш аспаптың сезімталдылығы дегеніміз не?

2. Көп шекті электр өлшегіш аспап бөлігінің құнын қалай анықтайды?

3. Аспаптың дәлдік класы дегеніміз не?

4. Дәлдік класы 0,5, өлшеу шегі ІA ампермертдің абсолютті қатесін анықтаңыз.

5. Электрмагниттік және магнитэлектрлік жүйелі аспаптардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз және оның шартты белгісін көрсетіңіз. Осы жүйелі аспаптардың ерекшеліктерін және кемшіліктерін түсіндіріңіз.

6. Электрдинамикалық жүйелі аспаптардың жұмыс істеу принциптерін түсіндірңіз және оның шартты белгісін көрсетіңіз.

7. Реостаттың құрылысын түсіндіріңіз.

8. Реостат не үшін қолданылады?

9. Кедергілер жиынының құрылысын және оның жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

10. Рычагты кедергілер жиынының құрылысын түсіндіріңіз.

12. Потенциометр не үшін қолданылады?

13. Көпірлі схемалар не үшін қолданылады?

13. Әдебиет: 2; 3; 6; 7; 12; 13.