Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҒЫлыми жұмыс Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.92 Кб
Скачать

3.2 Сәбиттің мысалдарын басқа жазушылардың мысалдармен салыстыру

 Абай Құнанбаев-Абай орысша мысалдың текстін дәлме-дәл тәржімалауды мақсат етпеген, негізінен оқиға желісін сақтай отырып, мысалдағы жай-жағдайларды қазақөміріне, уғым-тұсінігіне, ойлау, сейлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге үмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сәйкестігі түрғысынан қарап, ана жері дәлтұскен, мынажері дәлемес, кемтұскендеудің ешбір қисыны жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы -орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазыны байытуға мол үлес қосқан аудармашы. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

И.А.Крылов- орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды. Ол алдымен аударудан бастады. Ұлы француз мысалшысы Жан де Лафонте́ннің мысалдарын аударған. Кейін ол өзінің көркем шығармаларын жаза бастады. Ол мысал жанрының негізі қалауышыларының бірі. Мысал өлеңдері адамды жақсы қасиетке баулиды, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйретеді. Көбінесе аллегорияны қолданады. Мысал өлеңдерде басты кейіпкер деп көп жағдайда жануар деп алады.

Сәбит Дөнентаев- Сәбит Дөнентаев мысал өлеңдер жазуда Шығыстың, орыстың классикалық әдебиетінен және Абай аудармаларынан үйрене отырып, өзі де аударды және мысал өлеңдердің жаңа үлгілерін қалдырды.

Сәбиттің ақындық тіл ерекшелігін айқындайтын және ең көп қолданатын түрлері аллегория, ирония, сарказм деуге болады.

Мысал жазуда тағы бір ерекшелігі-өзінің мысал өлеңдерінде ол аллегориялық жаңа образдар жасай білді.Мысал өлеңдерін жануарларды қатыстыру, өзара сөйлестіру арқылы қысқа сюжетке құрады.Сәбит Дөнентаев кейбір мысал өлеңдерін нақты біреуге немесе біреулерге арнайды. Яғни, арнауды қолданды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сәбит Дөнентаевтың мысал өлеңдері-оның шынайы көркем туындылары. Ол тәңірдің тек өзіне ғана берген дарындылығын ұтымды пайдалана білді.

Сәбиттің мысалдарын оқу керек. Басты бір себебі- мысалдарының астында бір терең тарихи оқиға жатуы. Мысалы, Қазан төңкерісі немесе революция, патша өкіметінің қозғалыстары өткір сатира арқылы беріледі. Сәбит өзінің көңіл-күйін, көз-қарасын, өмірдік ұстанымын да осы мысал өлеңдер арқылы оқырманға жеткізеді.

Екінші бір себебі- оның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Олар жаман ой-кеселдерден аулақ болуға, жаман қасиеттерді бойға жақындатпауға үйретеді. Жақсыға баулиды.

Үшінші себебі- Сәбиттің тіршіліктің жанды суреттерінен тұратын мысал өлеңдері күделі табиғатымен сені бірде күлдіріп, бірде жылыта түседі. Яғни, психологияға жақсы әресін тигізеді.

Бейсембай Кенжебаевтың іске асыра алмай кеткен армандарының бірі Сәбит Дөнентаевтың әдеби мұрасына қатысты еді. Сол себепті де, мен, кейінгі ұрпақ өкілі ретінде, үлгілі адамдардың өнегелі істерін жалғастыруда өзіме парыз деп санадым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қ. Хошеметов «Бозторғай»/ Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Мектеп» баспасы.-1989 жыл.

  2. «Әдеби ұғымдар» сөздігі// Құрастырған: Екібастұз қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жетпісбаева Толқын Қонаевна және Нуртаева Назымгүл Кудышевна.- Екібастұз, «Зерде» баспасы, 2009,-14 бет.

  3. Дөнентаев С./ Ұрпағыма айтарым: Өлең, әңгіме, очерк, фельетон, мақала, естеліктер/ Құраст. Баспаға әзірлеген С.С. Дөнентаева.-Алматы: Жазушы, 1989.-304 бет. , суретті.

  4. Әдебиет: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал. 2-басылымы.-Алматы: Атамұра, 2006.-320 бет.

  5. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы»: Оқу құралы (Құраст., алғы сөзін жазған Т.Қоңыратбаев).-Алматы, «Санат», 1994.-312 бет.

  6. Крылов И.А. Мысалдар. Орыс тілінен аударған Абдрахман Асылбек.-Алматы: Алматы-кітап баспасы, 2010.-236 бет, суретті.

  7. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

  8. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.

  9. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009