
Шығару алгоритмі:
Электрондарды (БТ) тасымалдау тізбегінің схемасын салыңыз және түсіндіріңіз, сіз таңдаған қосылыстар қай этаптарға қалай әсер етеді.
БТ мен ТФ қабысу нүктелерін көрсетіңіз
Қай кезде тыныс коэффициенті 1, 2, 3-ке тең және осы көрсеткіштердің ішінде қайсысы қалыптыға сәйкес келмейді, түсіндіріңіз
22
Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде
малат қолданды.Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды(ыдыстағы газдың азаюымен).АДФ-тың әр қосылуымен оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесін қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?Шығару алгоритмі:
1)Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз,БТ сызбанүктесін пайдалана отырып электрондармен протондардың оттекке жолын көрсетіңіздер
2)БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануымен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіздер
3)*Тыныс алу*-ға анықтама беріңдер және АДФ-ты мөлшерлеп қосқанда митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз
23
Барбитураттар (натрий амиталы және тб) медицинада ұйықтатқыш заттар ретінде қолданылады. Бірақ бұл препараттарды емдік дозадан 10 есе артық қабылдаса өліп кетуі де мүмкін. Барбитураттардың организмге токсикалық әсері неге негізделген? Шығару алгоритмі:
Осы препараттар әсер ететін процестердің схемасын салыңыз
Схемадан барбитураттармен біріншілік ингибирленетін процесс этабын көрсетіңіз
Олардың ағзаға әсерінің салдарын сипаттаңыз
24
20-шы ғасырдың басында 2,4-динитрофенол секілді жарылғыш заттар шығаратын әскери заводтарда жұмыс істейтіндер салмақтарын тез жоғалтатындығын медицина қызметкерлері байқады. Осы негізде медицинада 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде қолданды. Бірақ кейін жоғары токсикалық әсері мен кейбір жағдайларда соңы қазалы болғаны байқалғандықтан қолдану тоқтатылды. 2,4-динитрофенолдың жоғары токсикалық әсері неге байланысты? Шығару алгоритмі:
Қандай үрдістің осы препаратпен бұзылғаны байқалады?
Әсер ету механизмін сипаттаңыз
2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде пайдалануы неге негізделгенін түсіндіріңіз
25
Митохондрия суспензиясына 2 ммоль цитрат және 2 ммоль АФД қосты. Субстраттың тотығу жылдамдығын оттекті жұтуы бойынша есептеді. Бірнеше уақыттан кейін реакция тоқтап қалды. Неге? Шығару алгоритмі:
ҮКЦ-да цитраттаң альфа-кетоглутар қышқылы түзілу реакциясын жазыңыз
Оттектің сіңіруімен және АДФ-ты пайдалануымен қай этап байланысты екенің анықтаңыз; тотығатын субстратты атаңыз
БТ схемасы түрінде тотығатын субстраттан оттекке сутектің жолын көрсетіңіз; Р/О коэффициентің көрсетіңіз
26
Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды.
Бұл қандай зардаптарға алып келуі мүмкін? Шығару алгоритмі:
Осы фермент катализдейтін реакция теңдеуін жазып беріңіз
Осы реакцияның өнімі қандай процестерде қолданылады
Осы процестердің бұзылуның зардаптары туралы қорытынды шығар
27
Клиникаға емізуден кейінгі диареямен ауыратын нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынға суда еріген 50 г лактоза берді. 30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қаннан глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкіндік себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз. Шығару алгоритмі:
Лактозаның ішекте сіңірілуінің реакциясының схемасын жазып, ферментін көрсетіңіз.
Неге қандағы глюкоза мөлшері өзгермеді, түсіндіріңіз
Осы науқаста сүт тағамдарын көтере алмаушылық бұдан кейін де жалғасады ма. Жауапты дәлелдеңіз
28
Қант диабеті – созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру (ашқарында қандағы глюкоза мөлшері 6,1 мМ/л-ден көп болса), инсулиннің жеткіліксіз бөлінуі немесе әсерінің болмауынан болады. Қанда глюкозаның деңгейiң төмендету тәсiлдердiң бiрi «Глюкобай» препаратын қолдануды болып табылады. Оның әсер етуші заты –акарбоза, оның құрылысы тетрасахарид және көмірсулар алмасуына қатысатын альфа-гликозидаза жіңішке ішек ферментінің ингибиторы. Акарбозы бар препараттармен емдеу барысында жіңішке ішекте глюкозаның түзілуі және оның қандағы мөлшерінің өзгеруін түсіндіріңіз. Шығару алгоритмі:
Көмірсулардың ішекте қорытылу схемасын салыңыз
Осы қосылыспен ингибирленетін ферменттерді ата шығыңыз
Акарбозамен осы ферменттерді ингибирлеу типін атаңыз
29
Науқастың бауырында глюкозо-6-фосфатазаның тұқымқуалаушылық кемістігі анықталды. Бұл науқаста гликогеннің метаболизмі қалай өзгереді? Бұл жағдайдан кейін: бауырда тамақтан кейін гликоген синтезі жүре ме, гликогенолиз және глюкозаның қанға постабсорбтивті кезеңде шығуы? Жауап алгоритмі:
Гликогеннің мобилизациялау схемасын көрсет.
Гликогеннің мобилизациялануына қатысатын ферментті көрсет және кемісті (дефектілі) ферментті белгіле.
Бұл бауырдағы үрдістің ,бұлшықеттегі үрдістен қалай ерекшеленетінін көрсет.
30
Емтихан кезінде студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7мМ/л тең екендігі анықталды. Егер студент ол емтиханға дейін 4 сағат бұрын тамақтанса, глюкозаның қандағы мөлшерінің өзгеру себебін анықта? Жауап алгоритмі:
Глюкозаның қалыпты жағдайдағы концентрациясын көрсет және бұл жағдайда студент қанында қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын ата.
Бауырда бұл гормонмен активтенетін үрдістің схемасын және реттеуші ферментті көрсет.
Реттеуші ферментке гормонның әсер ету механизмін және гормондық сигналдың трансмембранальді берілу жолын көрсет.
31
Адам көмірсулардан тұратын түскі тамақтан кейін 30 минут өткен соң жылдам физикалық жұмыс жасады (мысалы, қауіптен қашу). Осы жағдайда қаңқа бұлшық еттерінде гликоген синтезінің тоқтауы және ыдырауының стимулденуінің себебін түсіндір? Жауап алгоритмі:
Гликоген синтезінің схемасын көрсет. Гликоген синтезіне қосылған глюкозаға жұмсалған энергияның реакциясын көрсет.
Гликогенолиз схемасын жаз және бұлшық етте глюкозо-1-фосфататың СО2 мен Н2О-ге дейін тотығуы кезінде түзілетін АТФ санын көрсет.
Стресс жағдайында қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын және бұл гормонның реттеуші ферменттің синтезі мен гликоген ыдырауының белсенділігіне қалай әсер ететінін көрсет.
32
Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді? Жауап алгоритмі:
Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.Реакцияның ферменттерін, коферменттерін көрсет.
Схемада АТФ синтезін және пайдалануын қажет ететін реакцияны көрсет.Осы үрдісте пайдаланатын АТФ-ті есепте.
Бұл үрдісте АТФ-тің синтезделу тәсілін ата.
33
Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді? Жауап алгоритмі:
Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз. Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсет.
Көз бұршағындағы сияқты , АТФ синтезі өтетін тіндер мен жасушаларды атаңыз, тек қана осы тәсілдің фосфорилдену түрін және әдісін көрсет.
Соңғы өнімнің түзілу реакциясын және осы үрдісте өтетін дегидрлеу реакциясын, формуланы пайдалана отырып жазыңыз.
34
Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді? Жауап алгоритмі:
Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.
Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсет.
Бұл үрдістің соңғы өнімдері басқа қандай өзгерістерге қатысатынын және оның жинақталу кезінде не болатынын көрсет.
35
Пируваттың лактатқа айналуы – олигомер болып табылатын лактатдегидрогеназамен (ЛДГ) катализденетін қайтымды реакция. ЛДГ М- және Н-суббірліктен түратын тетрамер, бұлар өз арара комбинацияланып, бес түрлі тетрамер (М4 (ЛДГ1), М3Н1 (ЛДГ2), М2Н2 (ЛДГ3), М1Н3 (ЛДГ4), Н4 (ЛДГ5)) құрайды. Бұл изоферменттер бір-бірінен біріншілік құрылымы және физика-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді, демек субстратқа деген таңдамалылығы да әр түрлі. Сонымен қатар олардың мүшелерде орналасуы да әр түрлі. Жүрек бұлшық еттері үшін Н4 изомері, қаңқа бұлшық еттеріне М4 тән. Жүрек бұлшық еттерінде ЛДГ1 лактаттан пируват түзілу реакциясын катализдейді. Жүрек бұлшық еті метаболизмі кезіндегі бұл изоферменттің рөлін түсіндір.
Жауап алгоритмі:
Жүрек бұлшық етінде осы ферментпен катализденетін реакцияны көрсет.
Осы реакция өнімінің қатысуымен жүрек бұлшық етіндегі СО2 мен Н2О-ге дейін тотығу жолы үрдісінің схемасын жазыңыз.
Көрсетілген үрдістің энергетикалық эффектісін есепте.
36
Тәжірибеде бұлшық ет гомогенатына глюкоза қосылды. Арнайы катаболизм жолымен глюкозаның 1 молекуласынан тотыққанда энергия ретінде қанша АТФ түзіледі, егер тәжірибеде нативті митохондриясы бар тін гомогенатын барбитурат қатысында қолданса? Жауап алгоритмі:
Осы жағдайларда синтезделетін АТФ-тің метаболиттік жолының схемасын көрсет.
Осы метаболиттік жолдағы барбитураттар бұзатын үрдістің схемасын көрсет.
Қандай тыныс алу комплексін барбитураттар ингибирлейді? Кофермент құрылысын және дегидрогеназаға сәйкес келетін витаминді көрсет.
37
Пируват түзілетін глюкозаның катаболизмі аэробты да, анаэробты да жағдайда жүреді. Аэробты да, анаэробты да жағдайда глюкозаның ыдырауында екі молекула пируват түзілгенше неше АТФ түзіледі? Жауап алгоритмі:
Гликолиз схемасын және АТФ синтезін қажет ететін реакцияны көрсет.
Гликолиздің тотығу реакциясын формула пайдалана отырып жазыңыз.
Аэробты да, анаэробты да жағдайда НАДН2-нің пайдалану реакциясын сипатта.
38
Спринтер мен стайер 100 м және 10 км арақашықтықта өзара жарысып жатыр. Спринтер жүз метрлікті бітірді, ал стайер онынышы километрді жүгіріп жатыр. Бұл жүгірушілердің бұлшық ет жұмысын энергиямен қамтамасыз етуінің айырмашылығын көрсет.
Жауап алгоритмі:
Стайердің бұлшық ет жұмысының энергия көзі болып табылатын глюкоза катаболизмінің схемасын көрсет.
Дегидрлеу реакциясына қатысатын субстраттарды жаз, БТ (биологиялық тотығу) тізбегінде сутегінің бір субстраттан оттегіне дейінгі жолын көрсет.
Спринтер мен стайердің глюкозаның арнайы катаболизм жолының энергетикалық эффектісінің және соңғы өнімінің құрамының, үрдіс барысындағы айырмашылықтарын көрсет.
39
Тексерілу кезінде науқаста анемия анықталды және эритроциттерде Хайнц денешіктерінің табылуы-оттегінің активті түрлерімен гемоглобиннің цистеиндік қалдықтарының SH-тобының тотығу барысында гемоглобин протомерлерінің агрегациясы және дисульфидті байланыстар түзілді. Эритроциттер метаболизмінің қандай бұзылыстары, осындай клиникалық жағдайлардың себептері болуы мүмкін. Жауап алгоритмі:
Қандай реакциялар көмегімен гемоглобиннің цистеиндік қалдығы жағдайдың тұрақтылығын сақтайды және осы үрдіске қатысатын коферментті ата.
Коферменттің қайта қалпына келген формасы түзілетін үрдістің схемасын жазыңыз.
Көрсетілген клиникалық жағдайға себеп болатын және керекті коферменттің жеткіліксіздігіне алып келетін қай ферменттің қызметі бұзылғанын көрсет.
40
Емханаға екі студент қан құрамындағы қантты тексеруге келді. Анализ нәтижелері дайын болғанда, 1-ші студентте қандағы глюкоза мөлшері 5,6 мМ/л, ал 2-ші студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7 мМ/л екені анықталды. Алынған нәтижелерді талқылау кезінде, 2-ші студенттің таңертең тексеруге дейін жарты сағат бұрын тәтті шай ішкені анықталды. Алынған анализдерге қорытынды жасаңыз.Жауап алгоритмі:
Неліктен биохимиялық зертханада глюкозаның мөлшерін анықтау,қатаң түрде аш қарында жүргізіледі?
Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері және тамақтанғаннан кейінгі жоғарылаған мөлшері қандай болады?
Бауырда тамақтанғаннан кейін глюкоза мөлшерінің жоғарлауынан қандай үрдіс жылдамдайды?
41
Ауыр физикалық жұмыс кезінде глюконеогенездің және ашығу кезіндегі ең басты субстрат глицерин, ол майлардың тотығуы және ыдырауы кезінде түзіледі. Глюкозаның 1 молекуласының синтезіне неше молекула глицерин және АТФ керек екенін анықта. Жауап алгоритмі:
Глюкозаның глицериннен синтезін керекті метаболиттермен толықтырыңыз: Глицеринглицерол-3-фосфатдигидроксиацетонфосфат234глюкоза
↕
1
Бастапқы екі реакцияны формуламен, ферменттерін және коферменттерін көрсете отырып жаз.
Схема түрінде АТФ-ті қажет ететін реакцияны көрсет.
42
Цинганың клиникалық көріністері – тері астында және шырышты қабықтың астында қанның жинақталуы, қызыл иектің қанауы, тістің түсуі, анемия. Бұл ауру қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады және қандай процесстің бұзылуына әкеледі? Жауап алгоритмі:
Осы витаминді ата, оның формуласын жаз.
Бұл витаминнің қандай белок синтезіне қатысатынын анықта, бұл белоктығ құрылысын сипатта.
Осы витамин қатысатын реакцияны көрсет, оның функциясын түсіндір, ферментті ата; осы реакцияның жүруі үшін қандай заттың керек екенін көрсет.
43
Коллагеннің альфа-тізбегі көп мөлшердегі глициннің қалдықтарынан тұрады. Глицин басқа аминқышқылға алмасып кететін мутациялар келесі ауыр зардаптарға әкеледі: сүйектің сынғыштығына, тістің ауытқуына, буындардың аса қозғалтқыштығына және т.б. Неліктен осындай көрсеткіштер байқалады? Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Коллагеннің аминқышқылдық құрамын көрсетіңіз; осы құрамның коллагеннің құрлысының қалыптасуындағы маңызын түсіндіріңіз.
Коллагеннің біріншілік құрылысының ерекшеліктерін және оның негізгі қызметін атаңыз
Тропоколлагеннің қалыпты молекуласын түзу үшін глицин қалдықтарының маңызын түсіндіріңіз
44
Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басымды екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз
Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз
Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз
45
Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүттәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.
Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басымды болады?
Осы липопротеиндердің негізгі комоненттерін атаңыз?
46
40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз
Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз
Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары
47
Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз
Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз
Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?
48
Тәжірибелі жануарларды құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.
Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз
Сызбанұсқа түрінде май қышқылдарды синтездейтін жолын көрсетіңіз
49
Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз
Пальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.
Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үрдіс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз
50
Тұқым қуалау ауыруларының біреуінде, қанқа бұлшықеттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады? Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқасын жазыңыз
Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз
Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз
51
Тәжірибелі жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.
АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз
Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз
52
60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуіндеде жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қауіпі жоғары болады
Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз
Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз
53
Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғалырының қабынуы және ісінуі, жол құысының тарылуы, тоқырау (жүрмей қалу) құбылыстары байқалады. Осындай науқастаға жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезеледі
Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз
Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз
54
Науқастың асқазан сөлінде лактат және өт пигменттері жоғарлағаны анықталды. Осы кезде қандай аурулар болуы мүмкін. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):
Өнімі лактат болатын үрдісті атаңыз. Неліктен лактат асқазанда жиналады. Оның бар болуын қандай сапалық реакциямен анықтауға болады?
Асқазан сөлінің ролін, асқазан сөлінің қышқылдықтарының түрлері және қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері атаңыз
Неліктен асқазан сөлінде өт пигменттері, оларға сапалық реакция
55
Асқазан жарасы бар аурудың асқазанының бір бөлігін алып тастады. Операциядан кейін тексеру нәтижесінде белоктардың қорытылу процесі айтарлықтай өзгермеді.Алынған зерттеу нәтижесін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Асқазанда синтезделетін пептидазаны, оның активтену механизмін және активаторын атаңыз.
Панкреатидтік (ұйқы безі) пептидазаларды және энтероциттердің (ішек жасушаларының)
ферменттерін атаңыз.
Бұл ферменттер пептидазалардың қай тобына жатады?
56
Дені сау тышқандарды ұзақ уақыт құрамында лейцин, валин и фенилаланин жоқ жасанды белоктық рационда ұстады.Бұл кезде азоттық баланс қалай өзгереді?
Шешу алгоритмі:
Азоттық балансқа анықтама беріңіз.
Бұл амин қышқылдары (лейцин, валин, фенилаланин) ағзада синтезделетін мүмкіндіктеріне қарай қандай аминқышқылдарының тобына жатады?
Оң және теріс азотты баланстардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.
57
Науқаста миокард инфаркты деген болжаммен қанында АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспартатаминотрансфераза) активтіліктері анықталды.Осы патология кезінде қандай аминотрансферазаның активтілігі көп мөлшерде артады және неге? Көрсетілген патологияны толық анықтау үшін қанда басқа қандай ферменттер анықталатынын атаңыз?
Шешу алгоритмі:
АЛТ және АСТ катализдейтін реакцияны атаңыз.
Бұл реакциялардың амин қышқылдары метаболизміндегі маңызын түсіндіріңіз.
Энзимодиагностика принципін түсіндіріңіз.
58
Науқастың зәрінде креатинин концентрациясы 30мМ/л (қалыпты жағдайда 88-176мМ/л).
Қандай тіннің зақымданғаны деп болжам жасауға болады?
Шешу алгоритмі:
Креатинин туындысы болатын амин қышқылдарын атаңыз.
Креатинин түзілу схемасын жазыңыз және осы үрдіске қатысатын тіндерді атаңыз.
Осы жағдайда аурудың қанында қандай ферменттер артады?
59
Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.Бауырды май басуда ауруға көбірек ірімшік жеу ұсынылады.Неге мұндай диета аурудың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына кіретін заттарды атаңыз.
Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?
Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.
60
Тырысу кезінде жедел жәрдем бөлімінің дәрігері науқас ағзасына ГАМҚ (гамма аминомай қышқылы) енгізеді.ГАМҚ арнайы рецепторлары арқылы нерв тіндерінде тежелу үрдісін туғызады, талмалы құбылысты тежейді.Неліктен В6 витаминінің жетіспеушілігінен тырыспа болуы мүмкін? Тырыспаға икем ауруларға қандай амин қышқылын ұсынуға болады, амин қышқылының алмасуының бұзылуына байланысты.