
- •8 Сынып
- •2013-2014 Оқу жылы
- •1.Сәбит дөнентаевтың өмір жолы
- •1.1 Сәбиттің өмір баяны
- •1.1.1 Сәбиттің шығармашылығы
- •1.1.2 Сәбит туралы естеліктер
- •2. Мысал жанры
- •2.1 Мысал деген не?
- •2.2 Мысал жанрының тарихы
- •3.Сәбит дөнентаевтың мысал жанры
- •3.1 Сәбиттің мысалдары
- •3.2 Сәбиттің мысалдарын басқа жазушылардың мысалдармен салыстыру
1.1.1 Сәбиттің шығармашылығы
Сәбиттің өлеңдерінде халықты бостандыққа , еркіндікке шақыру бар. Оның өлеңдерінде малмен бірге надан күй шекпей, өнер-білімге талпыну керек деген ағартушылық үндеу, әйел бас бостандығы, кедейдің жетілуі, бай-шонжарлардың конфискеленуі бірде поэтикалық леппен, бірде лирикалық сазбен, орайы келгенде өткір сатиралық шенеу формасында жырланады. Өрістете қолданған бір тәсілі – кешегі жалшы мен бүгінгі ерікті кедей тұрмысын, кешегі тоқал, күң мен бүгінгі ерікті әйел тағдырын салыстыра отырып бейнелеу.
Қай уақытта да қаламгер өзі өмір сүрген қоғаммен бірге өседі, қоғам шындығын көрсетуде өзіндік тақырыбын ұсынады, сол тақырыпты тиісті дәрежеге көтеріп жазу арқылы уақыт талабына жауап береді. Оның өлеңдері негізгі 7 тақырыпты қамтиды:
Революцияға дейінгі поэзиясы:
Әлеумет теңсіздігі тақырыбы; Мұның үлгілері «Заман кімдікі»(1914), «Қайтып қарғыс алмайсың», «Ұлтшылға» (1915), «Өгей ұл», «Екібаста» (1916) сияқты өлеңдер.
Сатира; Үлгілері - «Бозторғай», «У жеген қасқырға», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Ауырған қасқыр», «Қожа», «Сұңқар мен қарғалар», «Бір көлдегі үш балық», «Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары», «Тотыға», «Рамазан айында ібілістің шайтандарына айтатыны», «Көк төбетке», «Бір адвокаттың мінезінен» «Жалдама сандуғаш», «Елшіге», «Бит пен бүрге» және т.б. өлеңдер.
Оқу-білім тақырыбы; Мұның жарқын үлгілері – «Замандастар», «Талап», «Балалық», «Менің жайым», «Биік тау» сияқты өлеңдер.
Әйел теңсіздігі тақырыбы; Тамаша үлгілері – «Жамиля қыз» (1915), «Көркем қызға», «Әйелдер мейрамына», «Мын зынданда», «Ерікті Айша», «Әйелдердің он жылдық тойына», «Кім жазықты?», «Қамар сұлу», «Қалың мал», «Қыз көрелік» және т.б. өлеңдері.
Революциядан кейінгі поэзиясы:
Қазан төңкерісі тақырыбы; Үлгілері – «Тарих таңы», «Атылғандарға», «Париж коммунасына», «Төртінші қазан» «Тоғыз жылдың олжасы», «Он жылдың олжасы» өлеңдері.
Ауылды кеңестендіру тақырыбы; Үлгілері – «Кеңес сайлауында», «Біздің колхоз бәйге алды», «Ерікті Айша», «Азат жетті», «Ақ жорға шығыпты», «Өсек қадірі азаюда», «Ой, жалған-ай» өлеңдері.
1.1.2 Сәбит туралы естеліктер
С. Машақов
«Менің Сәбитпен алғашқы танысуым 1925 жылдың күзінде болды. Бұл уақытта Сәбиттің отызға жаңа аяқ басқан кезі еді. Одан бұрын Сәбитті Семейдің «Қазақ тілі» газетінде істейді деп естігенмін, бірлі-жарым өлеңдерім оқып та жүретінмін.
...Сәбитті көруге, онымен сөйлесіп әңгімелесуге, одан ақыл-кеңес алуға асықтым.
Сәбит орта бойлы, толық денелі, қара т оры, кең маңдайлы адам еді.
Бірінші кездесуде оған «1905 жылғы революция туралы» өлеңімді көрсеттім. Ол асықпай жайлап оқыды, кейбір сөздердің астын сызып қойып отырды. Оқып шығып, біраз ойланып отырды да:
-Өлең жазудың бірталай шарттары бар, -деп бастады ол, -жақсы өлең шын тұрмыстан туады. Ақын тұрмысты жақсы білу керек. Ақын болу-білімді керек қылады. Білімсіз ақын- бейшара ақын деп Абай айтқан. Өлеңді жақсы жазу үшін: жігер, талап керек.
Сәбит осы жолында көп ақыл-кеңес айтты. Тек өлең жайында ғана емес, тұрмыс, білім, жаңа құрылыс, жастар туралы көп нәрсе аңғартты.»
Ғ. Әміров
«Сәбит Дөнентаев өте кішіпейіл, қарапайым адамның бірі еді. Ол қалжыңқой, сөзге шебер, әсіресе мысқыл-сықақты жақсы көретін адам болатын. Ол өзінің замандастарымен жай сөйлесіп отырғанның өзінде, әрбір сөзін салмақтап, ой елегінен өткізбей, ауызынан ешбір оғаш сөз шығартпайтын. Сөйлесіп отырғанда, енің аузыңнан мүлт шығып кеткен жай сөздің іліп алып, оның артық-кемдігін өзіңе сездіріп отыратын еді. Ақырын күліп қойып байқаусыз шымшып алғандай өткір тілімен түйреп тастап отыратын.»
Қ. Ақижанов
«Мен Сәбеңнің жақын туыс інісімін. Сәбең туралы естелігімді туысқандық тұрғыдан емес, қоғамдық ортақ пікірде жазып отырмын Сәбең жас күнінен, тіпті жас өспірім шағында елдің үлкендерінің, азаматтарының, өзінің замандастарының қадірлісі болған екен. Мен өзім 11-12 жасымнан Сәбең ағайдың сөзін құмарлана тыңдап, ол кісінің болған жеріне жиі баратын едім.
Сәбең өзі отырған қауымның адамдарына біркелкі көзқарас, қатынас жасайтын. Ол кезде ескілік ғұрыптың қалдығы күшті болатын. Сол мәжілістерінде Сәбең әйел адамдарды сөзге тартып, аттарын атап, қатыстырып, шеттетпей, оларды да күлдіріп мәз қылып отыратын.
Бір жағдайды ұғындыру үшін ол қолма-қол мысал келтіруді жиі қолданатын. Елге бір демалысқа барғанда Ақсу өзенінің өткелінен жүріп келе жатқан трашпенкесінің үстіне су жүгіргенде жоғары көтеріліп отырып: «Түйе жануар осындайда қалай еске түспесін?» дегенін бірге болған құрбылары мәз болып әңгімелейтін.
Біреудің кемшілігі жайында қолайлы мәжілісте өзіне бетпе-бет айтатын еді. Онда кемшілік жасаған адамды мұқатып, қажап, әжуалап сөйлемейтін, өмірге үйлесімсіз өрескелдігін Сәбең талдап сөйлегенде тыңдаушының бәрімен бірге кемшілік жасаушы адам да күліп мәз болып отыратын еді. Ақылгөй Сәбеңнің адамдармен қарым-қатынасы, сөйлеген сөздері, өзінің күлімдеп жылы шыраймен жайдары отыратыны мәңгі есімізде сақталуда.»
С. Дөнентаева
«Біздің үйдегі ең үлкен жасауымыз кітап болатын. Әкейдің жазу столы мен көнетоз кітап шкафтың іші толы Пушкин, Лермонтов, Герценнің толық жинақтары және менің кейіннен зер сала жиі пайдаланған кітабым- «Малая советская энциклопедия» еді. Сонымен қатар Абайдың, Мұхтардың, Тоқайдың шығармалары мен Сәкен, Бейімбет, Ілиястың туындылары болушы еді.
Әрі қызметте, әрі үйде әкейдің көп жазу жазатыны әлі есімде. Сонымен қабат ол бізге, балаларға да, көп көңіл бөлетін. Қыс болса - шана, конький. Жаз Ертісте суға малтуды үйрететін. Әкей көп сөйлемейтін, сабырлы, салмақты, жылы жүзді адам еді. Бізді де байсалдылыққа, шыншылдылыққа, әдептілікке баулитын.
Әкем біреуге ақыл-өсиет айтарда көп сөздерді арғыдан, алыстан айта келіп, тыңдаушының өзіне сынатып, солай ма деп мақұлдата сөйлейтін. Ол әрине, тыңдап отырған адамның өзін қоса ойландырып, қатесі болса, толық түсінетіндей ететін.»