
- •Өндірістік іс тәжірибе
- •2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- •3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
- •Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы Тарихи мәліметтер
- •Салық қызметкерлерінің міндеттері, қызметі және этикасы
- •Салық Басқармасындағы қызметтердің ұйымдастырылуы және құрылымы.
- •1. Аудандық салық төлеушілер бөлімі
- •2 Ақпараттық жабдықтау бөлімі
- •3 Құқытық жабдықтау бөлімі
- •6 Жанама салықтар бөлімі
- •7 Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
- •8 Есеп және жинақтық талдау бөлімі
- •9. Жеке тұлғалардың аудит бөлімі
- •10. Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім
- •2012 Жылғы 1 наурыздағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы
- •2.Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасынан алған өндірістік іс тәжірибем
- •2. Декларацияны жасау (230.00-нысаны)
- •4. Мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ өзге де санаттағы жеке тұлғалар табыс ететін мәліметтер – 230.02-нысанын жасау
- •Қорытынды
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
Қаржы мамандығы
Өндірістік іс тәжірибе
Тексерген: Омарбакиев Л. Қ.
Орындаған: Уталина Л.
Алматы 2013 жыл
Жоспар:
Кіріспе
І бөлім
Салық комитеті және қызметінің даму стратегиясы
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
ІІ бөлім
Салық қызметкерлерінің міндеттері, қызметі және этикасы
Әуезов ауданының Салық Басқармасы туралы тарихи мәлімет
Әуезов ауданының негізгі бөлімдері
ІІІ бөлім
2012 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы (сандық көрсеткішпен)
Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасынан алған өндірістік іс тәжірибем
Қорытынды
Кіріспе
Мен Уталина Лаура Алматы қаласы Әуезов ауданының салық Басқармасында өндірістік іс тәжірибемді өткіздім. 21 қаңтар мен 14 қаңтар аралығында өндірістік іс тәжірибемде көптеген жұмыстармен таныстым. Мен Қазақ Ұлттық Университетінде алған теориялық білімімді өндірістік іс тәжірибемен ұштастырдым. Мен осы аралықта өндірістік іс тәжірибе арқылы сүйікті мамандығымның жаңа белестеріне көтерілдім. Осы өндірістік іс тәжірибе арқылы мен өз жинаған білімім туралы толыққанды ой пікір қалыптастыруға өз септігін тигізді.
Мені Әуезов аудандық Салық Басқармасының барлық бөлімдерінің ішкі тәртіп жүйесімен, құрылымы және мәртебесімен, салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерімен таныстырды.
Менің алғаш барған бөлімім «жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі. Бұл бөлімде мен көптеген жұмыстарды өзімнің жетекшіммен біріге жұмыс істей отырып таныстым. Ең бірінші күні салық төлеушілерге есеп – қисабы жайлы толық мәліметтерді ИНИС программасы арқылы шығарып бердім. Салық төлеушілердің яғни ЖШС, АО кәсіпкерлерінің жұмыстарын уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға қатысты жазылған өтініштерін қабылдап тіркедім. Тағы сол сияқты салық төлеушілерге толық қарызы жоқ екендігін дәлелдейтін анықтамаларды қарастыруды үйрендім. 2013 жылдың бірінші кварталға байланысты салық төлеушілердің толық есеп – қисаптарын қабылдап, оған кіріс тіркеу нөмері және мөр қойып, тіркеу журналына енгізуге көмектестім. Салық төлеушілер өздерінің есеп- қисаптарын әр түрлі жолдармен жіберуге мүмкіндіктері бар : интернет арқылы, почта жүйесі арқылы, СГДС(Система Гарантированного Доставка Сообщение) , қағаз бланкісінде тапсыра алады. Есеп – қисап түрлері әр түрлі формаларға : 200.00, 210.00, 300.00, 870.00, 910.00 болып бөлінеді, әр форманың қосымшасы болады. Салық төлеушілердің уақытын үнемдеу үшін арнайы программа СОНО программасы бар. Осы программамен қалай жұмыс істеу керектігін үйрендім.
Келесі барған бөлімім «Жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі. Бұл бөлім негізінен арнаулы салық режимімен жұмыс істейді. Яғни, патент негізінде қызмет атқаратын кәсіпкерлер және оңайлатылған декларация негізінде қызмет атқаратын кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысып, әр түрлі қызметтер атқаруға көмектестім. Мен осы бөлімде жүрген уақытта жеке кәсіпкер болып мемлекеттік тіркелуден бастап, мемлекеттік тіркеуден шығу арасындағы процестермен жеке таныса отырып, өзімде ат салыстым. Жеке кәсіпкерлердің жұмыстарын тоқтату және уақытша тоқтату немесе қайта бастауға арналған өтініштерімен таныстым. Жеке кәсіпкерлердің өткізген есеп – қисаптарын мұрағатқа барып жеке – жеке мұқабаларға тіктім.
«БЕКІТІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті, Алматы қаласы Салық департаментінің басшысы Б. Е. Қарымсақовтың № 45 « 13 февраля » 2013 жылғы бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық Департаментінің Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
4. Құрылымдық бөлімше:
«Заң тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімі
Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімі
Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімі
Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімі
Ақпараттық технологиясы бөлімі
Талдау және есепке алу бөлімі
Заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімі
Жеке тұлғалардың салықтық аудиті бөлімі
Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі
Кеден одағы шеңберіннде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі
Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімі
Заң бөлімі
Ұйымдастырушылық жұмысы және құжат айналымы бөлімі
Персоналмен жұмыс бөлімі.
Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісi
Миссиясы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушімен салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру.
Көрінісi Салық комитеті – салықтардың барынша түсуін және оның
қызметіне қоғамның барынша қанағаттануын қамтамасыз
ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар мемлекеттік орган.
Мемлекеттік орган ретінде салық қызметінің миссиясы стратегиялық бағытымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуді анықтайды. Салық қызметінің Көрінісіне жету үшін тағы да екі стратегиялық бағыт белгіленеді: салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары салық қызметін құру.
Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.
Салық қызметі органдарының қызметінің осы стратегиялық бағыты басым болып табылады және оны жүзеге асыру үшін мынадай бағыттарға баса көңіл бөлу кажет:
салық мәдениетін көтеру: мемлекет алдында әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру міндеті тұрғанын ескере отырып, дамыған елдердің салық мәдениетінің деңгейі қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуы үшін үлгі болуы қажет.
салық бақылауының тиімділігін арттыру: көлеңкелі экономика көлемін азайту және салық төлеушілердің салық заңнамасын сақтау аясында қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізуде салық қызметі органдары жұмысында тиімді салық бақылауы маңызды мәнге ие.
салық заңнамасын оңайлату: салықтардың толық жиналуын қамтамасыз ету үшін салық салудың қолданылып жүрген жүйесін оңтайландыру және оңайлату қажет.
Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.
Қазір салықтық әкімшілендіру аясында салық төлеушілермен салықтық қызмет көрсету сапасымен қанағаттанбауында және қоғамның салықтық заңнама мен салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша ақпаратпен нашар қамтылғанынан көрінетін проблемалар бар.
Осыған байланысты, мынадай бағыттарда жұмыстарды күшейту қажеттігі туындайды:
қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру: қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізу және салық қызметінің оң көзқарасты беделін қалыптастыру үшін БАҚ, семинарлар, дөңгелек үстелдер, брошюралар мен буклеттер шығару арқылы қоғаммен ұдайы өзара іс-әрекет жасасу қажет.
көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру: көрсетілетін салық қызметінің сапасы халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс.
ІІ. Салық қызметінің стратегиялық мақсаттары.
Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісiнен жуық 5 жылда мынадай мақсаттар мен міндеттер тұр:
Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.
1-мақсат- Салық мәдениетін көтеру.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
Орта білім беру жүйесінде салық салу негіздерін оқытуды енгізу.
БАҚ-да мемлекеттің жүргізетін салық саясаты, оның маңызы мен қоғамның дамуы үшін басым бағыттары туралы жариялау.
Қолданыстағы салық салу жүйесі туралы буклеттер, анықтама жүйелері және кәсіби салық кеңесшілері арқылы ақпарат тарату.
2-мақсат- Салық бақылауының тиімділігін арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет.
Салық бақылауы рәсімін жетілдіру және оңайлату.
Салық бақылауы рәсімін реттеу.
Мемлекеттік, өзге уәкілетті органдардың шет мемлекеттердің құзырлы салық органдарымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.
Салық бақылауы рәсімін автоматтандыру.
Жүйелі түрде салық салудан жалтаруда қолданылатын жаңа тәсілдер мен схемалар анықтау және олардың тууына ықпал ететін себептерді жою аясында әрі қарай шаралар енгізу.
3-мақсат - Салық заңнамасын оңайлату.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етіледі.
Салықтарды есептеуді оңайлату.
Салық есептілігі нысандарын оңайлату.
Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.
1-мақсат - қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру.
Ақпараттық-үгіттеу кеңістігін құру: пресс-конференциялар, брифингтер, кездесулер, теле-радиохабарлар, бейнероликтер; салық міндеттемелерінің тууы және орындау туралы түсіндіру ақпаратын құрайтын газет, журнал, брошюралар, буклеттер, жаднамалар, күнтізбелер шығару.
Салық органының әкімшілік процесстерінің ашықтылығын қамтамасыз ету және салық төлеушілерді оның қызметтері, толтырылатын құжат нысандары үлгілері, құжаттарды электронды түрде толтыру және тапсыру, құжаттар айналымы реттілігі, шешімдерді даулау және шағымдану тәртібі туралы ақпараттандыру.
Арнай салықтық пресс-қызметтер құру.
Салық салу аясындағы нормативтік-құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді дайындау кезінде бизнес-құрылымдар мен кәсіби салық кеңесшілерін «кері байланыс» қағидасы бойынша тарту.
2-мақсат- Көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру.
Осы мақсат мынадай міндеттерді шешу арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу.
Электрондық салық қызметтері санын арттыру.
Қазіргі кезгі салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және дамыту.
Тиімділігі жоғары салық қызметін құру.
Мақсаты - Салық қызметі органдарында басқару жүйесін жетілдіру.
Даму стратегиясын жүзеге асырудағы жетістік көп жағдайда басқару жүйесінің тиімділігі мен оның салық органы алдында тұрған міндеттерді шешудегі мақсаттылығымен анықталады.
Бизнесс-процесстерді реттеу, оңтайландыру және реинжинирингтеу.
Салық органдарында Теңгерілген көрсеткіштер жүйесін (ТКЖ) енгізу.
Тәуекелдерді басқару процесін енгізу.
Нәтижеге көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған ынталандыру қағидаларын енгізу.
Кадрлық тағайындаулар және ауыстырулар, сонымен қатар салық органдарына жұмысқа қабылдау кезінде карьералық өсу, ашықтық, объективтік қағидаларын енгізу.
Жоспарлау нәтижелеріне негізделген икемді, мақсатты қаржы және материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету.
Қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, ТМД және алыс шет ел мемлекеттерінің салық қызметтерімен, сондай-ақ аумақтық салық органдары қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу.
Салық қызметі органдарының болашақ кадрларын дайындау бөлігінде ҚР ЖОО-мен өзара әрекет ету.