Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзаменационные задачи ОМ казахские.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

Шешім алгоритмі:

  1. Сәбиде қандай алмасу процесі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Теріде витаминнің түзілу схемасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз

  3. Берілген витаминнің әсер ету механизмін және ішек қабырғасындағы метаболиттік алмасу түрлерін көрсетіңіз

13

Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтырларының ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қан талдауы пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидоз ауруын көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешім алгоритмі:

  1. Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Ферменттерді, коферменттерді және олардың құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.

  3. Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.

14

Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдармен қоректенеді, көкөністер мен жеміс-жидектер рационында жоқтың қасы. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтындығын, тістерінің босап кеткендігін, буындарының қақсайтындығын, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығын, жиі суық тиіп ауыратындығын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында коптеген петехиялар, тері қабатының бозаңдығын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешім алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Қандай тағамдардың құрамында болатындығын түсіндіріңіз. Бұл витамин қандай ферменттердің құрамына кіреді?

  3. Бұл витаминнің авитаминозы кезінде капиллярлардың тез жарылғыштығымен, сонымен қатар байланыстырғыш ұлпалардың дәрменсіздігімен түсіндірілетін өзгерістерді көрсете реакция теңдеуін жазыңыз, ферменті атаңыз.

15

Созылмалы гастритпен және аш ішектің шырышты қабатының зақымдануымен ауыратын науқастың қанын талдағанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшерінің төмендегені, жетілмеген ірі жасушалар-мегалобласттар бар екендігі анықталды. Орталық және перифериялық нерв жүйесінде ауытқулар, атап айтқанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, парездер және сал ауруының белгілері байқалды. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешім алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Берілген витаминнің сіңірілуі қандай факторға тәуелді және ол қай жерде түзіледі?

  3. Берілген витаминнің қатысуымен жүретін реакция теңдеулерін жазыңыз.

16

Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделгеннен соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешім алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?.

  3. Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз

17

Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролизі реакциясын жылдамдатады. Бұл фермент көк бауыр, простата жасушаларында түзіледі, эритроциттер, тромбоциттер, макрофагтар және остеокласттар құрамында болады. Бұл фермент сперматозоидтар акросомасында болады, және ұрықтану кезінде ооцит плазмолеммалары фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатаза ферментінің ең жоғары ферментативтік активтілігі қышқылдық ортада, рН-ң 4,7-6,0 мәнінде болады. Шешім алгоритмі:

  1. Реакция жылдамдығының рН-қа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. рН-ң өзгеруімен қышқылды фосфатаза активтілігінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.

  2. Ферменттің тобын, топшасын және кіші топшасын анықтаңыз

  3. Берілген ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы

18

Көп мөлшерде кофеин қабылдаған адамдарда адреналиннің әсеріне ұқсас белгілер пайда болады: жүрек жиырылуының артуы, қолқаның кеңеюі, қозу, энергия тасымалдаушыларды қорға жинақтаушы ұлпаларда метаболизмнің өзгеруі. цАМФ-тің ыдырауына (цАМФ--------АМФ) жауапты фермент фосфодиэстеразаның (ФДЭ) бәсекелес ингибиторы болып табылатын кофеиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Шешім алгоритмі:

  1. Кофеиннің әсерінен жасушада қандай заттың концентрациясы артады?

  2. Кофеинді қолдану нәтижесінде қандай процестер активтенетінін атаңыз және бұл процестердің (реакциялардың) схемасын келтіріңіз

  3. Берілген жағдайда қандай реакциялардың жылдамдығы артады және қандай ферменттер активтенеді?

19

Клиникада асқазан ішек жолдарындағы бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген ? Шығару алгоритмі:

  1. Асқазан ішек жолдарында асқорыту процестері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілген жерін көрсетіңіз)

  2. Асқорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемамен)

  3. Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе басқа пептидтік трипсіннің ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз)

20

Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылы АСТ-ның көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Науқастың қай органы зақымдалған деп болжам жасауға болады? Шығару алгоритмі:

  1. АСТ ны жылдамдататын реакцимя теңдеуін жаз және осы ферменттің құрамына қандай витамин кіреді?

  2. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қосымша қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек?

  3. Атеросклерозды анықтау үшін науқаста қандай көрсеткішті анықтау керек?

21

Оңашаландырылған митоходриялармен жүргізілетін зерттеуде тотығатын субстрат ретінде малатты пайдаланды. Берілгендердің ішінде қайсысы тыныс алу тізбегінің, ал қайсысы тотығудан форфорлану процестерін ингибирлейді?

А) натрий амиталы;

Б) 2,4-динитрофенол

В) цианидтер

Г) май қышқылдары

Д) СО