Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҒЫлыми жұмыс Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

1.Сәбит дөнентаевтың өмір жолы

1.1 Сәбиттің өмір баяны

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысы, төртінші ауылда (қазіргі Павлодра облысы) кедей шаруаның отбасында туған. Әкесі Дөнентай малға жарлы болғанымен, аздап сауат ашқан, көңіл-көзі ояу кісі болған. Анасынан жеті жасынан жетім қалған Сәбитті жаңаша тәрбиелеуге тырысқан да – сол көзі ашық әке.

Ауыл молдасынан қара таныған Сәбит 1907-1908 жылдары Маралдыдағы болыстық медреседе Нұрғали деген кісіден оқиды. Нұрғали- сол кездегі мәдени-ағарту орталығы болған Троиц қаласындағы «Уазифа» медресесін тамамдаған жаңаша ілімі бар адам. Нұрғалидан тарих, жаратылыстану пәндері бойынша дәріс алған ақындыққа талабы бар бала өлең жазуға әуес болды. Өзі қатарлы, бірақ білімге ынтасыз, салдыр-салақ, тентек-содыр балаларды мазақтап өлең шығарды. Бұл-дарын дәнінің алғаш бүршік жаруы. 1910-1911 жылдары Мұхамедсадық медресесінде оқыды. 1912 жылы Сәбит Дөнентаев аз білімін жетілдіру мақсатымен Павлодар қаласына келеді. Өкінішке орай, орыс мектебіне түсіп оқуға білімі жетпеген шәкірт бала Қасым қажы Ертісбаевтың медресесінен дәріс алады. Осы уақытта ол «Шара», «Уақыт», қазақ тілінде басылатын «Айқап», «Дала уалаяты» газет-журналдарын, өлең кітаптарын оқып, дүниетанымын кеңейтеді. Өзі де «Айқапқа» өлең, мақала жаза бастайды.

Сұлтанмахмұтпен хат-хабар алысу, Тоқай өлеңдеріндегі сол дәуірге жақын сыншыл сықаққой үнді естуі жаңа талапты өрелі ізденіске бастағаны хақ. Сол жылдары Сәбит Сұлтанмахмұт арқылы «Айқап» журналы қызметкерлерімен де танысып, барынша ізденіс үстінде болған сияқты. Ақындыққа талаптанған бозбаланың «Досыма жазғаным» деп аталатын өлеңі Сұлтанмахмұт Торайғыровқа жазған кезекті хаттарының бірі болуы әбден мүмкін. 1915 жылы Уфада Сәбиттің «Уақ-түйек» деген атпен 44 өлеңі басылады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі күндері ол патшаның тақтан кетуін қолдап, өзінің «Бостандық» атты өленің жазған. Ұлы Октябрь революциясы жеңіске жеткеннен кейін ол «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына өлеңдер жазып, жариялайды. 1919 жылы Мұхтар Әуезовтен орыс тілін оқыды. 1919 жылдың соңына қарай еліне оралып, оқу-ағарту ісімен айналысады. 1921-1922 жылдары Қаныш Сәтбаевпен бірге халық соты болып қызмет істейді.Бірақ оның бұдан кейінгі қызметі негізінен баспасөз орындарымен байланысты.

1924 жылы ол Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде қызмет атқарған. Ақынның кеңес әдебиетіне келуі де осы

кезеңмен тұтасып жатады. 1929 жылы Қазақстан Жазушылар ұйымының мүшелігіне алынады. «Қазақ тілі» газетінде жаңа тақырыпқа жазған көптеген өлеңдері, фельетон, әңгіме, очерк мақалалары жарияланады. Соның бәрі де кеңес құрылысының сан алуан мәселесіне арналған еді. Сонымен қатар ол «Жаңа адым», «Социалистік Шығыс» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Меңдеп алған көкірек, безгек ауруларынан айыға алмай, ақын, журналист, аудармашы Сәбит Дөнентаев 1933 жылы 23 мамыр күні 39 жасында о дүниеге аттанады.