Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл_Маг_Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.39 Mб
Скачать

4.4.1.Күшейткіштің схемасын түсіну және қондырғыны жинау

4.4.1. Күшейткіштің схемасын түсіну.

4.4.2. Қондырғының схемасын 4.9-сурет бойынша жинау, схемада сандармен қондырғыға керекті аспаптар белгіленген: 1- дыбыс генераторы, 2-тұрақтандырылған түзеткіш, 3- күшейткіш, 4- милливольтметр, 5- осциллограф.

Схеманы жинаған кезде барлық аспаптардың корпустары бір - бірімен электрлі қосылуы қажет.

- 12 B o

o o

o o

o

~

o

o

o

1

2

3

5

~ -

o- o+

V

4

V

4.9- сурет Күшейткіштің амплитудалық сипаттамасын алу

4 .4.3. Тұрақтандырылған түзеткішті, дыбысты генераторды және осциллографты қосыңыз. Осциллографтың фокусировкасын және жарықталуын дұрыстап, күшейткіштің клеммаларынан осциллографтан сигнал алыңыз.

4.4.4. Генератордың жиілігін 5 кГЦ-ке қойыңыз. Генератордан алынған сигналдың амплитудасын және осциллографтың күшейткішін өзгерте отырып, зерттелген күшейткіштің клеммаларынан алынған синусоиданы дұрыс қалыпты және ол экранға сиятындай ету керек.

4.4.5.Күшейткіштің кіру клеммаларында амплитудалық кернеу тұрақты болғанда генератордың жиілігін өзгерте отырып. күшейткіштің жиіліктік сипаттамасын қарап шығыңыз. Амплитуданы максимальды мәнге күшейтетін жиілікті анықтаңыз.

4.4.6. Осы жиілікті тұрақты ұстап, күшейткіштің амплитудалық сипаттамасын алыңыз. Ол үшін күшейткіштің кіру клеммаларындағы кернеуді 0 ден 300 mВ дейін әрбір 1 mВ сайын өзгерте отырып, күшейткіштің шығу клеммаларындағы амплитуданың кернеуін өлшеңіз.

4.4.7. Осы алынған мәндерді қолданып, күшейткіштің амплитудалық сипаттамасының Uш=f(Uк) байланыс графигін сызыңыз.

4.5. Күшейткіштің жиіліктік сипаттамасын алу

4.5.1. Амплитудалық сипаттамасынан, сызықтық байланыс жойыла бастайтын нүктедегі, күшейткіштің кіру клеммаларына берілетін Uк кернеуді анықтаңыз.

4.5.2. Күшейткіштің кіру клеммаларына жоғарғыда табылған Uк мәнінен үш есе кем кернеу бар, яғни күшейткіш сигналдың формасын өзгерте бастайтын нүктесіндегі кернеудің мәнінен әлдеқайда кем.

4.5.3. Осы алынған кернеудің мәнін тұрақты ұстап, күшейткіштің жиіліктік сипаттамасын алыңыз. Ол үшін жиілікті 2 кГц-тен ең жоғарғы жиілікке дейін 1кГц сайын өзгерте отырып, күшейткіштің шығу клеммаларындағы кернеуді өлшеңіз. Алынған мәліметтерді таблицаға жазыңыз.

4.5.4. Таблица мәліметтері бойынша, күшейту коэффициентін К=Uш/Uк анықтаңыз. Күшейткіштің жиіліктік сипаттамасын салыңыз. Ол үшін ордината осіне күшейту коэффициентінің, ал абцисса осіне жиіліктің мәндерін салыңыз.

4.5.5. Осы алынған жиіліктік сипаттамадан күшейткіштің жиілікті өткізу жолағын анықтаңыз.

4.6. Жұмысқа жіберу сұрақтары

4.6.1. Транзисторлардың типі, құрылысы және оларды қосу схемалары.

4.6.2. Күшейткіш және оның әсер ету принципі.

4.6.3.Электронды күшейткіш каскадтың блок-схемасының жұмыс істеу принипін түсіндіріңіз.