Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҒЫлыми жұмыс Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.92 Кб
Скачать

Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

 

 «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі

 

 

 

Жумабекова Айдана

 

 

8 Сынып

 

  

Тақырыбы:

 

С.ДӨНЕНТАЕВТЫҢ МЫСАЛ ЖАНРЫ

 

 

 

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

 

Секция: Әдебиеттану

 

 

 

Ғылыми жетекші   Жетпісбаева Толқын Қонайқызы,

 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  Екібастұз

2013-2014 Оқу жылы

МАЗМҰН

 

КІРІСПЕ……………………………………………………..…………..….    3

 

            1.СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ................................ 6

 

1.1     Сәбиттің өмір баяны …...…………………….……….…................   6 

 

      1. Сәбиттің шығармашылығы……......………………….……........ 7

      1. Сәбит туралы естеліктер.............................................................. 8  

  

2. МЫСАЛ ЖАНРЫ...…………………………………..…….….....  9

 

2.1    Мысал деген не? …………………………………………………......... 9

 

2.2     Мысал жанрының тарихы……..…………………………………......10

  3. СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВТЫҢ МЫСАЛ ЖАНРЫ......................11

3.1 Сәбиттің мысалдары..........................................................................11

3.2 Сәбиттің мысалдарын басқа жазушылардың мысалдармен салыстыру. 14

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………....….........15 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.…………………………………..….......16 

Аннотация

  1. Зерттеудің мақсаты: Сәбиттің мысал жанрымен толық танысу және оның тақырыбын, оқырманға әсерін ашып, тану.

  2. Зерттеудегі міндеттерім:

1) Сәбит Дөнентаевтың өмір баянымен, шығармашылығымен танысу;

2) Мысал жанрының тарихын білу;

3) Сәбиттің мысал жанрын зерттеу;

4) Басқа мысалшылармен салыстыру;

3. Гипотеза: Мектеп программасында енген, арнайы сағат бөлініп оқытылатын ақын өлеңдерін соңғы кездері оқушы ғана емес, ұстаздардың өзі де уақыт таба алмай, қиналатын күйге жетті. Сондықтан Сәбит Дөнентаевтың мысал өлеңдерінің құндылығын, маңыздылығын ашып, оны оқу бағдарламасына енгіздіру үшін өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Себебі, мысал өлеңдердің бала үшін тәрбиелік маңызы зор. Оның өлеңдерінде малмен бірге надан күй шекпей, өнер-білімге талпыну керек деген ағартушылық үндеу бар. Олар жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіреді. Осы сбептен өзімнің жерлесімнің шығармаларын балаларға үйретемін.

4. Зерттеудің кезеңдері:

  1. Қаламыздың кітапханаларын аралап, маған керек болатын кітаптарды алдым;

  2. Күнделік бастадым;

  3. Күнделікке құнды ақпаратты түсіріп жүрдім;

  4. Ғаламтордан ақпаратты іздедім, керегін жазып алдым;

  5. Сәбит пен басқа мысалшыларды салыстыра отырып, қорытынды шығардым;

5. Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі: Менің зерттеуім қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы мен мысал жанрының іргесін қалаған ақын- жазушылар туралы. Зерттеуімнің басты ерекшелігі- Сәбит Дөнентаевтың мысалдарын оқу бағдарамасына енгізу.

6. Жұмыстың нәтижесі: Қазақ әдебиетінің бір тамағы- мысал жанрының тарихын толықтай ашу. Оның негізін қалаушыларын біліп, тану.

КІРІСПЕ

Қазақ әдебиетінің көкжиегінде Қазан төңкерісінің алдында көтеріліп, кеңес дәуірінде де қалам тартқан көрнекті ақындарымыздың бірі- Сәбит Дөнентаев. Оның көркем шығармалары XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің елеулі бір буыны.

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Павлодар облысының Ақсу ауданында туған. Жастайынан білімділікке құмар болған Сәбит көптеген ақын-жазушылардың шығармаларын оқыды. Олармен танысып, өзі де ақындыққа бет бұра бастады.

Сәбит Дөнентаевтың өлеңдері - өшпес мұра. Осы мұраның бір тармағын оқып танысуға асықтым.

Сәбиттің мысал өлеңдерінің астында терең ой-мағына жатыр. Олар баланы, тіпті ересек адамды тәрбиелікке үйретеді, жақсы қасиеттерге баулиды. Сәбиттің өлеңдерін тек қана мысал ретінде қарастыруға болмайды, ол өз алдына жеке повесть, комедия, очерк та болады. Оларды оқығанда ерекше елігіп, көркем де көрікті әлемге енесің, Сәбиттің жүрек лүпілімен бірге толқып, дәл сол көкейіңдегі сыр шертіліп жатқандай әсерленесің; жақсыға сүйініп, жаманға күйінесің; сөзбен салынған суретке көзбен көргендей тәнті боласың; ақынның арман-мұңы ел мұратымен ұласып, қиялдарыңа қанат бітіреді. Көкірегіңде өзің оқып түйсінген, өзіңе ғана таныс ғажайып әлем пайда болады. Өзіңмен пікірі, ой дүниесі, іс-әрекеті үйлесетін сырлас дос табасың, олардың жақсылықтарына қуанып, ағаттықтарына қапаланасың. Сол сияқты бар болмыс-бітімімен жиіркендіретін жағымсыз бейнелермен де жүзесіп, олардың әрбір әрекетіне іштей күрес ашасың. Жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресіне құрылған тіршіліктің жанды суреттерінен тұратын мысал өлеңдері күделі табиғатымен сені бірде күлдіріп, бірде жылыта түседі.

Мысал өлеңдерді тума дарын, қас шебер, сөз зергері Сәбит Дөнентаев туғызды. Шынайы дарын - ілуде біреудің ғана жазылатын тәңірдің сыйы. Сәбиттің дарыны өз халқының ұлттық мәдениетінің нәріне суарылып, ана тілінің кәйусарынан сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне мәңгіге ұялады. Қуатты ой, өрнекті тілден бас құраған құнарлы өнер шығармаларын ел мәңгіге есінде ұстап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отырады.

Сәбиттің мысал өлеңдері менің ішімде бір ерекше сезім туғызды. Сондықтан да, мен оның шығармаларының бір тармағын зерттеуді дұрыс санадым. Зерттеудегі мақсатым: Сәбиттің мысал жанрымен толық танысу және оның тақырыбын, оқырманға әсерін ашып, тану. Зерттеуде басты 4 міндет қойдым:

  1. Сәбит Дөнентаевтың өмір баянымен, шығармашылығымен танысу;

  2. Мысал жанрының тарихын білу;

  3. Сәбиттің мысал жанрын зерттеу;

  4. Басқа мысалшылармен салыстыру;

Зерттеудің кезеңдері:

1)Қаламыздың кітапханаларын аралап, маған керек болатын кітаптарды алдым;

2) Күнделік бастадым;

3) Күнделікке құнды ақпаратты түсіріп жүрдім;

4) Ғаламтордан ақпаратты іздедім, керегін жазып алдым;

5)Сәбит пен басқа мысалшыларды салыстыра отырып, қорытынды шығардым;

Ондағы болжамым: Мектеп программасында енген, арнайы сағат бөлініп оқытылатын ақын өлеңдерін соңғы кездері оқушы ғана емес, ұстаздардың өзі де уақыт таба алмай, қиналатын күйге жетті. Сондықтан Сәбит Дөнентаевтың мысал өлеңдерінің құндылығын, маңыздылығын ашып, оны оқу бағдарламасына енгіздіру үшін өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Себебі, мысал өлеңдердің бала үшін тәрбиелік маңызы зор. Оның өлеңдерінде малмен бірге надан күй шекпей, өнер-білімге талпыну керек деген ағартушылық үндеу бар. Олар жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіреді. Сондықтан өзімнің жерлесімнің шығармашылығын балаларға үйретемін. Сәбиттің аты барша халықтың жүрегінде мәңгіге ұялайтын болады.