
- •8 Сынып
- •2013-2014 Оқу жылы
- •1.Сәбит дөнентаевтың өмір жолы
- •1.1 Сәбиттің өмір баяны
- •1.1.1 Сәбиттің шығармашылығы
- •1.1.2 Сәбит туралы естеліктер
- •2. Мысал жанры
- •2.1 Мысал деген не?
- •2.2 Мысал жанрының тарихы
- •3.Сәбит дөнентаевтың мысал жанры
- •3.1 Сәбиттің мысалдары
- •3.2 Сәбиттің мысалдарын басқа жазушылардың мысалдармен салыстыру
2. Мысал жанры
2.1 Мысал деген не?
Мысал- сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылып, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеументтік ортадағы кемшілік күлкіге айналған идеясы астарсыз ашық, мазмұны бүкпелі шығарма.
Аллегория.
● Троптың бір түрі. Мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше allegoria- пернелеп айту) түрінде келеді. Жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Мысалы: –Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш жоқ,- дегенде Қораз айтты: -Сенде ес жоқ. «Кукара-ку» болмай-ақ мен шақырған, таң атырып, онсыз жұрт күн батырған. (А.Тоқмағанбетов)
● Қазақ ауыз әдебиетінде аллегорияның көп кездесетін жанры - өтірік өлеңдер. Көбіне жастардың өзара ойын-сауықтарында айтылады. Адам өмірінде болатын қарым-қатынастарды, айуан, не әр түрлі жәндіктердің арасында пернелеп, күлкі үшін суреттейді. Мысалы, Беріпті бақа қызын көбелекке, жүріпті қара шыбын жеңгелікке. Бір туын құмырсқаның ұстап сойып, той қылып ат шаптырған төңірекке...(Өтірік өлең)
2.2 Мысал жанрының тарихы
Поэзияның негізгі саласының бірі – мысал өлеңдердің элементі қазақтың көне әдебиетінде қара сөзге құрылған қысқа ертегі, әңгіме («Арыстан, қасқыр және түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Аю мен түлкі») түрінде де немесе өтірік өлеңдержәне тағы басқа өлеңдер түрінде де кездеседі. Бұл, бір жағынан, қазақ әдебиетінде мысал өлеңдердің барлығын дәлелдесе, екінші жағынан, әлі өсіп жетілмеген шағын түрі, бастамасы ғана екенін көрсетеді.
Ең алғаш рет мысал жанры Ежелгі Грецияда дамыды. Оның негізін қалаушы Эзоп (б.з.б.VI—V ғғ). Римде Федр деген мысалшы болған (б.з I ғ.). Ал Индияда мысал жанры б.з III ғасырынан бастап дамыды. Жаңа ғасырдың атақты мысалшыларының бірі-ақын Ж. Лафонтен (XVII ғасыр).
Крылов И.А. мысал өлеңдерді жазбас бұрын, оны шетел жазушыларынан аударудан бастады. 1805 жылы ол ұлы француз мысалшысы Жан де Лафонте́н -нің «Дуб и Трость» және «Разборчивая невеста» атты мысалдарын алғаш рет аударған. Міне, осы жылы ол мысал жазуға алғаш рет аяқ басты.
Ал қазақ мысал өлеңдердің жақсы үлгілері жазба әдебиетіміздің тарихында орыс мәдениетіне жақындауымен байланысты. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана кең дүниеге шыға алды. Мысла жазудың үлгілерін жазба әдебиетінің қайраткерлері Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин бастады. Қазақ әдебиетін олар өлеңнің жаңа түрімен – мысал өлеңдермен байытты. Аллегориялық әдісті мысал өлеңдерінің құралы еткен Ыбырай мен Абай орыс ақыны Крыловтың мысалдарын аударып, қазақ арасына таратып таныстырды. Абай мен Ыбырай өздерінің аударма мысалдары арқылы адамның мінез-құлқын түзеп, еңбекке үндеуде және аз сөзбен көп мағына беріп, өткір, шебер суреттеуде үлкен еңбек сіңірді.
3.Сәбит дөнентаевтың мысал жанры
3.1 Сәбиттің мысалдары
Поэзия саласында Сәбиттің молырақ қамтыған жанры сатира мен мысал өлеңдер болды. Сондықтан да бұл өткір жанрлардағы Сәбиттің ақындық тіл ерекшелігін айқындайтын және ең көп қолданатын түрлері аллегория, ирония, сарказм деуге болады.
Сәбит Дөнентаев мысал өлеңдер жазуда Шығыстың, орыстың классикалық әдебиетінен және Абай аудармаларынан үйрене отырып, өзі де аударды және мысал өлеңдердің жаңа үлгілерін қалдырды. Ол – орыстың Крыловы сияқты, қазақтың алғашқы мысалшыл ақындарының бірі. Ол 50-60 шамалы сатиралық өлең жазды. Оның өлеңдерінің көпшілігі- өткір сатираға суарылған өлеңдер.
Мысал жазуда тағы бір ерекшелігі-өзінің мысал өлеңдерінде ол аллегориялық жаңа образдар жасай білді.Сәбит қазақ топырағында аллегориялық тың образдар жасауға барып, батыл қадам жасады. Ол өзінің алғашқы үйрену кезеңінен кейін творчестволық өсу жолында, іздену үстінде, қоғамдық құрылысты, үстем тап өкілдерін, әділетсіздік дүниесін сынға салу үшін аллегориялық образды қазақ қоғамынан іздеп тапты. Қай мысалдарында болсын ол қоғам өміріндегі адамның қарым-қатынасын, іс-әрекетін жыртқыш аң, құс, жануарлар бейнесінде көрсетіп отырды. Ол қанаушы атаулыны әшкерелеу үшін жыртқыш құстардан- тұрымтай, қырғи, қаршыға, лашын, бүркіті, кейде құстың ең жаманы тырнаны, қарға мен сауысқанды, жыртқыш аңдардан-арыстан, қасқыр, борсық, түлкіні алады да езілген еңбекші халықты боз торғай, бөдене, үйрек, қаз сияқты момын құстар бейнесінде көрсетеді. Сондықтан Сәбиттің мысал өлеңдері өзіне тән ерекшелік, ұлттық қасиетімен көрініп тұрады.
Мысал өлеңдерін жануарларды қатыстыру, өзара сөйлестіру арқылы қысқа сюжетке құрады. Әр сюжетті диалогқа құрып, жанды сурет жасайды, қысқа өлеңге аз сөзбен көп мағына, терең ой сыйғызатын диалогтың өткір түрін қолданады. Шынында, шағын өлеңге үлкен бір поэманың немесе ұзақ бір әңгіменің оқиға желісін сыйғыза білген шебер ақын Сәбитке бір тән қасиет осында. Орыстың ұлы сыншысы Белинский Крыловтың мысалдарын таладай келіп: «Крыловтың өлеңдерін жай мысал өлеңдер деп қарастыруға болмайды, оның әрқайсысы өз алдына жеке повесть, комедия, юморлық очерк, өткір сатира», - деген еді. Осыны Сәбиттің мысалдары туралы да айтуға болады.
Ойланып, сұңқар айтты: «Елші қарға!»
Жақындап бермен таман келші, қарға.
Басшы боп, сұңқар тойын үйретер ем,
Бөлініп, сеніменен ел шығар ма?»
Жалп етіп, қарқ етті де деді қарға:
«Дегенді сұңқар тойын аузыңа алма!
Келмейді біздің тойдың ширегіне
Дүниеде мен көрмеген қызық бар ма?»
(«Сұнқар мен қарғалар»)
Қырғи сол торғай сөзі бітер-бітпес,
-«Сабыр қыл,-деді, -тоқта, еш нәрсе етпес!
Қазірде қол бос емес, жұмыс қатты,
Аз күтсең, жаның шықпас, күнің өтпес!...»
Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе,
Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?
Кем-тарға бұлар қайтіп, кек әпермек,
Құдірет: «көн!» деген соң, көнеміз де!
(«Боз торғай»)
Боқтығын жеп жәй тұрған
Сорлыға ұрсып, жат та ақыр:
«Не жейді ант ұрған!
Өй,лағынет, нас кәпір!...»
Қорс етті де тіл бітіп,
Керемет пе, сиқыр ма!?
Деді шошқа: «Бос қыртып,
Боқ қарным, құтырма!
Өзіме адал жегенім,
Ақысы емес адамның.
Сенің адал дегенің,-
Нақ әкесі арамның».
(«Шошқа мен саудагер»)
Міне, осы үзінділердің өзі-ақ қысқа түрде құрылған диалогтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті, оның кемшілікті сынауда мәні зор екенің көрсетеді. Алдыңғы үзіндіде ақын қазақ ұлтшылдарының зұлымдығын, екінші үзіндіде жергілікті ұлық-әкімдердің жексұрын қылықтарын, патшаның билеу тәртібін, ал соңғысында еңбекші бұқараны қанаушы-қу саудагердің бейнесін шебер құрылған диалогпен беріп тұр.
Сол кездегі халықтық маңызы бар күрделі, ірі мәселелерді өлеңдердің негізі идеясы деп алып, қазақ аулындағы тап күресін, патшалы Ресейдің ұлттық-отарлық қысымын Сәбит өткір мысалдарымен өткір сынға алды.
Сәбиттің мысал өлеңдерін тақырып пен идеясы жағынан, сонымен қатар творчестволық өсу жағынан алып, екі топқа бөлеміз:
Сәбит мысалдарының алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде ақын адамның мінез-құлқын түзеуші моралист, Шығыстың классик үлгілерінен аударушы, үйренуші шәкірт дәрежесінде ғана көрінді. Үлгілері: «Ауырған арыстан», «Ұры мен баласы», «Қожа», «Көзі тоймаған ит», «Екі теке», «Ерегіс», «Бит пен бүрге», «Көлдегі үш балық», «Рамазан айында ібілістің шайтандарға айтқаны». Сәбиттің бұл мысалдары Үнді әдебиетінің арапша вариантынан және татардың классигі Ғабдулла Тоқайдан аударылып, шығыс әдебиетінің классикалық үлгілеріне еліктеу, үйрені сатысында жазылған алғашқы бастамалары, алғашқы аударма үлгілері еді.
Сатиралық мысалдары. Бұған жататындар: «Әр жан, әр түрде», «Шілде», «Атамыз бен өзіміз», «Көк төбетке», «Боз торғай» , «У жеген қасқырға», «Жарық ағаш», «Сұңқар мен қарғалар», «Түстегі қарлығаш», «Тотыға», «Бұлбұлға», «Биік тау», «Жалдама сандуғашқа», «Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары», «Күздің сыры». Өлеңдерінің көпшілігі революциядан бұрын жазылған да, екеуі («Жарық ағаш», «Сұңқар мен қарғалар») революция жылдарында, төртеуі («Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары», «Күздің сыры», «Жалдама сандуғашқа») совет дәуірінде жазылған.
Творчестволық іздену жолында өскен реалист ақын Сәбиттің әр кезеңді қамтитын екінші топтағы мысалдары идеялық көркемдік жағынан болсын, тақырыбы жағынан болсын жаңаланған, күрделенген. Сәбит мысал өлең жазуда тынысы тар Шығыс әдебиетінің шеңберінен шығып, өрісі кең, келешегі мол орыс әдебиетіне бет бұрды. Орыс әдебиеті, оныі талантты мысалшысы Крыловтың шығармалары Сәбитке ізгі әсерін тигізіп, творчестволық өсуіне жаңа бағыт сілтейді. Крыловтан үйреніп, Крыловша жазатын болды.
Сәбит Дөнентаев кейбір мысал өлеңдерін нақты біреуге немесе біреулерге арнайды. Яғни, арнауды қолданады. Мысалы: «У жеген қасқырға», «Тотыға», «Жаладама сандуғашқа», «Көк төбетке». Сонымен қатар ол тек мысалда ғана емес көркем өлеңдерінде де арнаулы қолданған. Олардың көрнектілері: «Өлімге», «Досқа», «Жүрекке», «Өз-өзіме», «Ұлтшылға», «Көркем қызға», «Кіді досқа», «Абайға», «Көсемге» және т.б. өлеңдер.
Дос тұттым, болдым жақын, тіліңе ердім,
Басқадан сырт түсіңді артық көрдім,
Көрініс шырайыңда еш кіршік жоқ,
Өзің мен жүрегіңді хаққа бердім.
Мейлің суыққа үсір, суға түсір!
Әйтеуір, «сені құдай» дедім, сендім.
Ілтипат маған жан деп еткеңіне
Ішімнен мың қайтара алғыс бердім,
Аяман қолдан келген қызметімді
Бізді хақ бола қалса жеткізер күн.
Бір Алла адалынан жолықтырғай!
Жан болса езу тартқан дос дей бердім,
Дос та дос, туған да дос, діндес те дос,
Түбінде зарарсызды шын дос көрдім.
(«Досқа»)