
- •Өндірістік іс тәжірибе
- •2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- •3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
- •Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы Тарихи мәліметтер
- •Салық қызметкерлерінің міндеттері, қызметі және этикасы
- •Салық Басқармасындағы қызметтердің ұйымдастырылуы және құрылымы.
- •1. Аудандық салық төлеушілер бөлімі
- •2 Ақпараттық жабдықтау бөлімі
- •3 Құқытық жабдықтау бөлімі
- •6 Жанама салықтар бөлімі
- •7 Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
- •8 Есеп және жинақтық талдау бөлімі
- •9. Жеке тұлғалардың аудит бөлімі
- •10. Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім
- •2012 Жылғы 1 наурыздағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы
- •2.Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасынан алған өндірістік іс тәжірибем
- •2. Декларацияны жасау (230.00-нысаны)
- •4. Мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ өзге де санаттағы жеке тұлғалар табыс ететін мәліметтер – 230.02-нысанын жасау
- •Қорытынды
3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Басшы осы мақсатта:
1) өзінің орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) құрылымдық бөлімшенің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары):
1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін үйлестіреді;
2) құрылымдық бөлімшенің басшысы болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
2-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы Тарихи мәліметтер
Казақ КСР Қаржы Министрлігінің №112 қаулысы бойынша 16 наурыздын 1990 жылдарында “Қалалылық Мемлекеттік Салық Инспекциясы” құрылды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің басты мемлекеттік инспекциясы негізінде жұмыс жасады. 1991 жылы қаңтардың 9-да КазақКСР-дың министрлігінің №520 қаулысы бойынша Салық Инспекциясы Қаржы Министрлігінің құрамынан шығып тәуелсіздік мемлекеттік басқару органы мәртебесіне ие болды. Ал 1992 жылдың 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің №963 жарғысы бойынша және осы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №59 бұйрығымен бас Салық Инспекциясы 1992 жылы қарашаның 11-де Қаржы Министрлігінің №151 бұйрығы бойынша қайтадан Қаржы Министрлігінің құрлымыны енді. 1996 жылы 27 қаңтардан бастап 12 желтоқсан аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік Салық Инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Басты Мемлекеттік Салық Инспекция атауына өзгертілді.
Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы Әуезов ауданының салық инспекциясы 12 желтоқсан 1996 жылдан 1997 жылдың 18 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Салық комитеті және 18 желтоқсан 1997 жылдан бастап 12 қазан 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі негізінде “Алматы қаласының салық басқармасының мемлекеттік мекемесі” болып табылады. 1998 жылыдн 12 қазанынан келесі жылдың 24 наурыз 2000 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер министрлігнің Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитеті болып табылады. Ал 27 наурыздын 2000 жылынан бастап қайтадан Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитеті 1 шілде де 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық департаментіне өзгертіледі.